ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет26/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
ЖҮЙЕ2 з а т . Жүйке, нерв.
Жүйесі босады. Егіліп, елжіреді, мейірі түсті, алпыс екі тамыры иіді. Жүйе босатар. э т н . Көңілін аулау, көңілін жібіту мақсатымен берілетін кәделі сыйлық.
ЖҮЙЕ-ЖҮЙЕ с ы н . Сала-сала, тарау-тарау.
Жүйе-жүйесі босады. Егілді, елжіреді, мейірленді.
ЖҮЙЕ-ЖІК з а т . Бір нәрсенің реті, жөні, тәртібі.
ЖҮЙЕК з а т . 1. Егістіктегі су ағатындай етіп жасалған арықшалардың екі жағы, топырақ жоталары, арықшалар; егістіктің қатар жолы. 2. с у ш а р . Жүйектеп егілетін егін арасымен су тасымалдап суару үшін жүргізілетін арықша, отамалы дақылдарды суаруға арналған көп тараған тәсіл.
Жүйек басы жабдықталды. с у ш а р . Жүйекке су беретін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жүйек басын жабдықтау. с у ш а р . Жүйекке су беретін құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
ЖҮЙЕКСІЗ с ы н . Арықша тартылмаған, жүйек салынбаған, жүйегі жоқ.
ЖҮЙЕКТЕ= е т . Арықша жүргізу, жүйек салу.
ЖҮЙЕКТЕГІШ з а т . т е х . Жүйек қазғыш құрал.
ЖҮЙЕКТЕУ з а т . с у ш а р . Жыртылған жер бетінен жауын-шашынның суларын басқа жаққа бұрып әкету үшін топырақ бетіне тереңдігі 15-25 см атыздар жасалатын агромелиорациялық тәсіл.
ЖҮЙЕКТЕУ Жүйекте етістігінің қимыл атауы; арықшалар жүргізу.
ЖҮЙЕКТІ с ы н . Жүйек жүргізілген, жүйегі бар.
ЖҮЙЕ ҚҰРАУШЫ с ы н . Басын біріктіретін, жүйеге түсіретін.
ЖҮЙЕЛЕ= е т . Жүйеге түсіру, реттеу, тәртіпке салу.
ЖҮЙЕЛЕМЕ з а т . Жүйе, топтама, талданым.
ЖҮЙЕЛЕН= е т . Жүйеге түсірілу, ретке, тәртіпке келтірілу.
ЖҮЙЕЛЕНУ Жүйелен етістігінің қимыл атауы.
ЖҮЙЕЛЕНІМ з а т . б и о л . Биологияның Жер бетінде тіршілік ететін барлық ағзалардың және бұрын тіршілік еткен ағзалардың қазба қалдықтарының туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет