Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет150/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
med is neg 3k kz

Қан айналымын қалпына келтіру
Жүрекке тікелей емес массаж жасау арқылы қан айналымын қайта қалпына келтіруге болады. Науқасқа массаж жасауды ертерек бастау, оның тіршілік әрекетінің қайта қалпына келуіне ықпал етеді. Массажды жүрек тоқтағаннын кейінгі 4-5 минут аралығында жасау керек. Бұл тәсілді ұйқы артериясының соғуы тоқтағанда тыныс тоқтағанда, қарашық кеңейгенде, қарашыққа жарық әсер еткенде қолданады.


Жүрекке массаж жасауды орындау

  • науқасты арқасымен қатты жерге (еден, жер) жатқызыңыз

  • науқасқа массаж жасайтын орынды белгілеңіз (төстің төменгі 1/3-і)

  • бір қолдың үстіне 2 қолдың алақаның қойып, науқасқа массаж жасайды.

  • Жүрекке массажды минутына кемінде 60 рет жасау керек.

Жүрекке массаждың тиімді әсерінің көрсеткіштері

  • әр бір сығудаң кейін артеричның соғуы

  • қарашықтың тарылуы

  • тыныс алудың қалпына келуі

Егер реанимациялық көмекті 1 адам атқарып жатса, онда кеуде қуысын әрбір 15 сығудан кейін 1-2 сек. Ұзақтығында өкпеге 2 реттен энергиялы, баяу дем жіберуі керек. Ауа өңешке кетпеуі үшін науқастың басының орналасуын қадағалап отыру керек.
Егер реанимациялық көмекті 2 адам атқарып жаста, онда минутына кеуде қуысын 80 рет сығып, өкпееге 12 рет жасанды дем беру керек (5-6 сығудан кейін 1 рет дем жіберу). Егер массаж ырғағымен ірі қан тамырлары соқса, тыныс пайда болса, көгеру жойылсы, қарашық кішірейсе массаж жасау тиімді болды деп есептеледі. Егер жоғарыдағы аталған белгілер 30-40 минуттан соң байқалмаса массаж тиімсіз делініп, тоқтатылады.
Биологиялық өлім белгілері: тыныстың түгел бітуі, тамыр соғуының тоқтауы, көз жанарының сөнуі. Қарашыққа жарықтың сезінбеуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет