Жұмыс бағдарламасы пән: Қазақ әдебиеті Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет5/7
Дата03.12.2023
өлшемі252,5 Kb.
#133655
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Тақырып 6.7. Қасым Аманжолов
Өмірбаяны, шығармашылығы.
«Дариға сол қыз», «Туған жер» өлеңдері.
Тақырып 6.8. Әбділда Тәжібаев
Өмірі. ХХ ғасырдағы аса көрнекті қазақ ақындарының бірі. «Теңізге», «Қара теңізге».
Тақырып 6.9.Ілияс Есенберлин
Жазушының өмір жолы. Тарихи Тақырыпқа тың сүрлеу салған «Көшпенділер»трилогиясы, («Алмас қылыш», «Алтын орда», «Қаһар» романдары).
Тарихи тұлғалар бейнесі және олардың жеңістері мен жеңілістерінің тағлымы.
Тақырып 6.10 Әбдіжамал Нұрпейісов
Жазушының шығармашылық өмірі.
Соғыстан оралған жас талаптың тырнақалды туындысы – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар «Курляндия» романы болса, туған жері – Арал балықшыларының реолюция жылдарындағы өмірін суреттеуге арналған, жазушының есімін әлемге танытқан «Қан мен тер» трилогиясы.
Тақырып 6.11. Мұқағали Мақатаев
Ақынның өмірі, шығармашылығы. ХХ ғасырдың 2-жартысындағы әлемдік деңгейдегі ең ірі ақындардың бірі екендігі. Туындыларындағы еркіндік, шынайылық, ой мен сезім тереңдігі, драматизм.
Шығармалары: «Қазақ жері», «Үш бақытым», «Поэзия», «Музаға», «Өлең деген тумайды жайшылықта», «Қарлығашым», «Қайран Қарасазым-ай», «Туған жерге», «Қабағы таудың қатулы», «Махаббат диалогі», «Есіңе алғайсың», «Көңілім», «Кең дүние», «Асығып алыс күндерге» т.б. өлеңдері. «Аққулар ұйқтағанда» поэмасы.
Тақырып 6.12. Қадыр Мырза Әли
Шығармашылық өмірбаяны. Өмір мен табиғат құбылыстарын суреттеудегі тапқырлығы. Философиялық лириканың ірі өкілі екені.
Өлеңдері: «Асауды үйрету», «Қазақты шетелдіктерге таныстыру», «Бабалардың шоқ басқан табанымен», «Тігерге тұяқ қалмай қырқып атып», «Өмірдің өзі қызық-ақ».
Тақырып 6.13 Тұманбай Молдағалиев
Өмірбаяны. Махаббат, жастық, көркем жыршысы. «Қайта оралдытырналар», «Түскиіз».
Тақырып 6.14 Қабдеш Жұмаділов
Өмірбаян. Қазақ тарихы менҚытай қазақтары өмірін арқау еткен қатпарлы романдарының авторы екені. Өзіне тән стильдік, көркемдік тәсілдері. Тіл байлығы, тілінің сұлу орамдылығы.
Туындылары: «Соңғы көш» трилогиясы, «Қазадар қайтып барады».
Тақырып 6.15 Олжас Сүлейменов
Өмірі мен шығармашылығы. Орыс тілінде жазатыны. ХХ ғасырдың аса көрнекті ақындарының бірі.
Туындылары: «Азия», «Қыш кітабы» шығармалары, «Арғымақтар», «Қыз қуу», «Ришад-қыр қазағының баласы», «Бір соғыстың аяғы…», «Қасқырдың бөлтіріктері».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет