ЖҮРЕКЖАРДЫ з а т. э т н . Жоғалған нәрсенің табылғаны жөнінде дерекке, хабарға берілетін сүйінші. Жүрекжарды қуаныш.Ерекше, айрықша қуанышты. ЖҮРЕКЖҰТҚАН с ы н . Батыл, ер, қаһарман. ЖҮРЕКСІ= е т . с ө й л . Жүрексін. ЖҮРЕКСІЗ с ы н . 1.Сужүрек, қорқақ.2. а у ы с . Мейірімсіз, қайырымсыз. ЖҮРЕКСІЗДЕН= е т . Жүрегі дауаламау, батылсыздану. ЖҮРЕКСІЗДЕУ с ы н . Батылсыздау, қорқақ. ЖҮРЕКСІЗДІК з а т . Жігерсіздік, қорқақтық, батылсыздық. ЖҮРЕКСІН= е т . Батылы жетпеу, қаймығу, қорқу. ЖҮРЕКСІНУЖүрексін етістігінің қимыл атауы. ЖҮРЕКСІНІҢКІРЕ= е т . Қорқыңқырау, қаймығыңқырау. ЖҮРЕКСІНІҢКІРЕУЖүрексініңкіре етістігінің қимыл атауы. ЖҮРЕКТЕЙ с ы н . Жүрек сияқты; жұдырықтай. ЖҮРЕКТЕН= е т . Батылдану, қайраттану. ЖҮРЕКТЕНУ Жүректен етістігінің қимыл атауы. ЖҮРЕКТЕС з а т . Сырлас, мұңдас. ЖҮРЕКТІс ы н. Тайсалмайтын, батыл, ержүрек. ЖҮРЕКТІЛЕУ с ы н . Батылдау, қорықпайтындау. ЖҮРЕКТІЛІК с ы н . Батырлық, батылдық, жігерлілік. Жүректілік көрсетті.Ерлік істеді, батырлық көрсетті, тайсалмады. ЖҮРЕКШЕ1з а т . а н а т . <лат. atrium> 1.Жүректің қан келіп құятын бөлімі. 2. қ о л ө н е р . Тұрпаты жүрекке ұқсас ою түрі. ЖҮРЕКШЕ2ү с т . Жүрек сияқты, жүрекке ұқсап. ЖҮРЕКШЕЛЕН= е т . Жүрек сияқты иілу. ЖҮРЕЛГІ з а т . э т н . Жоралғы, жон-жосық. ЖҮРЕЛЕ= е т . Екі тізесін бүгіп, арт жағын жерге тигізбей, жүресінен отыру. ЖҮРЕН з а т . б о т . <лат.aellenia> Алабұта тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.