ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖЫМДЫ с ы н. Жымы бар; жым түскен. ЖЫМ-ЖЫЛАС



бет70/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫМДЫ с ы н. Жымы бар; жым түскен.
ЖЫМ-ЖЫЛАС ү с т . 1. Қайда кеткені белгісіз, зым-зия. 2. Теп-тегіс, жып-жылмағай.
Жым-жылас жұтты. Жоқ қылды, тып-типыл етті.
ЖЫМ-ЖЫРТ1 з а т . ж е р г . о й ы н . Ойын шартына сәйкес күліп не сөйлеп қойған адамға айып тартқызатын ойын түрі.
ЖЫМ-ЖЫРТ2 ү с т . 1. Үн жоқ-түн жоқ, тып-тыныш. 2. Табиғат дүниесінің тым-тырыс, меңіреу қалыпта болуы.
ЖЫМ-ЖЫРТТЫҚ з а т . Тым-тырыс болушылық, тыныштық.
ЖЫМИ= е т . Жылышырай білдіру, езу тарту.
ЖЫМИҒАНСУ Жымиғансы етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМИҒАНСЫ= е т . Езу тартып күлгенсу.
ЖЫМИТ1= е т . Езу тарттыру, күлдіру.
ЖЫМИТ2= е т . Малдың (ат, есек т. б.) сес көрсетіп, құлағын жымыруы.
ЖЫМИТУ Жымит етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМИТЫС= е т . Малдың (ат, есек т.б.) құлақтарын жымырысып, бір-біріне сес көрсетуі.
ЖЫМИТЫСУ Жымитыс етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМИЫС з а т . Жымиып күлген күлкі.
ЖЫМИЫС= е т . Жылы шырай білдірісу, езу тартысу.
ЖЫМИЫСУ Жымиыс етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМИЮ Жыми етістігінің қимыл атауы; езу тарту, күлу.
ЖЫМҚЫР= е т . 1. Бір заттың етегін, шетін ішке қарай қайыру, тығу, жинастыру. 2. Ерінді ішке қарай қайыра бүгу. 3. а у ы с. Жасыру, тығып қою, ұрлау.
ЖЫМҚЫРМА з а т . Ұрлық. //Ұрлықшы, сұғанақ.
ЖЫМҚЫРТ= е т . Ұрлау, жоқ қылу, құрту.
ЖЫМҚЫРТУ Жымқырт етістігінің қимыл атауы.
ЖЫМҚЫРУ Жымқыр етістігінің қимыл атауы. 1. Ерінді ішке қарай бүру. 2. Ұрлау, қымқыру. 3. қ ұ қ ы қ . Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті, сондай-ақ бөтен біреудің мүлкін пайдакүнемдік мақсатпен немесе басқалай жеке мүддені қаузап, өзінің не басқа адамның пайдасына бола заңсыз алу, қайтарымсыз иелену, өзінің меншігіне айналдыру немесе өзінің меншігі ретінде билеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет