ЖҮПТЕ= е т . Жөн көру, құптау. ЖҮПІРЛЕ= е т . Жүпір-жүпір ету, топырлау, топтану. ЖҮПІРЛЕУ Жүпірле етістігінің қимыл атауы. ЖҮР= е т . 1.Адам, мал, аң, тағы басқалардың аяғын басу арқылы бір жерден екінші жерге жетуі, бару.2.Пойыз, мәшине, трактор т. б. техникалардың мотор күшімен орнынан қозғалып, ілгері қарай жүйткіп кетуі; қатынау. 3.Бір жаққа бет алу, жолға шығу, сапарға аттану; кету.4.Механизм тетіктерінің іске қосылуы, жұмыс істеуі; қозғалу.5.Карта, шахмат, дойбы т. б. ойындарда кезегі келгенде ойнау; тасын (фигурасын) қозғау.6.Қозғалу, жылжу.7. а у ы с . Өмір суру, тіршілік ету.8. а у ы с . Көңілі жақын болу.9. а у ы с . Өтпеу, іске аспау.10.Толық мағыналы етістік сөздермен тіркесіп келіп, шақтық мағына үстейтін көмекші сөз. Жүрген жері дарқан.Жүрген жері ойын-күлкі; береке-молшылық.Жүре жауап берді.Немкетті айта салды.Жүре келе.Үйреніскен соң, кейіннен. Жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы. м е д . <ағыл. acquired immune defiiciency syndrome> Адамның иммундық жүйе қызметі бұзылуының салдарынан әртүрлі індеттер мен қатерлі ісіктер, т.б. пайда болатын жұқпалы ауру, қысқарған атауы ЖИТС (СПИД), жаңа ғасыр індеті.Жүре пайда болған иммунитет. м е д . Жұқпалы аурудың қоздырғыштарының әсерінен науқас адамның ағзасында қорғаныш заттардың түзілуі. Жүре соғыса отырып өту. ә с к . Шабуыл барысында шабуылдаушы әскердің қарсы жағада қарсылас қорғанып жатқан су кедергісінен өтуінің негізгі тәсілі. Жүрген жеріңе шөп шықпасын. қ а р ғ ы с . Ісің өрге баспасын, жолың болмасын деген мағынада. Жүре тыңдады.Көңіл бөлмеді, жөнді тыңдамады.Жүре шабуылдау. ә с к . Қорғанатын қарсыластарға қарсы шабуыл жасаудың негізгі әдісі.Жүрген аяққа [жүргенге] жөргем ілінеді [ілігеді].Еңбек еткен бос қалмайды; пайдаға, олжаға кенеледі, табысты болады. Жүрген жері шалқар көлдей береке. Қайда жүрсе де ырыс-несібесімен,береке-бірлігімен жүретін кеңпейіл, ақжарқын адам туралы айтылады.Жүріп кетті.Демі үзілді, жан тапсырды.