ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет64/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
ЖЫЛЫ с ы н . 1. Ыстықпен салқын күйдің аралық қалпы. 2. Денені суықтан қорғайтын, суық өткізбейтін. 3. а у ы с . Мейірімді, ақпейілді, ілтипатты. 4. а у ы с . Жақсылық, рақат.
Жылы ағыс. п о э т . Жылы жел. Жылы амандасты. Іш тартып, жақын көріп, шын пейілмен амандасты. Жылы жақ. Көктемде келген құстардың келген мекеніне ұшып баратын жағы. Жылы жауап. Өзінің көңілінен шығатын, көңіліне жағатын жауап. Жылы жауып қойды. Қолға алмады, сол күйінде қалдырды. Жылы жел. Баяу, жанға жайлы жел. Жылы жер. Жайма-шуақ жағдай, соғыссыз, ұрыссыз мекен. Жылы жүз [ажар, кескін]. Кішіпейіл, мейірбан. Жылы жүзді [өңді]. Жайдары, мінезі жайлы. Жылы жүрек. Мейірімді, қайырымды жүрек. Жылы киім. Салқын күндері тоңдырмайтын тоқыма, мақта, жүннен тігілген киімдер. Жылы көңіл. Ілтипатты сезімге толы көңіл, жұмсақ, елжіреген көңіл. Жылы көрді. Жақын тартты, өте жақын көрді. Жылы қабақ [рай, шырай] білдірді [көрсетті]. Жылы шырай берді, жадырап, жақсы қарсы алды. Жылы қанға тұмсығын тықты. Пайдалы, олжасы мол жерді тапты. Жылы қарады. Жақсы көңілмен қарады. Жылы қарсы алды. Құшақ жая қарсы алды. Жылы [ыстық] құшақ. Жақсы көретін адамға көрсетілетін құрмет, ізет. Жылы қоныс. Үйренген жер, ата қоныс. Жылы лебіз. Жақсы сөз; жағымды пікір. Жылы мекен. Өз жері, туған жер. Жылы орнынан қозғады [қозғалтты]. Тұрақты, жайлы мекенінен көшірді. Жылы орнын суытты [тастады]. Үйреніп қалған жерінен кетті; қоныс ауыстырды. Жылы орын. а) Салулы төсек. ә) Үйреніп қалған жер. Жылы рай [шырай, өң]. Ілтипатты көңіл, адал пейіл. Жылы сезім. Жылы шырай, жақындық. Жылы сөз. а) Қиналған кезде жанына демеу болатын, жүрегіне жағатын ұнамды сөз, қамқорлыққа, түсінушілікке толы сөз. ә) Жанға жайлы, жағымды пікір. Жылы сөйлесті. Ішіне кіре сөйлесті, жағымды тіл қатты. Жылы су. т е р м . Температурасы Зайцев (1961) бойынша 20-37° С, Ланге (1939) бойынша 20-40° С болатын табиғи су. Жылы тап. Сағыныш. Жылы тартты. а) Жақын көрді, іш тартты. ә) Көзге жылы ұшырады. Жылы тиді. a) Жағымды леп сезінді. ә) Ұнады, жанға жақты. Жылы ұшырады. а) Ыстық көрінді, көзге оттай басылды. ә) Іш тартып, жақын тұтты. Жылы ұя. п о э т . Үй іші, отбасы. Жылы хабар. Жақсы сөз, жағымды хабар. Жылы шырай берді. Жылы жүз, жайдары келбет көрсетті. Жылы ізін суытпады. Үздіксіз қарым-қатынаста болды, арасын үзбеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет