Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


Антиденелер – иммуноглобулиндер



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата08.12.2022
өлшемі227,93 Kb.
#56037
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Иммунология

Антиденелер – иммуноглобулиндер
Иммуноглобулиндердi плазмалық торшалар шығарады. Олар қан сарысуында, лимфада,
уызда, сілекейде, торшалардың сыртқы қабығында болады. Иммуноглобулиндер 5 класқа бөлінеді.
G, M, A, D, E.
Бұлардың құрылысында квадриметрикалы димер екі тізбектен (жеңіл және ауыр) тұрады.
Иммуноглобулиннің биохимиялық, қызметтік ерекшеліктері ауыр тізбекке байланысты. Сөйтіп
әрбір иммуноглобулин құрылысы бірдей екі жеңіл , екі ауыр тізбектен тұрады, оның молекулалық
салмағы 
150.000

Дальтон. Бұл тізбектер өзара дисульфидті көпіршіктермен байланысқан, жеңіл
және ауыр тізбектің өзгермейтін (С), өзгеріп отыратын (V) аймақтары бар, солардың қосылатын
жерінде белсенді антигендермен байланысатын орталық орналасқан. Антиденелер антигеннің
әсерінен плазмалық торшадан шығарылады. Әрбір антигенге қарсы сонымен ғана байланысатын
арнайы антидене түзіледi.
Антиденелер қасиеттері
1. Спецификалық қасиеті - иммуноглобулин тек арнайы антигенмен қарым-қатынасқа
түседі. Онда антидене белсенді орталығы — антидетерминант (паратоп) антигендер белсенді
орталығы — детерминантпен (эпитоп) байланысады.
2. Валенттілігі-иммуноглобулин молекуласындағы антидетерминанттың саны, көбінесе
бұлар екі валентті, бірақ кейде 5-10 валентті антиденелер кездеседi.
3. Аффиндігі олардың байланысы өте мықты, (антидене + антиген) антидетерминант +
детерминант байланысы.
4. Авидтігі — антиген мен антидене байланысы тұрақты, олардың байланысуы жылдам
және толық, олар әр түрлі торшалармен байланыс жасай алады:
-
макрофагтармен байланысып фагоцитозды белсендіреді.
-
нейтрофилдермен фагоцитозды белсендіреді.
-
базофилдермен байланысып атопиялық реакция жүріп, медиаторлар бөлініп, жедел
жүретін аллергиялық реакцияға әкеледі.
-
тромбоциттермен байланысып қан ұюын өзгертеді.
-
Лимфоциттермен-FC рецепторымен (иммуноглобулин G) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет