Бақылау сұрақтары:
1.Жалғаулардың стилистикалық сипатын анықтаңыз.
2.Сөз тудырушы құралдардың стилистикалық мүмкіндігі қандай?
3.Сөз таптарының стилистикалық қызметі қандай?
4.Шылаулардың стилистикалық мүмкіндіктерін анықтаңыз.
5.Синтаксистік құралдардың стилистикалық қызметін анықтаңыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Жаналина Л.К., Аубакирова К.Т. Основы стилистических словообразования. Алматы, 1999
2.Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. Алматы, 1997
3.Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1977
4. Солганик Г.Я. Синтаксическая стилистика
5. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімнің стилистикасы. А., 1976
6. Демесинова Н.Х. Синтаксическая стилистика казахского языка. А., 1988
Дәріс №6
Тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері
Оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды
Жоспары:
1.Ауызекі сөйлеу стилі және ауызша сөз
2.Ауызекі сөйлеу тіліне тән фонетикалық ерекшеліктер
3.Ауызекі сөйлеу стиліне тән лексикалық ерекшеліктер
4.Ауызекі сөйлеу тіліне тән грамматикалық ерекшеліктер
Дәрістің мақсаты: Ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктерді анықтау, оның ауызша сөйлеумен қарым-қатынасын ашу және кітаби жазба стильдердің басқа түрлерімен қарым-қатынасын анықтау.
Әдеби тіл өкілдерінің тұрмыстық салада қатынас жасауы бар, ғылым саласында қарым-қатынас жасауы бар, саяси-идеологиялық немесе әкімшілік-құқықтық т.б. қоғамдық қызметтерде қарым-қатынас жасауы бар. Олардың әрқайсысы сол саланың ерекшеліктеріне байланысты тілге өз әсерін тигізеді, тілде өз ізін қалдырады: белгілі бір лексика (сөздер) сұрыпталады, тұлғалар (жұрнақ, жалғау) тұрақты қолданысқа ие болып келіп, функционалды стильдердің тілдік белгілерін қалыптастырады.
Бұл стиль адамдардың тұрмыстық саладағы қарым-қатынасына қызмет етеді. Өте ерте, тарихи тұрғыдан ең алдымен қалыптасқан. Ол ауызша формада жүзеге асатындықтан оның сипатына тілден тысқары факторлардың әсері мол.
Ауызекі-тұрмыстық стиль күнделікті-тұрмыстық, ресми емес саладағы қарым-қатынасқа қызмет етеді, оның негізіне адамдардың қарапайым санасы жатады. Ол – кітаби жазба стиль түрлеріне қарама-қарсы, ауызша сөз. Ауызша сөздің өзіндік ерекшелігі бар. Ол дайындықсыз, ықтиярсыз (адамның еркінен тыс) айтылады. Және ол тікелей жүзеге асады.
Ауызша сөз – әдеби ме, әдеми емес пе? Қазақ халқының сөз өнерінің өзі алғашында ауызша шықты емес пе? Ендеше, Р.Сыздық т.б. ғалымдар «ауызша әдеби тіл» дегенді бекер енгізбеген шығар.
Әдеби тіл – тек «жазба тіл» дегендерге қарсы шығады. Ауызекі-тұрмыстық стильді бөлуге негіз болатын негізгі экстралингвистикалық фактор + қарапайым сана және соған сай күнделікті тұрмыстық қатынас жасау саласы. Бұл стильдің маңызды экстралингвистикалық белгілеріне: сөздің арнайы дайындалмауы, ауызша болу, тақырыптық шексіздігі, сан алуын коммуникативтік талаптарды орындауы, қарым-қатынастық бейресми түрде тікелей жүзеге асуы жатады. Әдеби тілдің функционалды-стильдік жіктемесінің тілдік көрсеткіштері болады, олар сол стильдерге тән бояу-реңктерге ие болып келеді. Ол бояу – реңктер әрбір сөз қолданыста жаңадан жасалмайды, соларға тұрақты түрде бекітіледі. Сол сияқты осындай белгілер ауызекі сөйлеу тіліне де тән.
Мынаны ескеру керек: тақырыбына, коммуникативтік мақсатына және сөйлеушінің жекелік ерекшеліктеріне байланысты ауызекі сөйлеуде ұлттық тілдің барлық құралдары да қолданыла береді (шектелмейді): онда қарапайым (тұрмыстық) сөздер де, бейтарап сөздер де, ғылыми да, ресми-іскери де, тіпті әдеби нұсқаға жатпайтын диалектизмдер, жаргон сөздер, арготизмдер де (жастар тілі, қала тілі, ауыл тілі). Соңғы кезде бұл жіктеліс күшейді (дифференциация).
Достарыңызбен бөлісу: |