ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет59/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
ЖЫЛПЫЛДАҚТЫҚ з а т . Пысықтық, ұшқырлық.
ЖЫЛПЫЛДАТ= е т . Зуылдату, ар жағы шикі істі білдірмеу үшін көз алдау жасау, тездету.
ЖЫЛПЫЛДАТУ Жылпылдат етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛПЫҢ с ы н . 1. Пысық, шапшаң, жылпос. 2. Жүрісті, тез қимылдайтын, ылдым-жылдым. 3. а у ы с . ж а ғ ы м с ы з . Сыпсыңдаған, сумақайланған.
ЖЫЛПЫҢДА= е т . Жылп-жылп ету, пысықсу, жылпостану.
ЖЫЛПЫҢДАУ Жылпыңда етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛПЫҢДЫҚ з а т . Пысықтық, ширақтық.
ЖЫЛПЫҢ-ЖЫЛПЫҢ е л і к . Жылмаңдаған, жылп-жылп еткен қимыл-қозғалысты бейнелейтін сөз.
Жылпың-жылпың етті. Жылпыңдады, жылпостанды.
ЖЫЛПЫСЫН ү с т . ж е р г . Жылбысқа.
ЖЫЛТ1= е т . с ө й л . Жылыт.
ЖЫЛТ2 е л і к . Бірнәрсенің кенет жылтырап көрінуін бейнелейтін сөз.
Жылт етті. а) Жылтырады. ә) Оқыстан шыға келді, пайда болды. Жылт еткен. Көрінген, азғана, болмашы. Жылт етпе [жылт етер]. Бір көрме, жылт етіп жоқ болатын. Жылт қазы. э т н . Әр жерінен ағарып майы білінетін қазы.
ЖЫЛТ с ы н . ж е р г . Жылпос, жылпылдаған, қу, айлакер.
ЖЫЛТ-ЖЫЛТ е л і к . Қайта-қайта көрінген жарықты бейнелейтін сөз.
Жылт-жылт етті. Жалт-жұлт етті, жылтырады.
ЖЫЛТИ= е т . Кішкентай болып көріну, жылтырау.
ЖЫЛТИТ= е т . Қылтиту.
ЖЫЛТСЫЗ с ы н . ж е р г . Санасыз, сезімсіз, ұятсыз.
ЖЫЛТУ Жылт етістігінің қимыл атауы; жылыту.
ЖЫЛТЫҚАЙ с ы н . с ө й л. Жылмақай.
ЖЫЛТЫЛ з а т . Бір нәрсенің жылтылдаған көрінісі.
ЖЫЛТУ Жылт етістігінің қимыл атауы; жылыту.
ЖЫЛТЫҚАЙ с ы н . с ө й л . Жылмақай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет