|
Байланысты: «ЗЕРТТЕУДІҢ БИОИНДИКАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ» (2)Гидрохимиялық режим - судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне байланысты өзгерістері.
Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.
Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.
"Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.
Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.
Деградация - қоршаған табиғи орта компоненттерінің табиғи және антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.
Дендрарий - ағаш тектес өсімдіктер арнайы топырақта өсірілетін территория.
Детрит - организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.
Деструкторлар - органикалық заттармен қоректену арқылы оларды ыдырататын организмдер (редуценттер).
Десиканттар - өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.
Дефолянттар - өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылатын улы химикаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|