Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Жүрек - өкпе реанимациясындағы көрсетілетін көмек реті



бет149/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
med is neg 3k kz

Жүрек - өкпе реанимациясындағы көрсетілетін көмек реті:

  1. науқастың жалпы күйін (ақыл –есін, дене температурасын, жүрек соғысын, демалысын) бағалау

  2. тыныс алуын қамтамасыз ету

  3. жасанды тыныс алуына көмектесу

  4. жүрекке тікелей емес массаж жасап, қан айналымын жақсарту

Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру

  1. Науқасты көлденеңінен жатқызып, жауырының астына жастықша қою керек, тар киімдерін шешіп, ауыз қуысын ашу керек. Төменгі жағын төменге – алға түсіріп, жасанды болса алу керек.

  2. Науқастың басын барынша шалқайту (сол қолмен маңдайыннан, оң қолмен мойынан ұстау арқылы)

  3. Жақ аралығына бинт не желім (пластмасса) тығынды қою

  4. Жұтқышшақтың ауыз бөлігінен бөгде заттарды алып тастау. Бөгде заттарды сұқ саусақпен алады. Ол үшін науқастың басын бір жағына қисайтып, аса сақтықпен бөгде затты алады. Ауыз қуысын электр сорғышпен тазалаған дұрыс. Тыныс жолдарынан құсық массасын, кілегейлерді алу үшін науқасты ішімен не қырымен жатқызып алады. Бұл әдісті омыртқа жотасы зақымдағанда қолдануға болмайды.

Бөгде заттарды тыныс долдарынан алу

  • бөгде затты саусақпен алу

  • бірнеше рет жауырын тұсынан ұру

  • алдынан артқа, төменнен – жоғары бағытында кіндік айналасынан 5 рет соққы беру. (Гейнлих әдісі). Жүкітіліктің соңғы айларындағы әйелдер мен толық адамдарға соққыны төстің ортаңғы бөлігінен береді. Кейіннен науқастың тыныс алуын анықтау керек. Қажет болса 3-5 минут көлемінде 3-5 науқасқа дем беру керек.

Өкпеге жасанды дем беру

    1. «Ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға» дем беру тәсілдері:

1 – тәсіл – бір қолмен науқастың мұрнын қысып,
2 – тәсіл – қолмен науқастың ауызын ашып, дем жібереді
3 – тәсіл – бұл тәсілде науқастың аузы жабық тұруы керек.
Ауаны мұрынға енгізу минутына 10-12 рет болуы керек.
Сильвестров тәсілі бойынша өкпеге альтернативті жасанды дем беру тәсілі. Егер жоғарыдағы тәсілдері қолдануға болмаса, онда:

  • кеуде қуысындағы төменгі қабырғаларды ырғақты сығу керек

  • жауырын астына 15-20 см жастықша қою

  • науқастың қолын жоғары көтеріліп, дем беріп, қолын кеудесіне қойып демді шығару керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет