ЖҮЙЕ2 з а т . Жүйке, нерв. Жүйесі босады.Егіліп, елжіреді, мейірі түсті, алпыс екі тамыры иіді. Жүйе босатар. э т н . Көңілін аулау, көңілін жібіту мақсатымен берілетін кәделі сыйлық. ЖҮЙЕ-ЖҮЙЕ с ы н . Сала-сала, тарау-тарау. Жүйе-жүйесі босады.Егілді, елжіреді, мейірленді. ЖҮЙЕ-ЖІК з а т . Бір нәрсенің реті, жөні, тәртібі. ЖҮЙЕК з а т . 1.Егістіктегі су ағатындай етіп жасалған арықшалардың екі жағы, топырақ жоталары, арықшалар; егістіктің қатар жолы.2. с у ш а р . Жүйектеп егілетін егін арасымен су тасымалдап суару үшін жүргізілетін арықша, отамалы дақылдарды суаруға арналған көп тараған тәсіл. Жүйек басы жабдықталды. с у ш а р . Жүйекке су беретін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.Жүйек басын жабдықтау. с у ш а р . Жүйекке су беретін құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. ЖҮЙЕКСІЗ с ы н . Арықша тартылмаған, жүйек салынбаған, жүйегі жоқ. ЖҮЙЕКТЕ= е т . Арықша жүргізу, жүйек салу. ЖҮЙЕКТЕГІШ з а т . т е х . Жүйек қазғыш құрал. ЖҮЙЕКТЕУз а т . с у ш а р . Жыртылған жер бетінен жауын-шашынның суларын басқа жаққа бұрып әкету үшін топырақ бетіне тереңдігі 15-25 см атыздар жасалатын агромелиорациялық тәсіл. ЖҮЙЕКТЕУ Жүйекте етістігінің қимыл атауы; арықшалар жүргізу. ЖҮЙЕКТІ с ы н . Жүйек жүргізілген, жүйегі бар. ЖҮЙЕ ҚҰРАУШЫ с ы н . Басын біріктіретін, жүйеге түсіретін. ЖҮЙЕЛЕ= е т . Жүйеге түсіру, реттеу, тәртіпке салу. ЖҮЙЕЛЕМЕ з а т . Жүйе, топтама, талданым. ЖҮЙЕЛЕН= е т . Жүйеге түсірілу, ретке, тәртіпке келтірілу. ЖҮЙЕЛЕНУЖүйелен етістігінің қимыл атауы. ЖҮЙЕЛЕНІМ з а т . б и о л . Биологияның Жер бетінде тіршілік ететін барлық ағзалардың және бұрын тіршілік еткен ағзалардың қазба қалдықтарының туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін саласы.