ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖЫЛЫНУ Жылын етістігінің қимыл атауы. 1



бет67/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫЛЫНУ Жылын етістігінің қимыл атауы. 1. Күннің жылынуы. 2. Күнге, отқа қыздырынып, бойды жылыту.
ЖЫЛЫНЫҢҚЫРА= е т . Жыли бастаңқырау.
ЖЫЛЫНЫҢҚЫРАУ Жылыныңқыра етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛЫРАҚ с ы н . Аздап жылы, жылылау.
ЖЫЛЫС з а т . к ө н е . Босқын, шұбырынды.
ЖЫЛЫС= е т . 1. Ақырын жылжу, сыбдырсыз қозғалу, сырғу. 2. Білдірмей тайып отыру, көрінбей қашып кету. 3. а у ы с . Басын алып қашу. 4. а у ы с . Көзді ашып-жұмғанша өте шығу.
ЖЫЛЫСҚЫ с ы н . Кемері құлаған, мүжілген (өзен аңғары).
ЖЫЛЫСТА= е т . 1. Ақырындап, баяу қозғалу; сездірмей шығып кету. 2. Бір жерден екінші жерге көшу, жер ауу. 3. а у ы с . Уақыттың, мезгілдің байқалмай өте шығуы. 4. а у ы с . Соңынан еру, қыр соңынан қалмау. 5. а у ы с . Бойын аулақ салу, қашқақтау.
ЖЫЛЫСТАҢҚЫРА= е т . Байқатпай жылыстау, сырғақтау.
ЖЫЛЫСТАҢҚЫРАУ Жылыстаңқыра етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛЫСТАТ= е т . Қуғындау, қашыру.
ЖЫЛЫСТАТУ Жылыстат етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛЫСТАУ Жылыста етістігінің қимыл атауы; ақырын жылжу, жақын отыру. // а у ы с . Жасырыну, бой тасалау, жоғалу.
ЖЫЛЫСТЫР= е т . 1. Ақырын қозғалту. 2. а у ы с . Орнынан ығыстыру, сырғыту, ысыру. 3. а у ы с . Қуғындау, жер аудару.
ЖЫЛЫСТЫРУ Жылыстыр етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛЫСУ Жылыс етістігінің қимыл атауы. 1. Білдірмей қозғалу, жүру. 2. л и н г в . Бір бунаққа енген сөздердің аралығында қатар келген дыбыстардың бір буыннан екінші буынға ауысып кетуі.
ЖЫЛЫСЫҢҚЫРА= е т . Жылыстаңқырау, сырғыңқырау.
ЖЫЛЫСЫҢҚЫРАУ Жылысыңқыра етістігінің қимыл атауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет