ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҮЙЕЛІЛІК з а т . Жүйесі барлық, жүйеге түскендік, жүйесі болушылық. ЖҮЙЕМЕЛЕТЕ



бет28/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖҮЙЕЛІЛІК з а т . Жүйесі барлық, жүйеге түскендік, жүйесі болушылық.
ЖҮЙЕМЕЛЕТЕ ү с т . Бірінен кейін бірін, бірінің артынан екіншісін, үсті-үстіне.
ЖҮЙЕСІЗ с ы н . Жүйеге түспеген, жүйесі жоқ, ретсіз.
ЖҮЙЕТЕХНИКА з а т . и н ф . Күрделі жүйелерді жобалау, жасау, сынау және жұмыс істету мәселелерімен шұғылданатын ғылыми-техникалық бағыт.
ЖҮЙКЕ з а т . м е д . <лат. nervus> Нерв; жүйке талшықтарынан құралған жүйкелік тіндердің шоғырлары.
Жүйке жасушалары. б и о л . Жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі. Жүйке жүйесі. а н а т . Адам мен жануарлар ағзасындағы мүшелер мен жүйелер әрекетін біріктіретін және олардың сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке тіні және олардың жиынтығы. Жүйке жүйесі аурулары. п е д . Психиканың бұзылу салдарынан болатын аурулар; ағзадағы әртүрлі жүйкелердің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы. Жүйке жүйесінің күші. п е д . Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің бірі, ми қабығы жасушаларының жұмыс қабілетінің шегін, яғни олардың тежеулі күйге (тежелуге) өтпей не өте күшті, не ұзақ әсер ететін (күші болмаса да) қозуға төзе алатын қабілеті. Жүйкені босатты. Көңілін босатты, жабырқатты, мұңайтты. Жүйкені жеді. Діңкесін құртты, жанын жеді, шаршатты. Жүйкені кесті. Мысын құртты, діңкелетті, әбден шаршатты. Жүйке өрімдері. б и о л . <лат. plexus nervorum> Шеткі жүйке жүйесіндегі жүйкелердің тармақтарынан немесе нейроциттерден түзілген құрылымдар. Жүйкесі босады. Көңілі босады, көңілі бұзылды, жылағысы келді. Жүйкесі жұқа. Жүйкесі тозған, ашушаң. Жүйкесі жұқарды. Жүйкесі тозды, ашуланшақ болды, шаршап-шалдықты. Жүйкесі құрыды. Шаршап-шалдықты, діңкесі құрыды. Жүйкесін тоздырды. Жүйкесіне тиді, шаршатты, діңкелетті. Жүйкесі тозды. Шаршады, діңкеледі. Жүйке талшығы. б и о л . <лат. neurofibra, грек. neuron - жүйке, лат. fibra - талшық> Нейрология жасушаларымен (олигодендрология жасушалары) қапталған нейроцит өсіндісі - біліктік (ось) цилиндр. Жүйке түтігі. б и о л . Эмбриондық біріншілік эктодермадан туындап, ұрық ағзасында қалыптасатын пішіні түтік тәрізді біліктік мүше. Жүйке ұштары. б и о л . <лат. terminationes nervorum, лат. terminatio - ұшы, грек. neuron - жүйке> Жүйке талшықтарының соңғы ұштары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет