Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
мүмкін. Осы нормалар сақталған жағдайда экожүйелердің тозы болмайды, биологиялық
әралуандылық пен халықтың экологиялық қауіпсіздігі сақталынылады.
Қоршаған табиғи орта сапасының барлық нормативтер үш түрге (топтарға) бөлінеді:
санитарлық-гигиеналық, экологиялық (өндірістік-шаруашылық), қосалқы.
Санитарлық-гигиеналық нормаларға-адамды қоршаған ортаның санитарлық-
гигиеналық жағдайларының және сапасының көрсеткіштері. Санитарлық-гигиеналық
нормативтерге зиянды заттектердің (химиялық, биологиялық) шекті рауалы
концентрациясы немесе шекті рауалы мөлшері, физикалық әсерлер, санитарлық қорғау
айтағы, радиациялық әсердің шекті рауалы деңгейі жатады. Бұларды сақтау адам өміріне
қолайлы денсаулығына қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етеді.
Екінші нормативтер тобына экологиялық норматив-экологиялық регламенттер негізінде
есептелген және құқықтық статус алған антропогендік жүктеме шамалары жатады.
Қосалқы номалар мен ережелердің негізгі мақсаты қолданылатын
терминдерді,ұйымдастыру құрылымдарының және экологиялық қатынасты заң тәртібімен
реттеу бірлігінде.Қазақстан Республикасының “Қоршаған табиғи ортаны қорғау” заңына
сәйкес,осы нормативтер тобына зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациялар
(ШРК немесе ШРМ) нормативтерін, радиация,шу,вибрация,магнит өрістері әсерінің
шектеулі рауалы деңгейлер (ШРД)норматитерін,зиянды заттектердің (көкеністегі
нитраттар,ауыз судағы тұздар) нормативтерін жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |