ЖЫЛМЫҢДАУ Жылмыңда етістігінің қимыл атауы. ЖЫЛМЫҢ-ЖЫЛМЫҢ е л і к . Қайта-қайта жылмаңдаған қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз. Жылмың-жылмың етті.Жылмаңдады, жылмаң қақты. ЖЫЛМЫРАЙ= е т . с ө й л. Жылми. ЖЫЛМЫРЛЫҚ з а т . Пасық қулық, жылмысқы айлакерлік, жылпостық. ЖЫЛМЫРТ з а т . ж е р г . Ұн мен майды араластырып, қуырып істейтін тағам. ЖЫЛМЫСҚЫ с ы н . Шынайы емес, жалған; арам, жымысқы. ЖЫЛНАМА з а т . Халықтың, мемлекеттің, қаланың т.б. жылма-жыл жазылып отырылған тарихы, шежіресі; аса маңызды жазба деректер. ЖЫЛНАМАШЫ з а т . Жылнама жазатын адам, жылнамамен айналысатын кісі. ЖЫЛП е л і к . Жылмақай, тайғанақ заттың жылпылдап тұрмайтындығын бейнелейтін сөз. Жылп берді.Зып етті, жылпылдап тұрмады.Жылп етті.Жылпылдап тұрмады, зып ете түсті. ЖЫЛПАҢДА= е т . с ө й л . Жылпыңда. ЖЫЛП-ЖЫЛП е л і к . Жылмақай заттың қайта-қайта жылпылдап тұрмағанын бейнелейтін сөз. Жылп-жылп етті.Жылпылдап тұрмады, лыпылдады. ЖЫЛПОС с ы н. 1. Пысық, епті, ылпың-жылпың.2.Ширақ, ұшқыр, жүрдек. 3. а у ы с . Арам, қу, айлакер. // Қу, айлакер адам. ЖЫЛПОСТАН= е т . Пысықсу, ширақсу. ЖЫЛПОСТАУ с ы н . Пысықай, жылпыңырақ, ептірек. ЖЫЛПОСТЫҚ з а т . Пысықайлық, ылпың-жылпыңдық. ЖЫЛПЫҚ: жылпық сары.Шикіл сары. ЖЫЛПЫЛ з а т . Жылп-жылп етушілік, жылмаңдаушылық. ЖЫЛПЫЛДА= е т . 1.Жылп-жылп ету, тайғанақтап тұрмау.2. Жып-жып ету, лыпылдау. 3. а у ы с . Біреудің асты-үстіне түсіп жағымпаздану, жарамсақтану. ЖЫЛПЫЛДАҚ с ы н . Жылп-жылп еткен, жылпылдап түрған. // Жылпылдаған, жылп-жылп еткен мінез. // Біреудің асты-үстіне түсетін епті, қошеметшіл, жылпылдақ адам.