ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҮРЕКЖАРДЫ з а т. э т н . Жоғалған нәрсенің табылғаны жөнінде дерекке, хабарға берілетін сүйінші. Жүрекжарды қуаныш



бет38/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖҮРЕКЖАРДЫ з а т. э т н . Жоғалған нәрсенің табылғаны жөнінде дерекке, хабарға берілетін сүйінші.
Жүрекжарды қуаныш. Ерекше, айрықша қуанышты.
ЖҮРЕКЖҰТҚАН с ы н . Батыл, ер, қаһарман.
ЖҮРЕКСІ= е т . с ө й л . Жүрексін.
ЖҮРЕКСІЗ с ы н . 1. Сужүрек, қорқақ. 2. а у ы с . Мейірімсіз, қайырымсыз.
ЖҮРЕКСІЗДЕН= е т . Жүрегі дауаламау, батылсыздану.
ЖҮРЕКСІЗДЕУ с ы н . Батылсыздау, қорқақ.
ЖҮРЕКСІЗДІК з а т . Жігерсіздік, қорқақтық, батылсыздық.
ЖҮРЕКСІН= е т . Батылы жетпеу, қаймығу, қорқу.
ЖҮРЕКСІНУ Жүрексін етістігінің қимыл атауы.
ЖҮРЕКСІНІҢКІРЕ= е т . Қорқыңқырау, қаймығыңқырау.
ЖҮРЕКСІНІҢКІРЕУ Жүрексініңкіре етістігінің қимыл атауы.
ЖҮРЕКТЕЙ с ы н . Жүрек сияқты; жұдырықтай.
ЖҮРЕКТЕН= е т . Батылдану, қайраттану.
ЖҮРЕКТЕНУ Жүректен етістігінің қимыл атауы.
ЖҮРЕКТЕС з а т . Сырлас, мұңдас.
ЖҮРЕКТІ с ы н. Тайсалмайтын, батыл, ержүрек.
ЖҮРЕКТІЛЕУ с ы н . Батылдау, қорықпайтындау.
ЖҮРЕКТІЛІК с ы н . Батырлық, батылдық, жігерлілік.
Жүректілік көрсетті. Ерлік істеді, батырлық көрсетті, тайсалмады.
ЖҮРЕКШЕ1 з а т . а н а т . <лат. atrium> 1. Жүректің қан келіп құятын бөлімі. 2. қ о л ө н е р . Тұрпаты жүрекке ұқсас ою түрі.
ЖҮРЕКШЕ2 ү с т . Жүрек сияқты, жүрекке ұқсап.
ЖҮРЕКШЕЛЕН= е т . Жүрек сияқты иілу.
ЖҮРЕЛГІ з а т . э т н . Жоралғы, жон-жосық.
ЖҮРЕЛЕ= е т . Екі тізесін бүгіп, арт жағын жерге тигізбей, жүресінен отыру.
ЖҮРЕН з а т . б о т . <лат.aellenia> Алабұта тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет