VII. Бақылау: сұрақтар Өндірістік ғимараттағы микроклиматты сипаттайтын факторлар.
Микроклиматтың негізгі параметрлерін өлшейтін аспаптар.
Микроклиматтың жағымсыз әсерімен байланысты патологиялық жағдайларды бағалау.
Өндірістік ортадағы микроклимат көрсеткіштерін оңтайландыруға бағытталған іс-шаралар.
№4 І. Тақырыбы: Өндірістік аэрозольдерді гигиеналық бағалау және зерттеу әдістері.
ІІ. Мақсаты:
Өнеркәсіптік аэрозольдардың түсініктерімен және жіктелуімен студенттерді таныстыру:
Аэрозольдардың химия-физикалық құрамының гигиеналық маңызын және олардың адам ағзасына әсер етуін түсіндіру;
Студенттерді аспаптардың жұмыс істеу қағидаларымен және шаңдануды анықтау әдістерімен таныстыру
III. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс:
Өнеркәсіптік аэрозольдардың түсініктері мен жіктелуін;
Дәрілерді дайындаудағы технологиялық үрдістегі өндірістік шаңдардың пайда болуының негізгі факторлары;
Аэрозольдардың химия-физикалық құрамының гигиеналық маңызын және олардың адам ағзасына әсер етуі;
Шаңдануды анықтайтын аспаптар мен әдістер;
Жұмыс орнының шаңдануына қойылатын нормативті талаптар және алдын-алу іс-шаралары.
Студент істей білуі тиіс:
Дәрілік препараттарды өндіру үрдісіндегі аэрозольдердің пайда болуына технологиялық сипаттама беру;
Лайыкты өлшемдерді және өндірістік ортаның шаңдануының есебін жүргізу;
Алынған есептердің нәтижесі бойынша шаңның адам ағзасына әсеріне гигиеналық баға беру;
Санитарлық-гигиеналық және технологиялық сипаттамаларға байланысты сәйкесінше ұсыныстар беру.
IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Дәрілерді дайындаудағы технологиялық үрдістегі өндірістік аэрозольдардың химия-физикалық сипаттамасы және ондағы шаңдардың адам ағзасына әсері.
Өндірістік шаңның адам ағзасына әсер етуі.
Өндірістік нысандардағы шаңдануды анықтауға арналған әдістер мен аспаптар.
Өндірістік ортадағы шаңдануды нормалаудың гигиеналық көрсеткіштері.
Өндірістік нысандардағы шаңданудың алдын алу шараларын ұйымдастыру.