ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҮКСАЛҒЫШ з ат . т е х . Жеңіл мәшиненің жүк салуға арналған бөлігі. ЖҮКСІЗ



бет31/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
ЖҮКСАЛҒЫШ з ат . т е х . Жеңіл мәшиненің жүк салуға арналған бөлігі.
ЖҮКСІЗ с ы н . Жүгі жоқ, бос.
ЖҮКТЕ= е т . 1. Жүк арту, тиеу. 2. а у ы с . Міндеттеу, тапсыру.
Жүктейтін модуль. и н ф . Байланыс түзету кезінде біркелкі (операциялық жүйеде қабылданған) пішімде алынған салыстырмалық мекенжайларда берілетін бағдарламалық модуль. Жүктейтін модульдердің кітапханасы. и н ф . <ағыл. load module library> Компьютерлердің бірыңғай жүйесіне - жүктелетін модульдерді сақтауға арналған кітапхана. Жүктейтін сектор. и н ф . Бірінші сектордың нөлінші бетіндегі нөлінші сызық жолы.
ЖҮКТЕЙ с ы н . Жүк сияқты, жүк тәрізді.
ЖҮКТЕЛ= е т . 1. Жүк арттырылу, тиелу. 2. а у ы с . Міндеттелу, тапсырылу.
Жүктелетін қаріп. и н ф . <ағыл. loadable font> Баспа құрылысының немесе дисплейдің таңба генераторының жадына бағдарламамен жүктелетін бедер-белгілер кескіні (әдетте, растр матрицалары түрінде)
ЖҮКТЕЛУ Жүктел етістігінің қимыл атауы; міндеттелу, тапсырылу.
ЖҮКТЕМЕ з а т . 1. Тапсырма, міндеттеме. 2. Еңбекақы мөлшеріндегі сағат (жұмыс). 3. т е х . Қажетті бөлшек. 4. и н ф . <ағыл. load> Жүйенің жұмыспен жүктелу сипаттамасы.
Жүктеме коэффициенті. и н ф . <ағыл. load factor> Желідегі ең үлкен жүктеменің белгілі бір уақыт аралығында графиканың орташа жүктемесіне қатынасы. Жүктемелерді үлестіру. и н ф . <ағыл. load sharing> Оңтайлы жүктеудің белгісі бойынша есептеу желісі бөлімдерінің арасында олардың әрқайсысына жалпы жүктемелерді үлестіру.
ЖҮКТЕМЕСІЗ с ы н . Жүктеме алмаған, жүктемесі жоқ.
ЖҮКТЕМЕЛІК с ы н . Жүктемеге тән, жүктемеге қатысты.
Жүктемелік модуль. и н ф . <ағыл. load module> Берілген операциялық жүйеде бірыңғай қабылданған пішімдегі байланыстарды редакциялау кезінде объектілік модульден алынған салыстырмалы мекенжайлардағы бағдарламалық модуль. Жүктемелік сынау. и н ф . <ағыл. volume tests> Есептеуіш жүйенің қабілетін тексеру; нақты уақыт режімінде терминалдар орындайтын алмасу санының нақты күтілген максимумға жететінін немесе одан асатынын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет