Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»


Қорытынды сұрақтар (кері байланысы)



бет219/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):

  1. Санитарлық микробиологияны зерттейтін микробиологияның саласы?

  2. Санитарлық-микробиологияның мақсаты?

  3. Қандай микроағзаларды санитарлық көрсеткіш деп атайды?.

Дәріс № 28.
1.Тақырыбы: Санитарлық-микробиологиялық зерттеулер әдістері. Судың санитарлық микробиологиясы. Ауаның және жиhаз заттарының санитарлық микробиологиясы.
2. Мақсаты: Судың санитарлық-бактериологиялық зерттеу әдістерін меңгеру.
3. Дәріс тезистері.
Су микроорганизмдер үшін қалыпты орын болып табылады. Судағы микроорганизмдер сырттан түскен және өз микрофлорасы болуы мүмкін.
Патогенді микроорганизмдердің өмір сүруі оның түріне, контаминерленген санына, микробтардың сапрофитикалық санына, судың температурасына, судың органикалық заттарының санына байланысты. Сол себептен су ішек инфекцияларының негізгі тарату жолы болып табылады (іш сүзегі дизентерия, тырысқақ, полимиелит, гепатит).
Суда сібір күйдіргісі қоздырғышының спорасы жылдап, сальмонеллалар, лептоспиралалар, полиомиелит және гепатит А вирустары бір немесе бірнеше ай, дизентерия, холера, бруцеллез, туляремия, шартты-патогенді энтеробактериялар ішек инфекцияларының қоздырғыштары апта және ай сақталады.
Әртүрлі объектіден судың сапасын анықтау мен бағалау әдістері стандарттық мемлелкеттік нормативті актте (ГОСТ), санитарлы құқықтар мен қалыптар туралы нұсқауларда көрсетілген.
Қазіргі кезде судың санитарлы-микробиологиялық сапасының көрсеткіштері:

  1. 1 мл (см3) судағы жалпы микроорганизмдер саны.

  2. 1 л судағы ішек таяқшаларының индексі.

Бұрын судың көлемі бойынша да сапалық көрсеткіштер анықталатын. Осы санитарлы-микробиологиялық көрсеткіштер арқылы энтерококтар, сальмонеллалар, холера вибрионы, энтеровирустар анықталады.
Топырақ микроорганизмдер үшін маңызы ерекше орта болып табылады. Топырақ микрофлорасының құрамы оның түріне,ылғалдылығына,температурасына байланысты құбылмалы келеді. Микрофлора тығыздығы 10-20 мн. Топырақ микроорганизімдері зат және энергия алмасудың барлық процестеріне қатысады:биомасса синтезі мен энергия акумуляциясы,нитрификаци, дезинтрификация,күкірт, фосфор элесенттері алмасуы. Микробтар судан ,ауадан,жануарлар мен өсімдіктерден түседі.Вирустар топырақта бірнеше кун және ай сақталады,спора түзуші сіреспе,анаэробты жарақат инфекциялары,сібір қоздырғыштары бірнеше жылдар бойы сақталады.Ботулизім,актиномикоз,терең микотоксикоз қоздырушылары үшін қалыпты өмір сүру мекені болып табылады.Санитарлы көрсеткішті микроорганизмдер – адамнан бөлініп алынған бактериялар, олар да сол жолмен бөлінген бактериялардың өмір сүруіне ұқсас, олар қоршаған ортада белсенді көбейтіп қазіргі кезде микробиологиялық әдістер арқылы табылып, сапасы анықталады.
Ауа-тамшылы жолмен респираторлық инфекциялар қоздырғыштары – грип,туберкулез,көк жөтел, дифтерия, паротит т.б. таралады.Микроптық аэрозольдар аллергиялық.Ауа микроорганизмдер үшін қолайсыз орын,себебі ол жерде ылғал мен қоректік заттар аз,кун сәулесі де микробтарды жойып жібереді.
Микрофлоралардың ауадағы сандық және түрлік құрамы күн радиациясы, тұрғындар тығыздығына, метео жағдайына т.б. байланысты,тұрғын үй ауасында, көбінесе адамның тыныс жолдарымен тері микрофлоралары кездеседі.
Ауруларды туғызуы мүмкін,әсіресе ауада саңырауқұлақтар мен актиномицеттер көп кездеседі.
Ауаны санитарлы – микробиологиялық зерттеу әдістері арқылы операциялық, байламдық және хирургиялық, акушер- гинекологиялық бөлімдер мен палаталар, блоктар,бокстар,балалар мекемелері, дәріханалар биотехнология өндірісі және лабораториялық бөлімдер ауасы тексеріледі.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет