ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет40/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

Жүрісінен жаңылмады. Өзгермеді, алған бетінен қайтпады. Жүрісі суық. Асығыс, қатты, қаһарлы келіс. Жүрісі сұйық. Жеңіл жүрісті, мардымсыз, ісі берекесіз.
ЖҮРІC= е т . Бірге журу, қозғалу.
ЖҮРІСКЕР с ы н . Жақсы жүретін, аяғын тез басатын.
ЖҮРІСКЕРЛІК з а т . Жақсы, тез жүретіндік.
ЖҮРІС-ТҰРЫС з а т . 1. Қимыл-қозғалыс, іс-әрекет. 2. а у ы с . Әдет, дағды.
Жүріс-тұрысы бұзылды. Дағдылы қозғалысынан айырылды, қимылдары бағдарсыз қалды.
ЖҮРІСТІ с ы н . Жүрісі қатты, жүргіш, аяңшыл.
ЖҮРІСТІК з а т . к е н . 1. Төсемдерден, баспалдақтармен не тараптармен жабдықталып, көбінесе адамдардың жүріп-түруына арналған, бремебергке параллель етіп жүргізілген көлбеу не еңіс жерасты қазбасы. 2. т е х . Штрек жанындағы кентіректе жүргізіліп, штрек пен қазып алу камерасын қосатын көлбеу қазба. 3. Аралықтарды жалғастыратын енсіз қазба.
ЖҮРІСТІЛІК з а т . Жақсы жүретіндік, аяңшылдық.
ЖЫБЫР з а т . Қыбыр, қимыл, қозғалыс.
Жыбыр етті. Жыбырлады, қимылдады, қозғалды. Жыбыр қақты. Жыбыр-жыбыр етті, жыбырлады, қозғалды.
ЖЫБЫР-ЖЫБЫР ү с т . Қыбыр-қыбыр; баяу, ақырын. // Ақырын, баяу қозғалыс.
Жыбыр-жыбыр етті. Жыбырлады, қайта-қайта қозғалды.
ЖЫБЫРҚАЙ с ы н . Ұсақ, майда, біріне-бірі қосылып кеткен.
ЖЫБЫРЛА= е т . 1. Қимылдау, қозғалу; жыбыр-жыбыр ету. 2. Қаптау, құжынау.
ЖЫБЫРЛАҒЫШ с ы н . Қимылдағыш, қозғалғыш.
ЖЫБЫРЛАҚ1 с ы н . 1. Жыбыр-жыбыр еткен, кібіртіктеген. // Өнімсіз іс-әрекет, бос сандалма тірлік. 2. а у ы с . Аузында сөз тұрмайтын, өсекші.
Жыбырлақ мінез. Тұрақсыз, жеңіл мінез; аумалы-төкпелі қалып-күй.
ЖЫБЫРЛАҚ2 з а т . в е т . Қойда болатын жұқпалы індет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет