ЖЫЛЫ= е т . 1. Күннің, оттың немесе дененің қызуымен жылы қалыпқа келу. 2. а у ы с . Мейірлену, көңілі түсу. ЖЫЛЫДАЙ ү с т . Жылы күйінде, суытпай. ЖЫЛЫЖАЙ з а т . Көкөніс, жеміс-жидек, гүл, көшеттер өсіретін әйнекпен немесе жарық өткізетін материалмен жабылған арнайы құрылыс. ЖЫЛЫ-ЖҰМСАҚ з а т . Мал мен аң етінің дәмді жері. ЖЫЛЫ-ЖҰМСАҚТАП ү с т . Жылы-жұмсақ еттерді қосып араластырып. ЖЫЛЫҚАНДЫ: жылықанды жануарлар. з о о л . Дене температурасы сыртқы орта температурасына тәуелсіз, үнемі тұрақты әрі жоғары болатын жануарлар. ЖЫЛЫЛА= е т . Жылы күйге келтіру, жылы қылу. ЖЫЛЫЛАН= е т . Жылы күйге келу. ЖЫЛЫЛАНУЖылылан етістігінің қимыл атауы. ЖЫЛЫЛАУ1 с ы н . Аздап жылы, жылырақ. ЖЫЛЫЛАУ2Жылыла етістігінің қимыл атауы. ЖЫЛЫЛЫҚ з а т . 1.Ауа мен дененің жылыған қалпы.2. а у ы с . Ізеттілік, ілтипат. 3. а у ы с . Мейірімділік, бауырмалдық. ЖЫЛЫМ1 з а т . 1. Өзен мен көлдің қыста қатпай жататын терең жері, иірім. 2. а у ы с . Қу, сұм, сұмырай; пасық (адам). Жылым құрт. б е й н . Білдірмей құртатын арам адам. ЖЫЛЫМ2 з а т . Үңгір аузының желке тұсынан аю демімен тесілген, қалың қарда жылы леп шығып жататын ойық. ЖЫЛЫМ3 з а т . к ә с . Теңізден балық аулау үшін қолданылатын ұзындығы 1000 метр, көлденеңі 500 метрдей ау. Жылым шашу. Жылым ауды жазысу, балыққа құру. ЖЫЛЫМДАПү с т . Аз-аздап, там-тұмдап. ЖЫЛЫМДАУ с ы н . Жылым сияқтанған, жылымға ұқсаған. ЖЫЛЫМСУ Жылымсы етістігінің қимыл атауы. ЖЫЛЫМСЫ= е т . Сұрқиялану, жылмию.