Жұмыс бағдарламасы пән: Қазақ әдебиеті Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет7/7
Дата03.12.2023
өлшемі252,5 Kb.
#133655
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жұм.бағ.-қаз-әдебиеті.-мейірбике-ісі-1-курс

4.3 Көрнекілік құралдар және ОТҚ:
1. Электрондық оқулықтар;
2. Мультимедиялық проектор;
3. Ақын – жазушылардың портреттері;
4. Әдебиет терминдерінің кестесі;
5. Видео, аудио материалдар.
4.4. Тест тапсырмалары. (624 тест тапсырмалары қосымша беріледі).
1. ХІХ ғасырдың І-жартысындағы жазушылар шығармалары.
Аталған кезеңдегі әдебиеттің көрнекті өкілдерінің (Байтоқ, Жанұзақ, Мұрат, Шортанбай, Маханбет, Шернияз, Алмажан) өлең толғау, дастандары туралы.
2. Дулат Бабатайұлы қысқаша өмірбаяны. «Аягөз», «Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңдері, «Еспенбет» дастаны.
3. Маханбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Нарын», «Соғыс», «Ей, Маханбет жолдасым», «Толарсықтан саз кешіп», Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», т.б. өлеңдері.
4. Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы. Таланты ғалым, публицист, әдебиет зерттеуші, ер жүрек саяхатшы географ.Туындылары: «Ыстықкөл туындылары», «Жоғары очерктері», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері», «Қашқария очерктері», орыстың аса көрнекті ақын-жазушыларымен, ғалымдармен жазысқан «хаттары».
5. Ыбырай Алтынсарин Өмірі мен ағартышының қызметі. Оның ақындық, жазушының шығармашылығының ағартушыдық-демократтық идеясымен өзектестігі. Өлеңдері: «Өнер білім бар жұрттар», «Жаз», «Өзен», «Ананың сүюі».Әңгімелері: «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Әдептілік» т.б.
6. Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы. Ұлы ақын, данышпан, ойшыл, философ.
Өлеңдері: «Ғылым таппай мақтанба», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы», «Әсемпаз болма әрнеге», «Адамның кейбір кездері», «Желсіз түнде жарық ай», «Мәз болады болысың», «Жаз», «Күз», «Жазғытұры».Дастаны: «Ескендір»-философиялық мәні, көркемдігі.Аудармалары: «Қараңғы түнде тау қалғып», «Теректің сыйы», «Татьиянаның хаты», «Онегиннің хаты», Есек пен бұлбұл, «Піл мен канден». Қарасөздері
7. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылық ізденістерінің кең ауқымдылығы мен алуан түрлілігі, Абайдың шәкірті әрі оның дәстүрін жаңа өрістерге бағыттап дамыта жалғастырушы екені. Ойшыл, оқымысты, философ.
Өлеңдері: «Жастарға», «Кел, жастар, бір түрлі жол табайық», «Насихат», «Дүние мен өмір», «Жастық туралы».Дастаны: «Еңілік-Кебек». Кейіпкер бейнелерін даралау шеберлігі, драмалық тартымдылығы, ізгілік-гуманистік идеяны өзек етуі.
8. ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы қазақ елеінің сазы мен өлеңі (жалпы шолу)
ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы қазақ елінде сазы мен өлеңін қатар шығарып, теңдесі жоқ дара шеберлікпен орындайтын суырып салама «дала бұлбұлдары» (А Жұманов) - өнер жұлдыздары шоғырының пайда болуы. Бұл топқа жататын: Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Әсет, Үкілі Ыбырай, Естайлардың әрқайсысы әуен-сазын өзі шығарған аса көрнекті сазгер, өзі орындайтын ұлы әнші, өлеңдерін де өзі тудырған тамаша ақындар.
9. ХХ ғасыр әдебиеті туралы ұғым. ХІХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет.Ахмет Байтұрсынов
Шығармашылық өмірі, қоғамдық қызметі. «Қырық мысал», «Маса» бойынша жинақталған түйіндемелік түсінік.
10. Міржақып Дулатов
Шығармашылық өмірі, қоғамдық қызметі. «Оян қазақ» өлең жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы бойынша жинақталған түйіндемелік түсінік.
11. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Шығармашылық өмірі. Өлеңдері, «Қмар сұлу»романы, «Кім жазықты», «Адасқан өмір», поэмалары. ВАқын шығармаларындағы азаматтық әуен, лирикалық сезім.
12. Мағжан Жұмабаев
Шығармашылық өмір. Өлеңдері. «Батыр Баян поэмасы» - романтикалық шығарма.
13. ХХ ғасыр 20-30 жылдардағы әдебиет
14. Жүспбек Аймауытов
Шығармашылық өмірі. «Қартқожа», «Ақбілек» романдарының мәні. Драмалық шығармалары туралы түсінік «Шернияз» пьесасы.
15. Сәкен Сейфуллин
Шығармашылық өмірі, қоғамдық қызметі.
Өлеңдері: «Сағындым», «Тұлпарым», «Маржан», «Тау ішінде». Поэмалары «Көкшетау», «қызыл ат». Прозасы «Бандыны қуған Хамит» әңгімесі, «Тар жол тайғақ кешу» романы
16. ХІХ ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиеттің ерекшелігі
17. Ілияс Жансүгіров Шығармашылық өмірі. Өлеңдері, лирик ақын. «Күйші» өнер құдіретін суреттеуі, «Құлагер» ақын мен ат трагедиясы – заман трагедиясы поэмалары. Сатиралық әңгімелері «Құйрықты базар» т.б.
18. Бейімбет Майлин
Шығармашылық өмірі. Ауыл шындығының жыршысы «Мырқымбай», «Ыбыраймыз», «Ыбыраймын», т.б. «Шұғаның белгісі» повесі сұлулық портреті. Әңгімелері «Сексен сом», «Күлпаш», «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» т.б. «раушан коммунист» повесі.
19. ХХ ғасырдың 40-60жылдарындағы әдебиет
Жамбыл ЖабаевШығармашылық өмірі.Өлеңдері: «Зілді бұйрық», «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» жыры, «Ленинградтық өренім», «Бесік жыры», «Балаларға», «Патша әмірі тартылды», «Абайдың суретіне», «Алатауды айналсам».Сәбит Мұқанов Өмірбаяны.
20. Ғабит Мүсірепов
Шығармалары: «Өмір жорығы», әңгімелері, «Ұлпан» романы.
21. Ғабиден Мұстафин «Даулдан кейін» романы.
22. Қасым Аманжолов
Өмірбаяны, шығармашылығы.
«Дариға сол қыз», «Туған жер» өлеңдері.
23. Әбділда Тәжібаев
Өмірі. ХХ ғасырдағы аса көрнекті қазақ ақындарының бірі. «Теңізге», «Қара теңізге».
24.Ілияс Есенберлин
Тарихи Тақырыпқа тың сүрлеу салған «Көшпенділер»трилогиясы, («Алмас қылыш», «Алтын орда», «Қаһар» романдары).
Тарихи тұлғалар бейнесі және олардың жеңістері мен жеңілістерінің тағлымы.
25. Әбдіжамал Нұрпейісов
Жазушының шығармашылық өмірі.
26. Мұқағали Мақатаев
Шығармалары: «Қазақ жері», «Үш бақытым», «Поэзия», «Музаға», «Өлең деген тумайды жайшылықта», «Қарлығашым», «Қайран Қарасазым-ай», «Туған жерге», «Қабағы таудың қатулы», «Махаббат диалогі», «Есіңе алғайсың», «Көңілім», «Кең дүние», «Асығып алыс күндерге» т.б. өлеңдері. «Аққулар ұйқтағанда» поэмасы.
27. Қадыр Мырза Әли
Шығармашылық өмірбаяны. Өмір мен табиғат құбылыстарын суреттеудегі тапқырлығы. Философиялық лириканың ірі өкілі екені.
Өлеңдері: «Асауды үйрету», «Қазақты шетелдіктерге таныстыру», «Бабалардың шоқ басқан табанымен», «Тігерге тұяқ қалмай қырқып атып», «Өмірдің өзі қызық-ақ».
28. Тұманбай Молдағалиев
Өмірбаяны. Махаббат, жастық, көркем жыршысы. «Қайта оралдытырналар», «Түскиіз».
29. Қабдеш Жұмаділов Өмірбаян. Қазақ тарихы менҚытай қазақтары өмірін арқау еткен қатпарлы романдарының авторы екені. Өзіне тән стильдік, көркемдік тәсілдері. Тіл байлығы, тілінің сұлу орамдылығы.
Туындылары: «Соңғы көш» трилогиясы, «Қазадар қайтып барады».
30. Олжас Сүлейменов
Өмірі мен шығармашылығы. Орыс тілінде жазатыны. ХХ ғасырдың аса көрнекті ақындарының бірі.
Туындылары: «Азия», «Қыш кітабы» шығармалары, «Арғымақтар», «Қыз қуу», «Ришад-қыр қазағының баласы», «Бір соғыстың аяғы…», «Қасқырдың бөлтіріктері».
31. Мұқтар Шаханов
Өмірбаяны. Есімі әлемге танымал ірі ақын. Өлең, поэмалары дүние жүзі халықтарының тіліне ең көп аударылған қазақ ақыны.
Шығармалары: «Төрт ана», «Түсіну теоремасы», «Желтоқсан тағлымы» өлеңдері мен «Отырар» поэмасы.
32. М. Айтқожина, Ф. Оңғарсынова туындыларының идеялық, көркемдік, тақырыптық, стильдік сипаттамасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет