Жұмыс бағдарламасы Студенттерге арналған пән



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата28.02.2017
өлшемі310,13 Kb.
#5086
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

                               

Төртінші сабақ – 2 сағат

Негізгі   тақырып:  «Әуенділік».   Негізгі   және   күрделі   жанрларда

музыканың әуенділігі және оның дамуы.



Мақсаты:  Музыка   өмірмен   байланысты,   үлгі   арқылы   (музыкалық

шығармалар) әуенділікті дәлелдеу. Күрделі жанрлармен тереңірек танысып,

шамасына қарай орындау шеберлікті дамыту.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

І.   «Конек   –   Горбунок»   -   балетінен   оркестрлік   кіріспе.   Р.Шедрин   -

тыңдау.

2. «Таң» – «Пер Гюнт» сюитасынан үзінді. Э.Григ  - тыңдау.



3. «Мұғалім ол біздің» И.Нүсіпбаев - қайталау.

4. Симфониялық поэма «Теміртау таңы» Ғ.Жұбанова. Тыңдау.

5. Музыкалық сауат: Әлді-әлсіз үлестер. Такт-такт сызығы. Өлшемдер.

Дирижерлық сілтеу.

6. «Сүйікті мектебім» қайталау.

7. «Абай» операсынан - Абайдың ариясы. Ахмет Жұбанов - Л.Хамиди -

тыңдау.

Бесінші сабақ – 2 сағат

Тақырыбы: Музыкадағы әуенділік, оның дамуы.


Мақсаты: Мәнерлеп орындаушылық икемділігі мен дағдылары

және Абайдың шығармашылығымен танысу. 



Қолданылған музыкалық шығармалар: 

І.   «Абайдың   ариясы»   «Абай»   операсынан.   А.Жұбанов-Л.Хамиди   -

тыңдау.

2. «Айттым сәлем, қаламқас» Абай - тыңдау.



3. «Көзімнің қарасы» Абай – тыңдау, үйрену.

4. «Таң» «Пер Гюнт» сюитасынан (негізгі тақырып) Э.Григ - орындау. 

5. «Айгөлек» Б.Байқадамов – қайталау.

6.   «Сусаниннің   ариясы»     «Иван   Сусанин»   операсынан.   М.Глинка   –

тыңдау.

7. «Сүйікті Отаным» Б.Ғазитов - тыңдау, үйрену.



Алтыншы сабақ – 2 сағат

Тақырыбы:  Музыкадағы би  ырғақтылығы және оның дамуы.

Мақсаты: Негізгі тақырыпты кеңейту, ой-өрісін кеңейту, ырғақ сезімін

дамыту, мәнерлеушілік дағдылырын қалыптастыру.



Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «Ортеке» А.Еспаев - тыңдау, орындау.

2. «Айгөлек» Б.Байқадамов – тыңдау, орындау.

3. «Ақ құс туралы аңыз» балеті. Ғ.Жұбанова – тыңдау.

4. «Сүйікті мектебім», «Мұғалім ол біздің» – қайталау

5. «Арагон хотасы» М.Глинка - тыңдау.

Жетінші сабақ – 2 сағат

Тақырып:  Аспаптық және вокалдық музыкадағы би



ырғақтылығы  және оның дамуы.

Негізгі   мақсат: 

Негізгі   тақырыпты   жалғастыру,   орындау,

оқушылардың орындау шеберлігін дамыту. Музыкалық сауат арқылы музыка

мәнерлеу тәсілдерін байқау, мәнерлеу құралдарын білу.



Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «Арагон хотасы» М.Глинка — тыңдау, орындау.

2. «Жастар биі» халық күйі — тыңдау, орындау.

3. «Айгөлек» Б.Байқадамов – тыңдау, орындау.

4. «Сүйікті Отаным» Б.Ғизатов – орындау.  

5. «Былқылдақ», «Сылқылдақ» Тәттімбеттің күйлері – тыңдау.

6.   Балалардың   қалауы   бойынша   әндерді   қайталау:   Қазақстан

Республикасы мемлекеттік Әнұраны. Сүйікті Отаным. Суйікті мектебім т.б.    

а) «Әсем қоңыр» Д.Нүрпейісова – тыңдау.

     


Сегізінші сабақ – 1 сағат                                

Негізгі   тақырып: 

  аспаптың   және   вокальдық

музыкадағы   марш   екпінділігі   мен   ырғағы   және   оның

дамуы.

Мақсаты: алтыншы сабақтың мақсатын жалғастыру. Жанр-марш.

                            Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «№ 5 симфония» – ІІІ бөлім – Л. Бетховен – тыңдау.

2. «Сүйікті Отаным» Б.Ғизатов – қайталау.

3. «Учитель-Мұғалім» күй, Қазанғап – тыңдау.

а) «Полонез» Ф. Шопен – тыңдау.

ә) «Әрқашан күн сөнбесін» – тыңдау.

б) «Жас ұландар маршы» Б.Ғизатов – қайталау.



Тоғызыншы-оныншы сабақтар – 3 сағат 

Негізгі   тақырып:  домбыра   музыкасының,   күйдің     әуенділігі,   бидің

ырғақтылығы, марш екпінділігі және даму ерекшелігі.



Мақсаты:  берілген   екі   сабақты   кеңейте   отырып,   қазақ     аспапты

музыкасының, оның ішінде домбыра музыкасының, оған   салыстыра әннің,

бидің,   марштың   әуенділік,   би   ырғақтылық,   марш     екпінділік   және   күй

ерекшелігін сездіру және тәрбиелік мақсатына   тоқталу: музыканың негізгі

бағындыру күшін көрсету.

     


Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «Сүйікті Отаным» Б.Ғазитов – орындау.

2. «Ұшардың ұлуы»  Қорқыт күйі — тыңдау.

3. «Айжан қыз», «Келіншек», «Жастар биі» - тыңдау.

4. «Көкейкесті» Тәттімбет — тыңдау.

5. «Перауский марш»  Құрманғазы - тыңдау

6. Әндерді қайталау. 

7. «Ақсақ құлан» халық күйі – тыңдау.



Қорытынды сабақ – концерт                     

Негізгі   тақырыптарды   қайталау:   әннің,   биді,   күйдің,   марштың   -

әуенділігі, екпінділігі, ырғақтылығы және ерекшелігі, олардың дамуы.

                                          Ж о с п а р:

І. Орыдайтын әндер:  «Мұғалім ол біздің»;

                                     «Сүйікті мектебім»;

                                     «Сүйікті Отаным»;

                                     «Айгөлек»;

                                     «Таң»,  «№ 5 симфонияның»  ІІІ бөлімі.



Екінші тоқсан

Бірінші сабақ – 2 сағат 

Сабақ - қайталау. Бірінші тоқсанда өткен тақырыптарды еске түсіріп -

қайталау.



Негізгі   мақсат:  І   тоқсанда   өткен   әндерді,   тыңдаған   шығармаларды,

музыкалық   саутты   еске   түсіру.   Үлгі   арқылы   тақырыптарды   қайталау,

орындау, әңгімелеп қайталау, әннің әуенін, сөзін (мәтінін), авторларын еске

түсіру.


Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Во поле береза стояла» - орыс халық әні.

2. «Төлдер» - Б.Ғизатов.

3. «Таң» - Э.Григ.

4.  «№ 5 симфония»  ІІІ бөлімі - Л.Бетховен.

          5. «Сүйікті мектебім» - Ө.Бәйділдаев.

6. «Сүйікті Отаным» - Б.Ғизатов.

7. «Айгөлек» - Б.Байқадамов.

8. «Арагон хотасы» - М.Глинка.

9. «Жастар биі» - халық күйі.

10. «Қара торғай» - Ақан сері.

11. «Бүгін қай күн?» - С.Мухамеджанов.

12. «Кімнің құлағы ұзын?» - Ғ.Жұбанова.

Екінші сабақ – 2 сағат

Екінші тоқсанның негізгі тақырыбы: «Интонация» (дыбыс ырғағы),

«Интонация – ол дән».



Мақсаты:  Әр   түрлі   әндер,   шығармалар   арқылы   балалардың

сезімталдығын дамытып, интонация екендігін ұқтыру.

Сұрақтар:

- Интонация беген не?

- Қалай пайда болады? 

- Неден шығады?

Салыстыру   арқылы   музыкада   ерекше   интонация   бар   екені,   оны

орындау шеберлік арқылы жеткізіледі және қолдана алу көзделеді.



Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «Қара торғай» Ақан сері.

2. «Бүгін қай күн?» С.Мұхамеджанов.

3. «Балтунья» С.Прокофьев.

4. «Елім-ай».

5. «Кімнің құлағы ұзын?» Ғ.Жұбанова.

6. «Перепелочка» - белорусс халық әні.

Үшінші сабақ – 2 сағат 

                 Тақырып:  Музыка мен тіл интонациясының мәні, олардың

бірлігі.


          Негізгі мақсат: Тіл және музыка интонациясының  ерекшелігі,

олардың   айырмашылығы   және   бірлігі.   Тыңдалатын   шығармалар,

орындалатын әндер арқылы тәжірибелік жұмыстар атқару. Музыканың негізгі

дәні   интонациясында,   оның   әуенділігі   мен   екпінділігі,   ырғағын   айқындау,



оларды   ажырат   отырып,   жалпы   мәнерлеуге   тоқталу.   Қазақ   халқының

әндерінің ерекшелігіне тоқталу (лирикалық, тақпақ сазды әндер).



Қолданылған музыкалық шығармалар:

І.  «Кімнің құлағы ұзын?» Ғ.Жұбанова - үйрену.

2.  «Қара торғай» - үйрену.

3.  «Марш» Э.Григ – тыңдау.

4.  «Балтунья»  С.Прокофьев – тыңдау.

5.  «Қазақстан жалауы» Н.Дүкенбай – үйрену.

6.  «Естайдың термесі» М.Төлебаев – тыңдау.

Тақырып: Интонация шығармалардың, әндердің әуенділігін, 



ырғағын, екпінділігін көрсетеді, музыка сипатын, ерекшелігін 

ашады.          Мақсаты: Ырғақ арқылы музыкалық 

шығармалардың интонациясын байқау, ал әуенділік пен 

екпінділік интонацияға қажет. Интонацияның бір қасиеті – 

музыканың сипатын ашып-көрсету, ән орындағанда осы қасиетке

көңіл аудару.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  І. «Үш құрбы» Д.Кабалаевский – тыңдау.

  2. «№»5 симфония» ІІІ бөлім. Л.Бетховен – тыңдау, орындау.

  3. «Қазақстан жалауы» Н.Дүкенбай – қайталау.

  4. «Мы догоним  вас» - орындау.

  5. «Етікші» Д.Ботпаев – орындау.

                       Бесінші сабақ – 2 сағат

         Тақырып:  Бейнелеу мен суреттеу интонациясы.

                  Мақсаты:  Өмірде   кездесетін   жағдай,   табиғатта   болатын

суреттемелерді   бейнелейтін,   суреттейтін   музыкалық   шығармаларды   тыңдап,

әуендерді орындап, тәжірибелік жұмыстар істеу. Дыбыстың тазалығына, оның

таза интонациясына көңіл қою, орындап әндермен танысу.

                                                Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «Балдырған әні» Ш.Қалдаяқов – тыңдау, үйрену.

2. «Аққу» Н.Тілендиев – тыңдау.

3. «Көкек» Х.Мұхамедов – үйрету.

4. «Торғай арасында» М.Төлебаев – тыңдау.

5. «Қарлығаш» халық әні – тыңдау, үйрену.

6. «Перепелочка» – қайталау.

7. Қорытынды.                          



Алтыншы сабақ – 2 сағат

Тақырып:  Мәнерлік   пен   бейнелеушілік   музыкада   қатар   жүреді,

олардың қасиеттері.



         Мақсаты:  Бесінші сабақтағыдай, оны толықтыра жалғастыру.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Алты қаз» биі - «Қыз Жібек» операсынан. Е.Брусиловский – тыңдау.

2. «Көкек» Х.Мұхамедов – қайталау.

3. «Көрікті шыршамыз» Ө.Байділдаев – үйрену.

4. «Шырша әні» Л.Хамиди – үйрену т.б. әндер.



Жетінші сабақ (қорытынды сабақ)

Тақырыбы: 2 тоқсанның тақырыбын дамыту.

Негізгі   мақсат:  Музыканың   негізгі   интонациясы   шығармаларды

мәнерлеу   арқылы   дамытады,   олардың   бірлестігі   және   қасиеттері.   Ырғақ,

екпін,   дыбыстың   күштілігі,   биіктігі,   мәнерлеу   қасиеті.   Олар   музыканың

сипатын ашады, дамытады.



Қолданған музыкалық шығармалар:

1. «Бүгін қай күн?» – орындау.

2. «Кімнің құлағы ұзын?» - орындау.

3. «Балтунья», «Естайдың термесі» - тыңдау.

4. «№ 5 симфония» ІІІ бөлімі – тыңдау.

5. «Қазақстан жалауы» – орындау.

6. «Алты қаз» биі – тыңдау.

7. «Көкек» – орындау.



Үшінші тоқсан

Тоқсанның негізгі тақырыбы: Музыканың дамуы.

Бірінші сабақ – 2 сағат

          

Тақырып:  Екінші   тоқсандағы   негізгі   тақырыптарды   еске   алу,

қайталау.



Мақсаты:  Үйренген   әндерді,   тыңдаған   музыкалық   шығармаларды

еске   түсіріп,   қайталау   арқылы   орындау,   сауаттылықтарын   бекіту,

орындаушылық   шеберлігін   дамыту,   аттарын   білу,   композиторлар   туралы

шығарамашылығы туралы мағлұматтар алу.



Қолданған музыкалық шығармалар:

1.

«Бүгін қай күн?» – орындау.



2. «Кімнің құлағы ұзын?» - орындау.

3. «Балтунья», «Естайдың термесі» - тыңдау.

4. «№ 5 симфония» ІІІ бөлімі – тыңдау.

5. «Қазақстан жалауы» – орындау.

6. «Алты қаз» биі – тыңдау.

7. «Көкек» – орындау.



Қолданылған музыкалық шығармалар:

«Петя және қасқыр»  С.Прокофьев – тыңдау (Петяның тақырыбы).

«Домбырасыз сән қайда?» И.Нүсіпбаев – үйрету.


1.

«Әр түрлі балалар» - орындау. 

2.

«Во поле береза стояла» – орындау.



Үшінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: Музыканың дамуы дегеніміз - ол адамның көңіл-күйі, ойы

және пікірі. 



Мақсаты:  Адамның   көңіл-күйі   музыкаға   қалай   әсер   етеді?   Әлде

музыка адамның   көңіл-күйіне әсер ете ме? Осыны үлгі - орындау арқылы

дәлелдеу, көрсету. Орындау шеберлікті дамыту (нотамен орындау, канонды

айту т.с.).

1. «Петя және қасқыр» Петяның тақырыбы. С.Прокофьев – тыңдау.

2. «Во поле береза стояла» – орындау (канон).

3. «№ 4 симфония» финал. П.Чайковский – тыңдау.

4. «Сөз ойыны» - орындау, үйрену.

5. «Ақша қар» К.Қуатбаев – үйрену.

6. «Әсем қоңыр» Д.Нүрпейісова – тыңдау.

7. «Сүйікті мектебім», «Сүйікті Отаным» - қайталау.

8. «Шәкірттер вальсі» Н.Дүкенбай – үйрену.

9. «Ақсақ құлан» - аңыз күй – тыңдау.

10.


 «Наурыз тойы» Т.Мұратов – үйрету.

Төртінші сабақ – 2 сағат

Тақырып:  Мажор   -   минор   сазын   түсіну,   оның   музыканың   дамуына

әсер етуі. Музыканың дамуы - музыканың бейнелеушілік мазмұнын түсіну.



Мақсаты: Мажор - минор сазына түсінік беру, оны айыра білу, тыңдап,

орындап сезіну. Музыкалық сауатын ашу. Сөз мәтіні және әні (әуені) қалай

бірлеседі. Мазмұны музыканы өзгерте ме? Оны дәлелдеу ретінде орындау.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Сөз ойыны» - қайталау.

2. «Шәкірттер вальсі» Н.Дүкенбай – қайталау.

3. «Тоғай арасында» М.Төлебаев – тыңдау.

4. «Батыр бала Болатбек» А.Еспаев – тыңдау, үйрену.

5. «Анамызға мың алғыс» Б.Ғизатов – үйрену.

6. «Вальс» Ф.Шуберт – тыңдау.

7. «Сегізінші наурыз күні» Н.Дүкенбай – үйрену.

8. «Кімнің құлағы ұзын?» Ғ.Жұбанова – қайталау.

9. Қорытынды.



Бесінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: Музыканың дамуы – ол музыканың мәнерлеу құралдары: 

әсерлеу, екпін, ырғақ, саз, бояуы т.б. Орындаушылық шеберлігінін дамуы.



Мақсаты: Динамика, екпін, ырғақ, сөз, диапазон, регистр – музыканы 

өзгертеді, дамытады. Олар орындаушының шеберлігіне байланысты. Өткен 

(өтілген) әндерді, шағын әндерді қайталау, қайталағанда басқа, тақырыпқа 

байланысты көрсету және орындау. 



Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «8 наурыз күні» - орындау.

2.  Музыкалық сауат: мажор – минор.

3. «Құстар қайтып келеді» Н.Дүкенбай – үйрену.

4. «Балбырауын» Құрманғазы – тыңдау.

5. «Біздің сынып» А.Еспаев – үйрену.

6. «Тоғай арасында» - тыңдау, орындау.

7. Музыкалық сауат: сольфеджио ...



Алтыншы сабақ – 2 сағат

Тақырып:  Музыканың   дамуы   –   интонацияның   және   тақырыбының

қарама-қарсылығы, оның сипаты.



Мақсаты: Музыканың бір қасиеті - қарама-қарсылық. Оны қалай 

түсіну, сезіну - балаларға қарапайым сөздермен жеткізу, жан - сезімін ояту.



Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Құстар қайтып келеді» Н.Дүкенбай – орындау.

2. «Біздің сынып» А.Еспаев – үйрену.

  3. «№ 7 және № 20 прелюдия» Ф.Шопен – тыңдау.

  4. Музыкалық сауат.

  5. «Таң», «Тау королінің үңгірінде» Э.Григ – тыңдау, орындау.

6. «Наурыз тойы»  Т.Мұратов – тыңдау, орындау.

7. Қорытынды.



Жетінші сабақ – 2 сағат

Қорытынды сабақ, тақырыптарды қайталау. Наурыз мерекесін арнайы

бағдарламамен өткізу, концерт ұйымдастыру.



Мақсаты: Музыканың дамуына не себеп? Нені өзгертеді? Не әсер 

етеді? Орындау шеберлігін дамытып, бекіту. Есту сезімін дамыту, тәрбиелеу.



Төртінші тоқсан

Тоқсанның негізгі тақырыбы: Музыканың құрылысы (формасы).

    Негізгі мақсаты: Шығармалардың бөлімдерінің ауысуы – 

сипатының өзгеруініне байланысты.



Бірінші сабақ – 1 сағат

Тақырып: Сабақ-қайталау (Интонация. Музыканың дамуы). 

Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау, әңгімелесу және 

шығармаларды, әндерді қайталау. Музыкалық сауатты бекіту.



Қолданылған музыкалық шығармалар:

1.

«Біздің сынып» А.Еспаев – орындау.



2.

«Наурыз тойы» Т.Мұратов – үйрету.

3.

Музыкалық сауат.



4.

«Пастушья песня» – үйрету.

5.

«Туған ел» Л.Хамиди, не «Отаным» Н.Дүкенбай – тыңдау,



үйрену.

6.

«№ 6 симфония» П.Чайковский – тыңдау.



7.

«Бала уату» халық әні – тыңдау.

8.

«Сарбаздар маршы» Қ.Сәтиев – тыңдау, үйрену.



Екінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: 2-3 бөлімді шығармалар және оларға сипаттама.

Мақсаты: Үлгі арқылы тыңдалатын шығармалар, орындалатын 

әндерді талдай келе әндердің формасына, неше бөлімді екеніне көңілін 

аудару.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Пастушья песня» - орындау.

2. «Наурыз тоиы» Т.Мұратов – орындау.

3. «Әлди-әлди» халық әні – тыңдау.

4. «Калинка» орыс халық әні – тыңдау.

5. «Туған күн» Н.Дүкенбай - үйрену.

6. «Жайдарман» халық әні – тыңдау, үйрету.

Үшінші сабақ – 2 сағат (2 сабақтың жалғасы)

Тақырыбы, мақсаты өткен сабақтағыдай.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Туған ел» Л.Хамиди – тыңдау.

2. «Кімнің құлағы ұзын?» Ғ.Жұбанова – орындау.

3. «Сольвейгтің әні» Э.Григ – тыңдау.

4. «Пастушья песня» - орындау.


5. «Ата толғауы» Н.Тілендиев – орындау.

6. «Таң», «Кеш» Қ.Қуатбаев – тыңдау.

7. Музыкалық сауат.

Төртінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: Рондо формасы. 

Мақсаты: Музыка құрылуын - формасын әрі қарай жалғастыру. Үлгі 

арқылы балалар рондоға өздері түсіне жетсін.



Қолданылған музыкалық шығармалар:

1.

«Ата тоғауы» Н.Тілендиев – тыңдау.



2.

«Қос алқа» Дәулеткерей – тыңдау.

3.

«Абайдың   ариясы»   «Абай»   операсынан,   А.Жұбанов   -



Л.Хамиди – тыңдау

4.

«Кеш   жарық»   А.Қоразбаев,   «Туған   жер»   Б.Тәжібаев   -



орындау.

5.

Нотамен ән орындау.



Бесінші сабақ – 2 сағат

  Тақырып : Вариация формасы.

    

Мақсаты: Үлгі арқылы тыңдайтын, орындайтын 

шығармалардың сипаты, оның құрылысы, не себептен өзгереді (қарама-

қарсылық, мәнерлеу тәсілдері). Оның ішінде – вариация.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1.

«Қос алқа», «Ата толғауы» - үзінділер – орындау.



2.

«Қараторғай», «Майра» – тыңдау.

3.

«Жазда» Д.Гусенцев – үйрету.



4.

«Қара торғай» әніне вариация. М.Меңдіғалиев - тыңдау.

    

 5. «Камаринская» орыс халық әні – тыңдау.



6.

«Сольвеигтің әні», «Анитраның биі» Э.Григ – тыңдау.



Алтыншы сабақ – 2 сағат

Тақырып: Күрделі жанрлар – увертюра, соната, сюита, симфония

концерт және тембр.



Мақсаты: Біз білетін жәй жанрлар бізді қайда жетеледі? Ән. Би. Марш.

Күй. Олар арқылы күрделі жанрлармен танысу. Күрделі жанрлар нені 

бейнелейді? Нені суреттейді? Оның ішінде: опера, симфония, сюита, 

увертюра, оратория, концерт. Көркемдеу, мәнерлеу, оның сипатына бір дәлел 

– бояу (тембр), әр түрлі аспаптармен танысады.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Капитан Гранттың балалары» И.Дунаевский, к/фильм. Увертюра.

2. «Тореодор маршы» «Кармен» – операсынан. Ж.Бизе – орындау.


3. «Увертюра» – тыңдау.

4. «Кармен-сюита» Р.Щедрин – тыңдау.

5. Әндер.

6. «Жануарлар карнавалы» – сюита К.Сен-Санс – тыңдау.

7. Нотамен әндерді орындау.

Жетінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: өткен тақырыптарды, әндерді орындау, тыңдаған 

музыкалық шығармаларды еске алу. Орындалатын әндер, тыңдалған 

шығармалар арқылы композиторлардың стиліне көңіл аудару.

Мақсаты: балалардың назарына, ұғымдарына - әуенділік, ырғақтылық,

екпінділік, интонация, даму және бояуына аудару, бекіту. Композитордың 

стилін анықтау (талдай білу). 

Оның ішінде: Л.Бетховен, Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев, Қорқыт, Э.Григ, 

Ж.Бизе, М.Төлебаев, Л.Хамиди. Әндердің мәнерлеу құралдарына сай 

орындау. Жыл бойы алған білімдерін көрсету, тексеру, бағалау. Орындау 

шеберлігін байқау.

Қорытынды концерт ұйымдастыруға болады. Мұғалім балалармен 

бірігіп арнайы бағдарлама жасау істінде болсын. Сабақ – концерт сәтті өтсін 

дейміз.


Соңғы сабақ - концерт.

Әнді орындау және музыка қабылдау ережесі

Аузыңды бір қалыпта алып, дыбысты «бүрмелеу» арқылы шығаруға 

дағдыланыңыз.

Әнде кездесетін дауысты дыбыстарды созып, ал дауыссыз дыбыстарды 

қысқа, анық (орындаңыз) шығарыңыз.

Ән салып тұрғанда музыкалық фразаны аяғына дейін тыныс алып 

үзбеңіз.

Ән айтқанда, музыкалық шығырманы тыңдағанда оның не туралы 

баяндайтынын есте сақтаңыз. 

Үйренетін әндердің сөздерін жатқа біліңіз.

Әнді немесе музыканы тыңдап отырғанда, еш жаққа көңіл бөлмей, бар 

ықыласыңмен зейін қойып, ұйып тыңдауға дағдыланыңыз.

Дауысты бірдей бастап, бірдей аяқтаңыз, бір мезетте тыныс алуға 

үйреніңіз.

Ән әуенін әдемілеп, мәнерлеп орындауды ұмытпаңыздар.

2  сынып


БІРІНШІ ТОҚСАН

Бірінші сабақ – 2 сағат

Негізгі тақырып: Музыкадағы негізгі төрт жанр - ән, би, марш, күй.

Сабақтын   мақсаты:  Балаларды   музыкаға   қызықтыру.  Музыка   мен

өмірдің байланысын көрсету.



Тәрбиелік   мақсаты:  Өмірдің   алуан   қыры   мен   сырын   танып   білу.

«Музыканың өзі де - өмір» дегенге көз жеткізу. Музыка мен өмір жеке-жеке

болмайды. Музыка адамдар үшін жазылады және   оларсыз өмір сүрмейді. Өз

еліңнің музыкасын сүю, Отанын сүю, мектебін қадырлеу.



Дамыту мақсаты: Балаларға музаканың үш саласын   көрсету:

1. Шығарма.

2. Орындау.

3. Тыңдау.

/Музыканың өмірдегі жалпы моделін көрсету./

                                    Жанрлар:

1. Ән.

2. Би.


3. Марш.

4. Күй.


Оқытудын   мақсаты:  Терминдерді   білу:   композитор,   орындаушы,

тыңдаушы, ән, би, марш, күй. Орындаушының, тыңдаушының дене қалпы,

дыбыстың шығуы, пайда болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет