ЖҮЙЕ1 з а т . 1.Сала, тарау, желі.2.Жөн, рет, тәртіп. 3. т е р м . <грек. systema> Бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.4.Қандай да бір білімдердің (ұғымдардың, болжамдардың, аксиомалардың, ережелердің, теориялардың, ғылым-білімдердің) шеңбері негізінде жататын принциптер жиынтығы.5.Қандай да бір нысандардың әрекеттеріндегі, орналасуындағы немесе байланысындағы анықталған тәртіп.6.Әлденені ұйымдастыру формасы.7.Құрылымның, құрылғының типі. Жүйе архитектурасы. и н ф . <ағыл. system architecture> Жүйенің пайдаланушымен және сол жүйенің ішкі құрауыштарымен (құраушыларымен) өзара байланысу ерекшеліктері.Жүйе әкімшісі. и н ф . <ағыл. system administrator> Жүйені пайдалануға және оны жұмыс істейтін күйінде сақтауға жауап беретін адам.Жүйе бейнесі. и н ф . <ағыл. system image> Келесіде жүктеу мен іске қосу үшін сыртқы жадта сақталған, орындалатын тапсырмалары және жүктелген операциялық жүйесі бар компьютердің жедел жадының қалып-күйі.Жүйеге салу.Тәртіпке келтіру, реттеу.Жүйеге салыну.Реттелу, тәртіпке келтіру.Жүйеден тыс бірліктер. ф и з . Шамалардың қазіргі бар бірліктер жүйесінің ешқайсысына енбейтін бірліктері.Жүйеден шығу. и н ф . Жүйені тұтынушының (пайдаланушының) жұмыс істеу ретінің аяқталуы.Жүйеде тіркелу процесі. и н ф . <ағыл. logon process> Пайдаланушылардың жүйеде тіркелу әрекеттерін өңдеу процесі.Жүйе икемділігі. и н ф . <ағыл. system flexibility> Жүйені модификациялау, кеңейту және оған жаңа сапа беру мүмкіндігінен тұратын жүйенің қасиеті.Жүйені баптау. и н ф . <ағыл. System tuning> Жүйенің қызметтік сипаттамаларын анықтау, жақсарту мақсатымен оны қолдану параметрлерін өзгерте отырып, оны жаңа жұмыс жағдайына бейімдеу.Жүйені жабу. и н ф . <ағыл. shutdown> Нақты уақыт жүйесі жұмысының тоқталуы.Жүйені жалпы босату. и н ф . <ағыл.system reset> Мультипроцессорлық жүйеде орталық процессорды тазалай отырып босату.Жүйені жобалау метрикасы. и н ф . Жүйенің көңіл-күйі өзгерістерінің фазалық жолын анықтайтын және оған пара-пар геометриялық кеңістікте жүйені сипаттауға пайдаланылатын түрлендірулер тобы.Жүйені жүзеге асыру. и н ф . <ағыл. system implementation> Жүйе жобасын жұмыс істеуге қабілетті бұйым түрінде іске асыру. Жүйені жүктеу. и н ф . <ағыл. system loading> Жүйе модульдерін компьютердің сыртқы жадынан (дискідан) негізгі жедел жадқа жазу.Жүйені кеңейту. и н ф . <ағыл. system extension> Жүйенің мүмкіндігін кеңейту мақсатымен оған жаңа модульдер мен құрауыштар үстемелеу.Жүйені қорғау. и н ф . <ағыл. system security> Бағдарламалар мен жүйе мәліметтеріне рұқсатсыз қатынас құруды болдырмауға немесе жүйе жұмысына араласпауға күні бұрын жасалған шаралар жиынтығы.Жүйені молықтыру. и н ф . <ағыл. system saturation> Барлық түскен сұратуларға жеткілікті мөлшерде тез жауап бере алмайтын жүйенің қалып-күйі.Жүйенің артықтығы. и н ф . <ағыл. system redundancy> Жүйенің сенімділігін және қорғанышын арттыратын, бірақ оған жүктелген мәселелерді шешуге қажет емес қосымша құралдар (элементтер, троптар, блоктар, бағдарламалар, мәліметтер). Жүйенің атауын тағайындау. и н ф . <ағыл. system initialization> Операциялық немесе басқа жүйелерді іске қосу кезінде алдын ала орындалатын әрекет.Жүйенің даярлығы. и н ф . <ағыл. system availability> Жұмыс қалып-күйіндегі жүйенің өз функцияларын орындау қабілетінің өлшемі. Жүйенің есептеу ресурсы. и н ф . <ағыл. computer resurs system> Белгілі бір уақыт аралығы ішінде мәліметтерді өңдеу процесіне бөлінетін есептеу жүйелерінің құралы.Жүйенің жеделдігі. и н ф . <ағыл. system оperativeness> Берілген мерзімде немесе пайдаланушының жұмыс қарқынында мәліметтерді өңдеу мүмкіндігін бейнелейтін жүйе қасиеті.Жүйенің осалдығы. и н ф . <ағыл. criticality of system> Жүйенің қауіп төнген кезде қорғанысының бұзылуына себепші болатын қасиеті.Жүйенің тиімді режімі. и н ф . <ағыл. system production mode> Бағдарламаны жөндеу мен тестілеу құралдары ажыратылған операциялық жүйенің жұмыс режімі.Жүйені тексеріп шығу. и н ф . Қорғау құралдарының жүйесінде қарастырылған рұқсатсыз қатынас құруға салынған тыйымды ескерместен пайдаланушының мәлімет алу әрекеті. Жүйе сипаттамасы. и н ф . <ағыл. system specification> Жүйенің өнімділігін, шапшаң әрекетін, бір мезгілде қызмет ететін пайдаланушылар санын, бағасын және т.б. мүмкіндіктерін анықтайтын параметрлердің жиынтығы. Жүйесін тапты.Реті келді, жөні келді.