ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҮЛГЕЛЕС с ы н . Қатар жатқан, салалас. ЖҮЛГЕЛЕУ



бет33/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
ЖҮЛГЕЛЕС с ы н . Қатар жатқан, салалас.
ЖҮЛГЕЛЕУ Жүлгеле етістігінің қимыл атауы.
ЖҮЛГЕЛІ с ы н . Жүлгесі бар, жүлгесі көп.
ЖҮЛГЕЛІ с ы н . Жүлгесі бар, жүлгесі көп.
ЖҮЛГЕ-ТАМЫР з а т . Жүйке-жүйке, қан тамыры.
ЖҮЛДЕ з а т . <франц. prix> Бәйге, сыйлық. Жүлде алды. Топтан озып, бәйге алды. Жүлде бермеді. Дес бермеді, алдына жан салмады.
ЖҮЛДЕГЕР з а т . Жарыста озып шығып, жүлделі орынға ие болған адам.
ЖҮЛДЕГЕРЛІК з а т . Жүлделі орынға ие болушылық.
ЖҮЛДЕЛІ с ы н . Жүлдесі бар, жүлде берілетін (орын).
Жүлделі орынға ие болды. Жеңді, басым түсті, жүлдегер болды. Жүлделі орынды жеңіп алды. Жеңіп шықты, жеңіске жетті, жүлдеге ие болды.
ЖҮЛДЕСІЗ с ы н . Сыйлықсыз, бәйгесіз, жүлде берілмей.
ЖҮЛКЕУІР з а т . б о т . Шөптің бір түрі.
ЖҮЛІК [ор.жулик] з а т . с ө й л . Ұры, алаяқ.
ЖҮМЛӘ [ар. ] е с . Барлық, барша, күллі.
ЖҮМЛЕ е с . с ө й л . Жүмлә. // Барша халық, жамағат.
ЖҮН з а т . 1. Жан-жануарлардың терісінің сыртын жауып тұратын түк, қылшық. 2. Жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылатын қой, түйе жүні.
Жүн бешпент. э т н . Астарына жүн салып тігілген сырт киім түрі. Жүн боп кетті. Бейшара болды, ұнжырғасы түсті, азып-тозды. Жүн жеп, жабағы тышты [саңғыды]. қ а р а п . a) Настанды. ә) Иығы түсті, жүдеп-жадап кетті. Жүн жеп кетті. Азып-тозды, жүнжіді. Жүн қылды. а) Еңсесін түсірді, жүнжітті. ә) Жаныштады, қинады, азаптады. Жүн мата. Бірыңғай жүннен немесе басқа талшықтар қосылып аралас тоқылған мата. Жүн өңдеу. Жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан тазартып жуу, жүн дайындау стандартына сәйкес сұрыптау, бояп өңдеу, иіріп жіп алу немесе одан әртүрлі бұйымдар дайындау. Жүн сабау. э т н . Жүнді шаң-тозаңнан тазарту, ұйысқанын жазу үшін тулақ үстіне салып, шыбықпен сабау. Жүн төкті. Жүні түледі, жетілді. Жүн шұлық. Малдың жүнін иіріп, тоқыған шұлық. Жүні жапырылып қалды. Жабықты, жүні жығылды. Жүні жығылды. Сағы сынды, тауы шағылды. Жүнін жидіткен тауықтай. Әбден сиқы кеткен, тозған. Жүнін жұлған тауықтай. Дымы қалмаған, быт-шыты шыққан. Жүнін жұлған тырнадай. Тыртиған, сиқы кеткен, берекесі қашқан. Жүнін сыртқа қампитты. э к с п р . Паңданды, қоқан-лоқы жасап, қыр көрсетті; дұшпан көзі қылды. Жүнін үрпитті. Берекесін кетірді, мазалады. Жүні түледі. Өлі жүні түсті, жетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет