7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б) Жағдайлық есептер: Дені сау, жүкгі К. деген әйелдің жоспарлы тексеруде венерологиялық ауруларға, қаннан ИФА жасағанда, ВИЧ-ке антидене оң нәтиже бергені анықталған. Қосымша анализ жүргізіп, оң реактирленуші сары суларды вестернблотинт әдісінің көмегімен тексертеді, жалған оң нәтиже көрсетілгені анықталды. Жүкті әйелдің иммуноферментті әдіс және вестернблотинг әдісінің көмегімен алынған анализдердің нәтижесі.
Республика ауданының бірінде төтенше жағдай жарияланды, ол жерде иттің, мысықтың, түйенің, т.б. жануарларда құтыру ауруы анықталды. Сіздің мақсатыңыз жедел түрде емдеу профилактикалық мекемелерді арнайы биологиялық препараттармен жабдықтау. Бірінші қандай препаратпен жабдықтаймыз? Адамның құтыруымен жарақаттану механизмін ескере отырып антирабикалық вакцинаны қолдануды негіздеңіз (жоспарлық және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша). Антирабикалық вакцинаны қолданылғаннан кейінгі асқынуларды ескерілуі керек және емдеу үшін қандай препараттарды қолдануымыз керек?
Тесттер: 1. АИВ қоздырғышының “нысана” жасушалары:
Т-эффекторлар
В-лимфоциттер
Т-киллерлер
Т-хелперлер
Т-супрессорлар
2. Жасуша ішінде АИВ геномы … көмегімен ДНҚ геномға айналады:
липидті қосқабатты мембрананың
интегразаның
кері транскрипцияның
протеазаның
РНҚ- аза Н-тың
3. АИВ Т-хелперлердің беткейіндегі СД-4 рецепторын өзінің …белогы арқылы таниды.
гликопротеид 41
протейн 7
гликопртеид 120
протейн 9
протеин 24
4. АИВ репродукциясында кері транскриптаза вирустық РНҚ-дан … синтездейді.
ДНҚ провирусты