Жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды



бет8/16
Дата18.09.2022
өлшемі50,57 Kb.
#39424
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
darister.stilistika

Бақылау сұрақтары:
1.Ресми стиль қызмет ететін қоғамдық сала түрін анықтаңыз.
2.Ресми іс-қағаздар стилдінің неше түрі бар және олар несімен ерекшеленеді?
3.Дипломатиялық құжаттардың түрлері, олардың тілдік, стильдік ерекшеліктері.
4.Ресми қарым-қатынас тілі, стильдік ерекшелігі.
5.Қазіргі ресми стильге тән ерекшеліктер.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Дүйсенбекова Л. Қазақ ресми іс-қағаздары. Алматы, 2015
2. Алдашева А., Ахметова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Ә. Ресми іс қағаздары. А., 2000
3. Жақыпов М.Қ., Сапарбекова А.А. Іс-қағаздарында жиі қолданылатын сөз тіркестері. А., 1998
4. Жахина Б., Құрманова А., Қайырбекова И. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. К., 2003
5.Жақып Ә. Іс жүргізу. А., 2000
Дәріс №8
Тақырыбы: Ғылыми стильдің лексикалық-грамматикалық белгілері


Оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды


Жоспары:
1.Ғылыми стильдің қолданыс саласы
2.Ғылыми стильдің түрлері
3.Ғылыми стильге тән тілдік-стильдік белгілер


Дәрістің мақсаты: Ғылыми стильдің өзіндік ерекшелігін, оның тілдік белгілерін, түрлері мен қалыптасу тарихын, қазіргі жағдайын түсіндіру.

Ғылыми стиль адам қызметінің ерекше саласы – ғылыми салаға қызмет етеді. Ғылымда ой логикалық тұрғыдан ізбе-із, қайшылықсыз берілуі тиіс., сондықтан бейнеленуі де анық, дәл болады.


Ғылыми стильдің өзішілік түрлері: ғылыми, техникалық, оқулық, анықтамалық болып бөлінеді. Олардың мазмұны мен міндеті әртүрлі болғанымен, алайда басын біріктіріп, тілдік құрылымын ұйымдастыратын жай ғылыми ойлаудың сипаты. Ғылыми ұғым, категориялармен жұмыс жасайды, ойлау үдерісі пайымдау, ой қорыту түрінде көрінеді. Ойлаудың осы ұғымдығы, дерексіздігі (жалпыламалығы), логикалық ғылыми стильдің мынадай сипатты белгілерін анықтайды: дерексіздік, жалпыламалық және баяндаудың логикалық тұрғыдан берілуі.
Жоғарыдағы белгілер ғылыми мәтіннің стильдік болмысын белгілейді, олар: мағыналық дәлдік (бірмағыналылық), объективтілік, қатаң тәртіптілік және жасырын эмоционалдылық. Бұл белгілердің көріну дәрежесі ғылыми мәтіннің жанрына, тақырыбына, авторына т.б. байланысты. Сөйлеудің (ғылыми стильдегі) жалпылығы, дерексіздігі ондағы қолданған сөздерден де көрінеді. Мысалы: Еменнің өсуі 150-200 жылға дейін барады (емен жайлы ұғымды береді).
Ғылыми әдебиет тақырыбына қарай (ғылыми) гуманитарлық, «ғылыми) техникалық және жаратылыстану салаларына бөлінетіні белгілі. Бұлардың жалпы стильдік белгілері ортақ, тек терминдері жағынан ерекшеленеді. Айырмашылық жанрларына байланысты ғылыми материалды беру тәсілдерінде кездеседі. Бұл тұрғыдан нағыз ғылыми стиль ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет