ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҮЙЕЛЕС с ы н . Жүйесі бір, бір сарындас. ЖҮЙЕЛЕУ



бет27/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖҮЙЕЛЕС с ы н . Жүйесі бір, бір сарындас.
ЖҮЙЕЛЕУ Жүйеле етістігінің қимыл атауы.
ЖҮЙЕЛІ с ы н . Жүйесі бар, жүйеленген, сараланған, тәртіпке түскен.
Жүйелі атыс. ә с к . Артиллериядан белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын ату тәртібі. Жүйелі кітапхана. и н ф . а) Жүйелі каталогта тіркелген кітапхана, яғни мәліметтердің каталогтандырылған жиынтығы; ә) Операциялық жүйенің модульдері сақталатын кітапхана. Жүйелі қателер. т е х . Өлшеуіш аспаптардың (приборлардың) дұрыс қойылмауы, сыртқы ортаның әсерінен (жел, жауын, атмосферадағы жарық сәулесінің сынуы, т.б.) болатын қателер.
ЖҮЙЕЛІ-ЖҮЙЕСІЗ с ы н . Әрі жүйелі, әрі жүйесіз, аралас.
ЖҮЙЕЛІК с ы н . Жүйеге тән, жүйеге қатысты.
Жүйелік атау. и н ф . <ағыл. system name> a) Жүйенің атауы. ә) Стандарт ретінде пайдаланылатын есептеуіш жүйе (құрылғы, бағдарламалар) элементінің атауы. Жүйелік атырап. и н ф . <ағыл. system area> Файлдармен жұмыс кезінде операциялық жүйе пайдаланатын магниттік дискінің бас жағында орналасқан аймақ. Жүйелік бағдарлама. и н ф . <ағыл.system program> Операциялық жүйенің мүмкіндіктерін арттыратын және ақпараттық жұмыстардың қандай түрін болса да басқаратын бағдарлама. Жүйелік бағдарламалау. и н ф . <ағыл. system programming> Бағдарламалауды және компьютер пайдалануды едәуір жеңілдететін қызмет көрсеткіш бағдарламалар жүйесі; ортақ бағдарламалық жасақтаманы: операциялық жүйелерді, бағдарламалау жүйелерін, сондай-ақ ортақ міндет жүктелген қолданбалы бағдарлама дестелерін әзірлеу. Жүйелік бағдарламалық жасақтама. и н ф . <ағыл. system sof tware> Компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы бағдарламалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама. Жүйелік бағдарламашы. и н ф . <ағыл. systems programmer> Жүйелік бағдарламалық жасақтаманы әзірлеумен, пайдаланумен және сүйемелдеумен айналысатын бағдарламашы. Жүйелік блок. и н ф . <ағыл. system block> Дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жеделжад, дискілер және бақылаушылар) мен қоректендіру блогы орналасқан орын. Жүйелік дискет. и н ф . <ағыл. system disk> Операциялық жүйенің өзінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін файлдар (жүйелік файлдар) мен командалық процессор сақталатын иілгіш диск (дискет). Жүйелік енгізу бағдарламасы. и н ф . <ағыл. System input program> Магниттік таспадан, магниттік дискіден, жүйелік енгізу құрылғысынан келетін кірістік ақпаратты шығарып оқитын бағдарлама. Жүйелік жүктеуіш. и н ф . <ағыл. system loader> Бастапқы жүктеуіш бағдарламасы ұғымымен пара-пар. Жүйелік каталог. и н ф . <ағыл. system catalog> Операциялық жүйе қолдайтын мәліметтер жиынтықтарының орналасуы жайындағы ақпарат сақталатын каталог. Жүйелік команда. и н ф . Жүйенің қалып-күйін, жүмыс режімін немесе басқа да жүйелік қызметтерін өзгертетін команда. Жүйелік конфигурация байты. и н ф . <ағыл. System configuration byte> Ауыстырып-қосқыштар жинағы. Жүйелік қаріп. и н ф . <ағыл. System font> Экранға шығарылатын мәліметтерге (хабарларға) арналған жүйелік қаріп. Жүйелік қате. и н ф . <ағыл. system error> а) Операциялық жүйедегі немесе бағдарламалау жүйесіндегі қате. ә) Кейбір процесс кезінде онымен байланысты емес нысанға қатынаған кезде жүйеде туындайтын қате. Жүйелік қорап. и н ф . Компьютердің жүйелік (аналық) тақша, процессор, оперативті жады, тұрғылықты диск, алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі, CD және DVD диск жетектер, бейнесызбалық бейімдеуіш, дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш), желілік тақша, енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар), қоректендіру блогы сияқты негізгі тораптары. Жүйелік мәзір. и н ф . <ағыл. system menu> Windows жүйесінің стандартты терезелері арқылы орындалатын терезе көлемін өзгертіп, оны үлкейтіп-кішірейтетін негізгі іс-әрекеттердің немесе командалардың тізімі. Жүйелік мәліметтер базасы. и н ф . <ағыл. system date bases> SQL тілінде - SQL серверінің үш мәлімет базасын – тұтынушылардың мәліметтер базасымен SQL серверінің жұмысын басқаратын бас мәліметтер базасын, уақытша кестелерді сақтауға арналған temp.db уақытша кестесінің мәліметтер базасын және құрастыру үшін үлгі ретінде пайдаланушының жаңа мәліметтер базасын пайдаланатын модельдік мәліметтер базасы. Жүйелік меню батырмасы. и н ф . <ағыл.systembutton> Windows oртасының жүйелік мәзірді шақыруға арналған батырмасы. Жүйелік модальдық диалогтық терезе [жүйелік хабарлар терезесі]. и н ф . <ағыл. System model dialog box> Windows жүйесінде – белгілі бір іс-әрекеттерді қатар орындау барысында шығатын жүйелік хабардан тұратын диалогтық терезе. Жүйелік ресурстар. и н ф . <ағыл. System resources> Тапсырмаға бөлінетін есептеу жүйесі ресурстарының - құралдарының жиынтығы. Жүйелік талдау. и н ф . <ағыл. system analize> a) Жүйелік тәсілдің негізінде орындалатын нысандарды (бағдарламаларды, жүйелерді, құрылғыларды) талдау; жүйелік құралдармен атқарылатын талдау; саяси, экономикалық, ғылыми және техникалық сипаттағы күрделі мәселелер бойынша шешімдерді дайындауға және негіздеуге пайдаланылатын әдіснамалық құралдар жиынтығы. ә) б и о л . Жүйелеудің жалпы теориялық әдісі. б) х и м . Зерттелетін ерітіндідегі иондарды бөлудің және одан кейін анықтаудың белгілі реті сақталатын сапалық талдау. Жүйелік тапсырма. и н ф . <ағыл. system task> Тапсырманы басқару блогының көмегімен жүзеге асыратын операциялық жүйенің басқарушы бағдарламасының қызметі. Жүйелік тәсіл. и н ф . <ағыл. approach system> Нысанды негізінен жүйе ретінде қарастыратын ғылыми таным мен практиканың әдіснамалық бағыты. Жүйелік техника. и н ф . <ағыл. System engineering> Күрделі жүйелерді жобалау, даярлау, сынау, пайдалану мәселелерімен айналысатын ғылыми-техникалық бағыт. Жүйелік том. и н ф . <ағыл. system volume> Операциялық жүйе орналасқан, бірден қатынас құру томы. Жүйелік тіркеу файлы. и н ф . <ағыл. System recorder file> Мәшинелік жаңылысулар мен арналардағы қателер туралы мәліметтер жазылатын файл. Жүйелік уақыт. и н ф . <ағыл. system time> Операциялық жүйенің ішкі электрондық сағатындағы ағымдық уақыт мерзімін көрсететін шама. Жүйелік ұқсатқыш. и н ф . <ағыл. system simulator> Зерттелетін жүйенің жұмыс істеу алгоритмінің ұқсатқышы. Жүйелік файл. и н ф . <ағыл. system file> Операциялық жүйенің жұмыс істеуіне қажетті ақпарат сақталатын файл. Жүйелік хабар. и н ф . <ағыл. the system message> Операциялық жүйені басқаратын бағдарламаның хабары. Жүйелік хабарлар блогы. и н ф . <ағыл. system message block> Компьютерлердің бірыңғай жүйесінің операциялық жүйесінде – жүйелік хабарлары бар және олардың басылымның тізбегін анықтайтын кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет