ЖҮНБАЛАҚ: жүнбалақ қосаяқтар з а т . з о о л . Шөл және шөлейт жерлерде мекендейтін ұзын құйрық, тік құлақты кеміргіштер тобының өкілі. ЖҮНДЕ= е т . 1.Түйенің жүнін жұлу.2. а у ы с . Іреп сою, жанын шығару; тас-талқан етy. ЖҮНДЕЙ с ы н . Жүн сияқты, жүн тәрізді. Жүндей түтті [сабады].Әбден сабады, талады; қор етті. ЖҮНДЕС с ы н . Жүн басқан, жұмсақ.Жүндес мүйізтұмсық. з о о л . <лат. сoelodonta antiquitatis> Мүйізтұмсық тұқымдасына жататын, жойылып кеткен сүтқоректі жануар. ЖҮНДЕТ=е т . Жүнін жұлғызу. ЖҮНДЕУ Жүнде етістігінің қимыл атауы.1.Түйенің жүнін жұлу.2. а у ы с . Басыну, қорлау. ЖҮНДІ с ы н . Жүні бар, жүні өсіңкі, жүні қалың, қылшықты. ЖҮНДІЛЕУс ы н . Жүні өсіңкілеу, жүні қалыңдау. ЖҮНДІҚАРА з а т . б о т . <лат. аsparagus neglectus> Лалагүл тұқымдасы, қасқыржем туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. ЖҮН-ЖАБАҒЫ з а т .Түрлі жүн, жабағы. ЖҮНЖУЖүнжі етістігінің қимыл атауы. ЖҮН-ЖҰРҚА з а т . Тері-терсек, жүн т.б. ЖҮН-ЖҰРҚАН з а т . ж е р г . Жүн-жұрқа. ЖҮН-ЖҮН с ы н . Жүн басқан, жүн қаптаған. Жүн-жүн болды.Тас-талқан болды, түте-түтесі шықты.Жүн-жүн қылды.Тас-талқан етті, түте-түтесін шығарды.Жүн-жүнін шығарды.Дал-дұл етті. ЖҮНЖІ= е т . Азып-тозу, жүдеу, еңсесі түсу, берекесі кету. ЖҮНЖІТ= е т . Аздырып-тоздыру, еңсесін түсіру. ЖҮНСІЗ с ы н . Жүні жоқ, тықыр. ЖҮНШЕ ү с т . Жүн сияқты, жүнге ұқсап.Жүнше түтті.Түте-түтесін шығарды, тас-талқан етті. ЖҮНІП з а т . д і н и . Жыныстық қатынас және ихтилам (поллюция, ұйқыда жүніп болу) арқылы немесе басқа да жолмен мәни (сперма) бөлініп сыртқа шыққандағы ғұсыл алуды қажет ететін жағдай.