ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҮКТЕН= е т . Алу, қабылдау. ЖҮКТЕНУ



бет32/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖҮКТЕН= е т . Алу, қабылдау.
ЖҮКТЕНУ Жүктен етістігінің қимыл атауы.
ЖҮКТЕТ= е т . 1. Тиету, арттыру. 2. а у ы с . Міндеттеу, арту.
ЖҮКТЕТУ Жүктет етістігінің қимыл атауы.
ЖҮКТЕУ Жүкте етістігінің қимыл атауы. 1. Жүк тиеу, арту. 2. и н ф . <ағыл. load> Мәліметтерді процессор операцияларында тікелей пайдалану мақсатымен оларды дискілерден (мәлімет тасуыштан) негізгі жедел жадқа немесе негізгі жадтан регистрлерге жіберу. 3. а у ы с . Міндеттеу, тапсыру.
Жүктеу режімі. и н ф . <ағыл. load mode> Мәшинелік сөздің ұзындығы айнымалы компьютерлерде – мәліметтермен бірге кейбір шектеуіштері қоса берілетін мәліметтерді жеткізу режімі. Жүктеу уақыты. и н ф . <ағыл. load time> Бағдарламаны дискіден оқудан бастап, оны жүзеге асыруга дейінгі керекті файлдарды орналастыруға кететін уақыт.
ЖҮКТЕУЛІ с ы н . Міндеттеулі, тапсырулы.
ЖҮКТЕУШ з а т . <ағыл. loader> Жүктейтін, міндеттейтін бағдарлама.
ЖҮКТІ с ы н . 1. Жүк артылған, жүк салынған, жүк тиелген. 2. а у ы с . Екіқабат, аяғы ауыр.
ЖҮКТІЛІК з а т . 1. Екіқабаттық, аяғы ауырлық. 2. ф и з и о л . <лат. graviditas> Ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатыр ішінде дамуы.
ЖҮКШЕ ү с т . Жүк сияқты, жүкке ұқсап.
ЖҮКШІ з а т . Жүк артушы, жүк тиеуші адам.
ЖҮКШІЛІК з а т . Жүкшінің қызметін атқарушылық, зат.
ЖҮЛГЕ з а т . Кішірек келген сай, жыра, өзек; жылға.
ЖҮЛГЕ-ЖҮЛГЕ с ы н . Сай-сай, өзек-өзек, жылға-жылға.
ЖҮЛГЕЛЕ= е т . Жүлге бойымен жүру, жағалау, бойлау. Жүлгелеп айтты. Жүйелеп айтты, саралап айтты.
ЖҮЛГЕЛЕН= е т . Жүлге-жүлге болу, салалану.
ЖҮЛГЕЛЕНУ Жүлгелен етістігінің қимыл атауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет