VII. Бақылау: сұрақтар Фармацевтикалық өнеркәсіп мекемелеріндегі және дәріхана ғимараттарындағы табиғи және жасанды жарықтану параметрлерін сақтаудың гигиеналық маңызы қандай?
Табиғи жарықтанудың параметрлеріне гигиеналық сипаттама беріңіз.
Табиғи жарықтанудың аса объективті көрсеткішін көрсетіңіз.
Люксметр қалай орналасқан және онымен жұмыс істеу тәртібін көрсетіңіз.
Дәріханалардың табиғи және жасанды жарықтануының гигиеналық нормативтерін атаңыз.
Табиғи және жасанды жарықтанудың есептік әдісін бағалаудың гигиеналық негізі неде?
№6 І. Тақырыбы: Ауада химиялық улы заттардың (газдар, булар) болуын зерттеу әдістерін меңгеру.
ІІ. Мақсаты:
Студенттерге жұмыс аймағындағы ауаны ластайтын зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациясының (ШРЕК) негізгі қағидалары туралы білім беру;
Атмосфералық ауа гигиенасы зертханасының зертханалық-техникалық жабдықталуы;