Жүгі жеңіл.Қолы бос, басы артық жұмыс жүктелмеген.Жүк арба.Жүк тиейтін арба.Жүк артқан көк есектей болды.Әбден титықтады, қиналды. Жүк [иығына, мойынға, жүрекке] артты.Талап қойды, міндет жүктеді.Жүк ауырын нар көтереді.Күшті, ерік-жігері мықты, сабырлы адамға қайғыны да, ауыртпашылықты да көтере аласың деп дем беріп, қаралы адамға жұбату, көңіл айту мақсатында айтылатын сөз. Жүк басты болды.Жүк азабын көп тартты, жүктен әбден қажыды. Жүк жинасты.Төсек-орын, үй ішін жинауға кірісті, көмектесті.Жүк жөнелту. т е х . Тиелген вагондарды жүк тиеу пункттерінен жинастырып пойызға тіркеу, олардың құжаттарын кондукторға өткізу т.б. тәрізді операциялар жүргізу.Жүк жылқысы.Жүк тасымалдау үшін будандастыру арқылы арнайы өсірілген жылқы.Жүк [тасымалдайтын] кемесі.Өзендер мен көлдерде, теңіздерде, мұхитта бір жерден екінші жерге түрлі жүктерді жеткізетін су көлігі.Жүк көлігі.Зат тасу үшін пайдаланатын шаруашылық малы (түйе, ат, өгіз). Жүк көрмеді.Елемеді, мән бермеді.Жүк мәшинесі.Әртүрлі жүктер тиейтін, таситын борты бар мәшине.Жүк тасқынының әркелкілік коэффициенті.ф и з . Жүк тасқыны шамасының ауытқуын сипаттайтын сандық көрсеткіш.Жүк тасқынының біркелкі болмау коэффициенті. ф и з . Жүк тасқыны шамасының тұрақсыздығын сипаттайтын сандық көрсеткіш. ЖҮКАҒАШз а т . э т н . с ө й л . Жүкаяқ. ЖҮКАЙНАЛЫМ з а т . э к о н . Көлік жұмысының негізгі көрсеткіші, көлікпен тасылатын пайдалы қазылымның немесе таужыныстың көлемі. ЖҮКАЯҚз а т . э т н . Жүк астына қоятын, ағаштан жасалған төрт аяқты бұйым. ЖҮККӨТЕРГІШТІК з а т . т е х . Көлік құралының белгілі бір жағдайда бір амалда көтере алатын, орнын ауыстыра не таси алатын қабілетін сипаттайтын өлшем. ЖҮКҚАП з а т . Матадан істелген шағын қап. ЖҮКҚҰЖАТ з а т . э к о н . Бухгалтерлік есеп құжаты.