Жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды



бет3/16
Дата18.09.2022
өлшемі50,57 Kb.
#39424
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Бақылау сұрақтары:
1. «Стилистика» және «стиль» ұғымдарының пайда болу тарихы туралы не білесіз?
2. «Стиль» ұғымы. Ол туралы пікірлер.
3.Стилистикалық мағына, стилистикалық бояу, стилистикалық құрал. Олардың анықтамаларын беріңіз және бір-бірінен айырмашылықтарын анықтаңыз.
4.Тілдің қоғамдық қызметінің салалары және олардың тілге әсері қандай?
5.Синонимия құбылысы туралы айтыңыз.
6.Стилистикалық норма дегеніміз не?
7.Стилистикалық қатенің түрлері.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистиксы. Алматы, 2006


2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Солганик Г.Я., Дроняева Т.С.Стилистика и культура речи. Москва, 2002
Дәріс №3
Тақырыбы: Ресурстар стилистикасы. Фонетикалық стилистика
Оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды


Жоспары:
1.Фонетикалық құралдардың стилистикалық қызметі
2.Дыбысталымның стилистикалық мүмкіндіктері
3.Интонацияның стилистикалық қызметі
4.Стилистикалық пауза


Дәрістің мақсаты: Тілдік құралдардың бейтарап және стилистикалық мағыналарын және оларды зерттейтін стилистиканың саласын түсіндіру. Фонетикалық стилистика туралы мағлұмат беру.

Оның зерттейтін, сипаттайтын нысаны – тілдің барлық деңгейлерінің экспрессивтік, яғни стилистикалық мүмкіндіктері. Оның бұларды зерттеудегі принципі өзгеше.


І. Фонетикалық құралдардың экспрессивтік мүмкіндіктері:
а) Дыбысталымның стилистикалық аспектісі дегенде алдымен айтылым тонындағы әдеби қолданыс кезіндегі және қарапайым жай (ауызекі сөйлеу) қолданыс кезіндегі дыбыстық айырмашылықтар ескеріледі (әдеби-мәдени шаралар кезіндегі және қарапайым қарым-қатынас кезіндегі сөйлеу, сөйлесу тондары), одан өзге сахналық сөздің айтылымындағы өзгешілік бар. Ауызекі сөйлесуде дыбыстардың редукциялануы көбірек болады (мысалы: келатыр – келе жатыр). Яғни қарапайым сөйлеу стилистикалық бояуға ие болады.
Көркем шығармаларда кейіпкердің сөйлеуіндегі фонетикалық нормадан ауытқуды кейбір авторлар стилистикалық құрал ретінде пайдаланады.
ә) Интонацияның стилистикалық қызметі айрықша мол, ерекше бай болып келеді: интонация сөзге (сөйлеуге) эмоционалды-экспрессивтік, бағалауыштық бояу беруде әмбебап сипатқа ие, тіпті ол сөздің лексикалық мағынасына өзгеріс енгізе алады: мысалы, «ақымақ!» – интонациясы лексикалық мағынасына лайық «ақымағым» – интонациясы еркелету, жақсы көру мағынасында. «Нағыз батыр!» – ажуалау, кекесін мағынасын беретін интонация.
Сөйлеуде сөздердің белгілі бір орын тәртібімен байланыста келіп, интонация сөзге әр түрлі эмоционалды-экспрессивтік, стилистикалық бояу береді.
Сөздердің объективті қалыпты орын тәртібі бейтарап-әңгімелеу интонациясын тудырып, сөздің бейтарап стилистикалық бояуын жасайды. Бұл ғылыми және ресми-іскери стиль түрлеріне тән болып келеді.
Сөздердің объективті қалыпты орын тәртібін өзгертіп (инверсия жасап) қолдану бейтарап-әңгімелеу интонациясын өзгертіп, эмоциоанлды-экспрессивтік интонация тудырады. Сөздің екпіні күшейеді. Бұндай ерекшелік публицистикалық, көркем және ауызекі сөйлеу стильдеріне тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет