ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет69/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫМ2 з а т . о й ы н . Көпшілік алқа-қотан отырып ойнайтын халық ойыны; үндемес.
ЖЫМ3 ү с т . з а т . Үн-түнсіз, тып-тыныш.
Жым басылды. Бірден басылды, тына қалды. Жым болды. Тына қалды, үні өшті. Жым қылды. Үнін өшірді, аузын аштырмады, сөйлетпеді.
ЖЫМ4: жым етік. Өкшесі аласа қисық табан етік.
ЖЫМ= е т . 1. Жануарлардың құлағын артқа қарай жымырып, құйрығын ішке қарай тығып алуы. 2. Тынышталу, үні шықпау. 3. Қашу, жасырыну. 4. а у ы с. Тауы шағылу, беті қайту.
ЖЫМБА з а т . Қалтарысы, бұлтарысы көп таса жер.
Жымба жол. Айла-шарғы; жасырын, құпия іс-әрекет.
ЖЫМБАЛА= е т . ж е р г . Бұқпантайлау.
ЖЫМДА= е т . Қисынын келтіру, қисындастыру, үйлестіру.
ЖЫМДАЙ с ы н . Тып-тыныш, моп-момақан.
Жымдай болды. Үні өшті, дымы шықпады. Жымдай қылды [етті]. Тыныштандырды, момақан етті, жуасытты.
ЖЫМДАС с ы н . Ымы-жымы бір.
ЖЫМДАС= е т . 1. Жігі білінбей тұтасып, кірігіп тұру. 2. а у ы с . Қиюласу, үйлесу, қисындасу. 3. а у ы с . Нығаю, беку, бірігу. 4. а у ы с . Үндесу, әуендесу.
ЖЫМДАСТЫҚ з а т . г е о л . Кристалдардың нақты немесе ықтимал қырларында параллель жазықтықтар бойынша жарылу қасиеті.
ЖЫМДАСТЫР= е т . 1. Қиюластыру, ұстастыру. 2. а у ы с . Қисынын келтіру, үйлестіру.
ЖЫМДАСТЫРУ Жымдастыр етістігінің қимыл атауы. 1. Қиюластыру, қиыстыру. 2. а у ы с . Қисынын келтіру, үйлестіру.
ЖЫМДАСТЫРЫЛ= е т . Қиюластырылу, ұстастырылу.
ЖЫМДАСТЫРЫЛУ Жымдастырыл етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМДАСУ Жымдас етістігінің қимыл атауы. 1. Тұтасу, кірігу. 2. а у ы с . Үндесу, үйлесу, қисындасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет