Жұмыс бағдарламасы пән: «Медициналық оңалтудың негіздері» Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет32/110
Дата04.04.2023
өлшемі344,68 Kb.
#78927
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   110
Байланысты:
osn med reab 3k kz

Ситуациялық есептер :
1 есеп. 47 жастағы әйел, тұрмыста, балалары жоқ. 1,5 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, жауапты кассир болып жұмыс істейді. Оңалту орталығына барады, жұмыстан уақыты бомайды.
Сіздің кеңесіңіз.
2 есеп. 50 жастағы үйленбеген еркеке. 2 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, бухгалтер болып жұмыс істейді. Жүрегінің тұсы ауырмайды, ентікпесі жоқ. 48 жасында инсульттен атасы қайтыс болған. 9 жылдан бері темекі тартады. Ішімдік ішпейді. Бойы 170см, салмағы 105кг.
Осы науқасқа емдік дене шынықтыру нұсқаулығын үйде жасайға беруге болады ма?

3 – сабақ
1. Тақырыбы: Кешенді реабилитация жүйесінде физиотерапияның ілім ретінде алатын орны, маңызы, тарихы. Физиотерапиялық бөлімше жұмысын ұйымдастыру.


2. Мақсаты: Тақырыптың өзектілігі түрлі ауруларды оңалтуда физикалық факторлардың маңыздылығымен және медициналық реабилитологияның түрлі кезеңдеріне тағайындалуымен сипатталады. Емдік дене шынықтыру кейбір ауруларды емдеуде және алдын алуда ерекше орын алады және медициналық реабилитологияның анағұрлым маңызды және әсерлі әдісі болып табылады. Бұл оның тек бұлшықеттерді нығайту және қанайналым мен лимфаайналымның жақсаруына ғана емес, сонымен қатар, аурудан салдарынан бұзылған физиологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған орын толықтыруға икемделген механизмдерді ендірумен байланысты.
Терапиялық жоғары нәтижелілікті қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлер мен науқастардың физиотерапиялық процедураларды жасағанда құрылғылардың ережелерін қатаң сақтау, физиотерапиялық бөлімшені пайдалану мен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.


3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:

  1. Физиотерапия туралы жалпы түсінік;

  2. Даму тарихының негізгі кезеңдері;

  3. Физиологиялық және емдік әсерлердің жалпы механизмдері;

  4. Физиотерапияның реабилитация жүйесінде орны мен маңызы, физикалық факторлардың классификациясы;

  5. Физиотерапиялық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру принциптері, (бөлменің), жабдықталуы; физиотерапиялық бөлімшеде мейірбикелік кезеңді жүргізу мүмкіндігі мен ұйымдастырылуы;

  6. Орта медицина қызметкерінің қызметтік міндеттері;

  7. Физиотерапиялық бөлімшенің құжаттамасы, Физикалық емге жолдамаға карта (ф.044\у), бөлімше паспорты; науқастарды тіркеу журналы;

  8. Мейірбикелік қызметтің қызметтік міндеттері;

  9. Физиотерапиялық бөлімшедегі техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет