1.3 Биоэкономика әлемдік экономиканың бөлшегі ретінде
Биотехнологияның белсенді таралуының негізінде әлемдік экономиканың
әртүрлі секторында биоэкономика термині пайда болды. Заманауи
биотехнологияның болашағы – бұл биоэкономикаға қарай эволюциялық жол
болып табылады. Биоэкономика – бұл биотехнологияны жүйе ретінде
пайдалануға арналған экономика; бұл экологиялық таза өнімдердің экологиясы.
Биоэкономиканың негізгі құрамы:
•
Жаңа үрдістер мен өнімді алу үшін күрделі клеткалы технологияларды
жасау мен меңгеру;
27
•
Қоршаған ортаны бақылау мен тұрақты өндірістің мақсаты үшін
жаңартылған биомасса деректерін пайдалану;
•
Экономиканың
әртүрлі
секторындағы
қосымшалар
мен
биотехнологиялық интеграциялар.
Ірі экономикалық экономикалар биотехнологияның дамуын қабылдайды
және тоқыраудан алып шығатын түйінді мехнизм ретінде биоэкономикаға
ауысу болып табылады. Биоэкономиканың пайда болуы маңызды қорытынды
туғызады. Біріншіден, мұнай қорынан айырылған мемлекеттер мен аудандар
мүмкіндік алады және ұлттық жанармай өндірісінің құрылуына септігін
тигізеді. Екіншіден, шикізат экономикасы айтарлықтай кіріс көзін жоғалтып
алуы мүмкін.
Берілген әлемдік экономиканың бағытының даму себептері:
•
биологиялық ғылымдардың дамуы;
•
ақпараттық технология, нанотехнология мен «жасыл» технологияның
дамуы;
Биотехнологияны қолдану арқылы маңызды мәселелерді шешу:
сатылыммен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау сапасы, энергетикалық
ресурстардың жойылуымен байланысты қоршаған ортаның мәселелері.
Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы мәселе XXI ғасырда
барлық деңгейлердегі саланы анықтаушы болды. Түсіну қажет, болашақ тек
қана жоғарғы технологияны игерген мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар
табиғатпен өзара қарым-қатынасты жақсартатын идея тастаған мемлекет те
маңызды болып саналаы. Ол дегеніміз экологиялық тұрақтылықты сақтау;
табиғи капиталды сақтау, жалпы ластану мен газдың таралуын азайту; энергия
мен ресурстың әсерін арттыру; экологиялық әділдікті қамтамасыз ету (ең
жағдайы төмен тұрғындар климаттың өзгеруі мен экологиялық тоқыраудан ең
көп жапа шегеді); экологиялық және әлеуметтік шектеулердің шартындағы
экономикалық гүлденуді қамтамасыз ету, яғни экологиялық шығынның өсуімен
байланысты болып келеді.
Биотехнология алдын ала берілген тәсілдермен әртүрлі өнімдердің көп
мөлшерін жасауға мүмкіндік береді. Осы және дәстүрлі аймақтар (өнімдік
өндірістер), және жаңасы (биополимерлер, биоотындар). Биологиялық
жанармай секторы бүгінде әлемдік биотехнологиялық өндірістегі тез
дамитындардың бірі болып табылады. Қоғамның назары жанармайдың
экологиялық мәселесінде, бірақ ол әлемдік биотехнологияның дамуындағы
түйінді болып табылады. Сонымен қатар үрдіс те биополимер мен нәзік химия
өнімінің өндірісіндегі технологияда бақыланады.
Соңғы жылдары мемлекеттердің біршама қатары биотехнологияны жасап
шығаруды айтарлықтай ұлғайтқан. ЕС мемлекеттері «жасыл» салаға $22,8 млрд
қаржы енгізген — 0,2 % ВВП; США - $94,4 млрд, 12 % барлық экономикалық
салымдардан, 0,7 % ВВП. Бірақ соның ішіндегі көшбасшылары Оңтүстік Корея
мен Қытай: Корея $38,1 млрд енгізген — 95 % барлық экономикалық
салымның, 3 % ВВП мемлекеттерінен; Қытай — $215 млрд, барлық
экономикалық салымның 33 %, ВВП мемлекеттерінен 3 %.
28
Биоэкономика Еуропалық Одақтың экономикалық даму жолының
маңыздыларының бірі болып табылады. Биотехнология өндірістің әртүрлі
салаларында дамып келеді, мысалы ауыл шаруашылығы мен орман
шаруашылығы, балық аулау, өнім, химиялық өндіріс, энергетика.
Биоэкономика келісім-шарттардағы сияқты ауыл шаруашылығындағы, қала
шаруашылығындағы жаңа жұмыс орындарын жасай отырып тұрақты
экономикалық өсімнің жаңа моделіне ауысуды тездетуге мүмкіндік береді.
Дамыған мемлекеттердегі биоэкономикаға қойылатын қойылым жаңа
технологиялық қарқынды анықтады. Соның нәтижесінде барлық экономика
саласының модернизациясы мен трансформациясын биоэкономика жаңа
деңгейге алып келеді. «Жасыл экономика» концепциясы тұрақты дамудың үш
компонентінің біріктірілген қосындысын білдіреді, экономикалық, әлеуметтік
және экологиялық.
Жоғарыда атап өткендей, биоэкономика әлеуметтік-экономикалық,
энергетикалық және басқа да мемлекеттің мәселелерін биотехнологияның
тәсілдері мен әдістері арқылы шешуді ұсынады. Сонымен қатар, биотехнология
даму мен қолдау үшін ұлттық саясат пен аудандық саясаттың сәйкес келмейтін
потенциалын іске асырады. Биотехнологиялық саланың қалыптасуы мен
бәсекеге қабілеттілігі мемлекеттік саланың мақсаттық бағытынсыз мүмкін емес.
Биоэкономиканың сәтті дамуы комплексті саясатты, түйінді бағытты
талап етеді, олар:
•
Зерттеудің сәйкес келетін аумағына инвестицияны тарту;
•
Инновацияның дамуын кеңейту;
•
Орта және жоғарғы білім берудің даму жолының білікті жұмыс
күшімен биоэкономикалық қамтамасыздандыру;
•
Инновация аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздің іске асуы;
•
НИОКР аумағындағы сауда мен мемлекеттердің серіктестігін кеңейту.
Бүгінде
мемлекеттердің
бірқатарында
биоэкономиканы
дамыту
бағдарламасы жасалынған: АҚШ - National Bioeconomy Blueprint, Еуропалық
Одақта Innovation for Sustainable Growth: Bioeconomy for Europe. Бұндай
дамыту бағдарламалары Қытай, Үндістан, Бразилия сияқты мемлекеттерде де
бар.
Толықтай алғанда, келесі факторларды ерекшелеп алуға болады, олар
технологиялық дамудың жаңа сатысына өз септігін тигізеді:
•
Стратегиялық материалдық ресурстардың қорын жою, жаңа энергия
көзін іздеу мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
•
Тұрғындардың қартаюы, адам мен қоғамның өмірінің өзгеруі, сонымен
қатар әлеуметтік маңызды дерттердің өсуі, онкологиялық және жүрек
аурулары;
•
Көміртекті емес қоғамға ауысумен байланысты экономика мен «жасыл
өсімнің» экологизациясы;
•
Бағасын құрайтын маңызды тізбекті трансформацияландыруды
қосқандағы экономикалық дамудың жаңа моделін қалыптастыру;
29
•
Әлеуметтік-экономикалық және гуманитаралы қосқанда пән аралық
зерттеулер мен сала арасындағы технологияның тез өсуі.
Жоғарыда аталғандардың ішінде биоэкономиканың дамуы әлемдік
масштабта іске асады. Әлемдік экономиканың глобальды қозғалысы
биоэкономиканың өсуіне әрекет жасадйы. Ол тағы да мынаны дәлелдейді,
глобализация – бұл объектілік сипаттамаға ие, оған қатысты жеке
шаруашылықтардың объектісіне жатпайтын тәуелділіктен бөлек дамитын үрдіс
болып табылады.
Бүгінгі таңдағы биотехнологияның дамуы, сөзсіз, әлемдік экономиканың
түйінді бағыты болып табылады. Адамның глобальды мәселелерін шешудегі
биотехнологияның рөлін қайта бағалау қиын.
Заманауи әлемдегі биотехнологияның дамуының негізгі бағыты
биополимер өндірісі, технологиялық ферменттер, органикалық қышқыл,
биоэтанол, биодизель, биобутанол, жанармай қалдықтары, өнімнің экологиялық
таза өндірісін алу, ауыл шаруашылығынан қалған қалдықтарды биотехнология
әдісі арқылы қайта жаңарту болып табылады.
Қазақстандағы
биотехнологиялық
өндіріс
үшін
инновациялық
экономиканың дамуының жалпы мәселесі сияқты, мемлекеттік қолдау мен осы
саланы реттеумен байланысты жеке мәселелер тән болып келеді. Осының
барлығы әлемдік биотехнологиялық саланың жүргізуші бағытына мемлекеттік
шығуы мен Қазақстандағы биотехнологиялық саланың жасалуы мен дамуына
әсер ете алатын Қазақстанның мықты инновациялық потенциалының негізінде
іске асады. Қазақстан бүгінде заманауи дәрілер мен азықтану өнімдерін алу,
жаңартылатын биомассаның қайта өңделуі бойынша өндірісті жасау үшін
айтарлықтай үлкен мүмкіндіктерге ие.
Биотехнологияның, соның ішіндегі биотехнология өндірісінің даму
аумағындағы әлемдік көшбасшысы болып табылатын АҚШ. Көп жағдайда
мемлекеттің қолдауының көмегімен биотехнологияны қаржыландыру арқылы
биотехнологияның осындай дамыған деңгейіне жетуге болады. Одан бөлек
АҚШ ғылыми орталықтар мен білім беру мекемелерінің мамандандырылған
түрі өте көп, және жоғарғы білікті ғылыми кадрлар сонда жұмыс жасап жатыр.
Жақын уақыттағы биотехнологияның даму бағытының ең дамыған түрі
өндірістік биотехнология әдісі, жасыл химия әдісі, бірінші және екінші
деңгейдегі жанармай өндірісі болып табылады.
Биотехнологияның жедел дамуы әлемдік экономиканың жаңа бағытының
туындауына әсер етті – биоэкономика. Дамыған мемлекеттерде экономиканың
осы секторының көлемі 3% ВВП. Осындай жолмен, биоэкономика әлемдік
экономиканың даму тенденциясын өзгертеді, себебі инновацияның негізгі
бөлігі дәл биотехнология әдісімен тығыз байланысты болып келеді. Оның
басты себебі әлемдік серіктестіктің экологияның деңгейін көтеруге талпынысы,
өнімдердің пайдасы мен қауіпсіздігін арттыру болып табылады.
Ең тез жағдайда биоэкономика Еуропалық Одақтағы мемлекеттерде
дамиды, себебі ол жерде осы мақсат үшін арнайы даму бағдарламалары
30
қалыптасқан, үлкен қолдау көрсетіледі, ұлттық экономика тарапынан да
қолдаулар болады.
Нәтижесінде
биотехнологияның
дамуы
мен
биоэкономиканың
қалыптасуы электроника мен ақпараттық технологияларды алмастыратын жаңа
технологиялық мүмкіндіктердің дамуының басты жолы болып қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |