Жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды



бет14/16
Дата18.09.2022
өлшемі50,57 Kb.
#39424
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
darister.stilistika

Бақылау сұрақтары:
1.Көркем мәтніді зерттеудегі синтетикалық әдіс, оның белгілері және түрлері туралы айтыңыз.
2.Көркем мәтінді зерттеудегі құрылымдық әдіс және оның түрлері.
3.Көркем мәтінді зерттеудегі статистикалық әдіс және оның түрлері.
4.Көркем мәтінді зерттеудің әдістері туралы пікірлерге талдау жасаңыз.


Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Сыздық Р., Шалабай Б., Әділова А. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. А., 2002
2.Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Көркем сөздің құдыреті. Павлодар, 2000
3.Бобылев Б.Г. Стилистический анализ художественного и публистического текста. А., 1987
4.Иванова Г.П., Брандес О.П.Стилистическая интерпретация текста. Москва, 1991
5.Бабенко Л.Г., Казарин Ю.В. Лингвистический анализ художественного текста. Москва, 2003


Дәріс №14
Тақырыбы: Көркем мәтіндегі баяндау түрлері


Оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды


Жоспары:
1.Көркем мәтінннің кеңістік және мезгілдік құрылымдары
2.Көркем мәтіндегі суреттей баяндау
3.Көркем мәтіндегі әңгімелеу
4.Көркем мәтіндегі ойталқы


Дәрістің мақсаты: Көркем шығарманың көркем құрылымы мен баяндау қабаттарын түсіндіру.

Мәтіннің қай түрінде де, соның ішінде көркем мәтінде де негізгі ой дамытылып, ол баяндау барысында ашылады. Орталық ойдың тарқатылу шеңбері, оның ізбе*-ізділігі мәтіннің композициялық құрылымын анықтайды.


Шындықтың адам санасында сәулеленуінің формалары сан алуан. Алайда, солардың ішінен негізгі екі құрылым айрықша ажыратылады, олар: кеңістік және мезгілдік құрылымдар, басқаша айтқанда, бірқалыпты, созылыңқы (экстенсивті) және ширыққан, шиеленісті (интенсивті) құрылымдар. Бір қалыпты құрылым кеңістік бойында орналасса, шиеленісті құрылым мезгілдік ендікте орналасады. Бір қалыпты құрылым қатарлас қатарлас объектілердің берік байланысынан тұрады да, шиеленісті құрылым себептестік, тамырластық байланыстармен сипатталады. Осы негізде монологтік сөйлеудің екі түрлі формасы ажыратылады: суреттеу (бірқалыпты құрылым) және әңгімелеу ( шиеленісті құрылым). Сөйтіп, шындық кеңістік пен уақыт ішінде өмір сүрсе, оның көркем шығармадағы бейнесі суреттеу мен әңгімелеу түрінде көрініс табады: Бұл екеуінен тыс, көркем шығарманың баяндау құрылымнан ойталқы формасын да ажыратып қарайды.
Сонымен, суреттеу, әңгімелеу, ойталқы – монологтық сөйлеудің құрылымдық-стилистикалық типтерін құрайды. Суреттеу – бейнелеудің кеңістіктегі дамуы болса, әңгімелеу – мезгілдік дамуы, ал, ойталқы – логикалық дамуы. Бұлардың көркем прозада таза түрде кездесуі сирек, көбінесе араласып келіп отырады. Осы баяндау типтерінің ерекшеліктері, бір-бірімен қатынасының сипаттары көркем проза тілінің дамуын белгілейді.
Суреттеу кеңістік қатынастағы құрылымның негізінде ұйымдасады. Әңгімелеу – эпикалық үлгідегі прозаның негізгі юаяндау формасы. Ойталқының заттық мазмұнын белгілі бір мәселенің (тақырыптың), ойлаудың логикалық дамуы, ізбе-ізділігі құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет