Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет148/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
med is neg 3k kz

тәрбиелік: оқушыларды халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау, клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық көмек көрсету қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Егде және ересек жастағы ауруларды күтудегі практикалық дағдыларын меңгерту.

  • Осы жастағы адамдардың арасындағы жиі кездесетін ауруды байқау.

  • Жасанды тамақтандырылатын тамақты үйымдастыру.

  • Егде және ересек адамдардың жеке басының гигиенасы.

  • емдік дене шынықтыру

  • Бақытсыз жағдайды, сыныкты емдеу.

  • Гериатрикалық науқастардың өкпе қабыну ауруының алдын алу.



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:

  • реанимация түсініктемесі

  • клиникалық және биологиялық өлім белгілері

  • тыныс алу жолында кедергі кездескендегі белгілер

  • жүргізілетін реанимациялық шаралардың тиімді әсерлері

  • қарапайым жүректік, өкпелік реанимациялық көлемі және реттілігі

Реаниматология – ағзаның қайта тірілту аспектілерін оқытатын, клиникалық медициналық бөлімі. Реанимация – ағзаның тіршілік әрекетін қайта қалыптастыру үшін қолданылатын әртүрлі жүйелі шаралар атауы. Жүрек соғысы тоқтағанда, тыныс тоқтағанда, ағза әртүрлі умен уланғанда, ауыр соққы алғанда, қан жоғалтқанда, өткір бүйрек және бауыр қызметінің жетіспеушілігінде және қышқыл – сілтілі күй бұзылғанда реанимациялық шаралар қолданылады. Ауыр халдегі науқас негізінен аурудан емес, оның асқынуынан қайтыс болады. Сондықтан ауыр халдегі науқастар ерекше күтіммен ұқыпты қарауды қажет етеді.
Өлім – ағзаның тіршілік әрекетінің тоқтауы. Танатология (tanatos - өлім) - өлім кезіндегі ағзада болатын клиникалық, биохимиялық және морфологиялық өзгерістердің механизмі оқытатын ілім. Өлімге алып келетін себептер мен әсерлер танатогенез деп аталады. Өлімнің негізгі себептері: ағза мүшелерінің қызметінің бұзылуы, көп мөлшерде жоғалту, миға қан құюлу, улану, жүрек және тыныс алу жүйелерінің қызметінің жестіпеушілігі.
Клиникалық өлім – ағзаның өмір сүру әрекетінің уақытша тоқтауы. Бұл кезде ішкі мүшелер мен ұлпалар өз қызметін тоқтатпайды. Клиникалық өлім 5-6 минутқа созылады. Осы уақыт аралығында реанимациялық шаралардың көмегімен ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіруге болады. Клиникалық өлім кезінде көмек көрсетілмесе биологиялық өлімге ұшырайды. Ағза түгелдей тіршілігін тоқтатады. Қайта тірілтуге болмайды. Клиникалық өлім мерзімін дене температурасын (8-12С) төмендету арқылы 1-1,5 сағатқа созуға болады.
Клиникалық өлім белгілері: Ірі қан тамырларының (ұйқы, сан, иық) соғысының болмауы, Есін жоғалту, Қарашықтың кеңеюі, тырысу, тыныстың тоқтауы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет