Жұмыртқа өнімінің қасиеттері мен оларға сипаттама Жұмыртқа өнімінің сапасына қойылатын талаптар



бет3/4
Дата02.02.2023
өлшемі61,63 Kb.
#64693
1   2   3   4
Жұмыртқа өнімінің химиялық құрамы
Жұмыртқалар түрі Су Ақзат Май Минералды заттар
Тауықтың 70,0 13,0 10,2 0,9
Үйректің 60,8 12,1 12,5 0,8
Қаздың 59,7 12,9 12,3 0,9
Күрке тауықтың 63,5 12,2 9,7 0,8
Мысыр тауығының 60,5 11,9 9,9 0,8
2030 — жылға дейін жұмыртқаның өндірілуі (млн. т)

Региондар 2001 ж 2015 ж 2030 ж


Азия 33,92 43,37 56,62
Африка 2,08 3,21 5,13
Европа 9,65 10,64 11,22
Солт., Орт АҚШ 7,81 8,76 10,74
Оңтүстік АҚШ 2,92 4,13 5,82
Австралия және Океания 0,22 0,34 0,41
Барлық дүниежүзінде 56,94 70,44 89,94

Жұмыртқаның сапасын анықтау үшін, негізін сезім анализаторлары құрайды. Оны көзбен, иіс, дәм және есту арқылы анықтаймыз. Жұмыртқа шаруашлығының сапасын бір-біріне ұру арқылы байқауға болады.


Жұмыртқаға дегустация жасау үшін 5-11 адам дайындайды. Ол дегустация жұмыртқаның дәмін сыртқы, ішкі құрамын анықтайды. Ал егер жұмыртқаның сіңімділігімен, құнарлығын анықтау үшін лабораториялық тексерулер жүргізіледі. Жұмыртқаны дегустациядан өткізу үшін оны асады, қуырады және де 5 балдық система арқылы бағалайды. Жұмыртқаның жоғарғы сапасын оның салмағы, саруызының қалыңдығы оның түсі, ауа қуысы мығым, тегіс бір түсті қауашағы анықтайды. Жұмыртқаның сыртқы түрінен дәмі мен исін анықтау қиын. Жұмыртқаның дәмін келтіретін сары уыздағы липидтер болып табылады. Жұмыртқаның иісі, дәмі, сңімділігі тауықтың биологиялық ерекшелігіне байланысты және тағамға (комбикорм) байланысты. Тауық фермасындағы негізгі мән берілетін нәрсе ол – микроклимат. Жаңа туылған жұмыртқалар бөлек иістерді тез сіңіреді. Сондықтан кепелерді таза ұстаудың жұмыртқа сапасына маңызы зор.
Жұмыртқаны сақтау және оның сапасы
Жұмыртқа сақтаудағы негізгі мән берілетін нәрсе температура мен ылғалдылық. Егер ылғал көп болса, қабыршақтың сыртқы қабығының сапасы төмендейді. Жұмыртқаны төмен температурада сақтайды. Ол микроорганизмдердің дамуын және жұмыртқадағы физикалық, химиялық өсгерістерді тоқтады. Жұмыртқаның үлкен партияларын склаттарда 25 күнге дейін сақтайды. Склаттың іші желдетіліп, иіссіз болуы керек. Орташа температура 8-100 С. Орташа ылғалдығы 80-85 %. Ал егер жұмыртқаларды көп сақтайтын болса, температураны 0,20С-қа түсіреді. Жұмыртқа кәрі болған сайын онда сары уыз бен ақуыз азайып, ауа қабығы көбейеді. 20-25 күн сақталынған жұмыртқада ауа қуысы 10 мм болады. Егер сары уыз қабыршаққа жақын орналасса, ақуыздың түрі бұзылса, ол жұмыртқаның уақытынан өткенін білдіреді.
Жұмыртқаларды салмағы мен құнарлығына байланыста диеталық және асханалық болып екіге бөлінеді. Диеталықтарды — Д. Асханалықты –С деп белгілейді.
Жұмыртқаның сыртқы қорапшасына жоғарғы (В) терімді (О), 1,2,3- ші сорт қылып бөледі. Барлық жұмыртқалар ГОСТ-303363-96 сұранысына жауап беру керек. Жұмыртқаның сапасын Хау единицасымен анықтайды.

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%. Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.Жұмыртқаның қабығы, негізінен, кальций, фосфор, темір, калий, магний және кремнийден тұрады. Канада, АҚШ және Венгрия ғалымдары жүргізген зерттеуде жұмыртқа қабығының құрамы адамның тісі мен сүйегіне қатты ұқсайтыны дәлелденген.Жұмыртқа қабығының ұнтағын жүкті әйелдер, балалар және ересектер кальция жетіспеген жағдайда қолданады.


Мұндай ұнтақты үнемі қолданған жағдайда:

  • қан қысымы мен жүрек қағысының жұмысы жақсарады;

  • зиянды холестерин деңгейі азаяды;

  • зат алмасу процесі қалпына келеді;

  • қалқанша безі ауруларының алды алынады;

  • гастрит жазылады;

  • қан тазарады;

  • балалардағы рахит пен анемияның алды алынады;

  • аллергия емделеді;

  • шаш пен тырнақ қатаяды;

  • безеу шықпайды;

  • жүйке жүйенің қызметі жақсарады.

Алайда ұнтақ кейбір ауруларды емдейтін дәрі-дәрмектің орнын баса алмайды. Бірақ ағзаға аурудан айығуыға көмектеседі.Мамандардың айтуынша, жұмыртқа қабығының ұнтағын әзірлеуде тек үй тауықтарының жұмыртқасын пайдаланған жөн.
Батыс Онтарио Университетінің докторы Девид Спенс жұмыртқаның сары уызы атеросклероз ауруына (ішкі жақтан холестериннің бөлінуі арқылы артерияның қатып қалуы) шалдықтыратынын дәлелдеді. Оның айтуынша, жұмыртқаның адам денсаулығына зиянды екені соншалық, онымен үнемі тамақтанған адамға шылым шегу секілді қауіпті екен, деп жазады.
Ультрадыбысты зерттеулердің нәтижесінде 1231 адам (орта жаспен 61,5) түйіндерінің жарылуы жүрек пен қан тамырлардың ауруына әсер ететініне көз жеткізді. Ұйқы күре тамырларымен байланысқан түйіндердің жабынды алаңы 40 жастан кейін ғана үлкейеді екен.
Сондықтан доктор Спенс адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін жұмыртқаны жеуден бас тартуды ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет