Міндетті зерттеулер, емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау қажет:
- несеп анализі;
- жалпы қан анализі лейкоформуласымен;
- қан анализі (калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер);
- 12 тіркемедегі ЭКГ.
Қосымша зерттеулер: - кеңейтілген қанның биохимиялық анализі: холестерин, төменгі тығыздықты липопротеидтер, триглицеридтер, несеп қышқылы, кальций, гликозирленген гемоглобин;
- креатинин клиренсін анықтау;
- плазмалық рениннің белсенділігін, альдостерон, ТТГ, Т4 деңгейін;
- тәуліктік несепті тексеру (микроальбуминурия, тәуліктік протеинурия, несеппен катехоламиндердің экскрециясын);
- эхокардиография сол қарыншаның гипертрофиясын, систолалық және диастолалық қызметін анықтау үшін;
- бүйректердің УДЗ;
- АҚ тәуліктік мониторинг жүргізу; І) - ангиография;
- компьютерлік томография.
ІV) Иллюстрациялы материалдар:берілген
V) Әдебиет: негізгі: қосымша:
VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы): Артериялық гипертонияға анықтама беріңіз.
АҚ бастапқы сатысында науқастар қандай шағым білдіреді?
Емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау мақсаты үшін қандай әдістер қолданады?
№4
І) Тақырыбы: АИВ – инфекциясы. ЖИТС. Эпидемиологиясы. Әлеуметтік мәні. ІІ) Мақсаты: АИВ – инфекциясы, ЖИТС этиологиясын, патогенезін, клиникалық көріністері мен оларды анықтау жолдарын үйрету. Эпидемиологиясы және әлеуметтік мәнімен таныстыру.
ІІІ) Дәріс тезистері: Ұзақ уақыт лимфоциттерде, макрофагтарда, жүйке тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адамның иммуножетіспеушілік вирусымен шақырылатын ауру. Тіндерде ұзақ уақыт сақталуы салдарынан организмнің нервті және иммундық жүйесін баяу зақымдайды, ол екіншілік инфекциялар, жеделдеу энцефалитпен, ісіктер және тағы да басқа патологиялық өзгерістермен сипатталады, осының бәрі науқас адамның өліміне әкеледі. АИВ инфекция бірнеше кезеңдермен өтеді, соңғы кезеңнің ЖПИЖС терминімен анықтайды (синдром – жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік).Қазірі кезеңде АИВ инфекция өте тез өршуге бейім.