Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата08.12.2022
өлшемі227,93 Kb.
#56037
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
2. Тақырып Иммунология пайда болуы және пәнінің дамуы.
Иммунитет туралы түсінік өте ерте заманда пайда болған. Тарихшы Фукидид жазған
Пелолоннес соғысы туралы жылнамаларында (б.э.д. V ғасыр) жұқпалы аурулардың
эпидемиясынан кейін ол аурумен қайта ауырмайтыны айтылған.
Біздің эрамызға дейінгі ғасырда Қытай мен Үнді елдерінде шешек ауруымен ауырған
адамдардың денесіндегі күлдіреген көпіршіктері алынып, дені сау адамдарға осы ауруға
шалдықпас үшін жұқтырылған. Батыс және Оңтүстік Африканың жергілікті халқы малды өкпе
қабынуына қарсы егуді бірнеше ғасырдан бері нәтижелі қолданып келген. Олар қабынып өлген
малдың өкпесіне пышақ сұғып, сол пышақпен сау малдың тұмсығын тілімдейді екен.
Дегенмен ең алғашқы иммунологиялық тәжірибені жасаған адам – ағылшын дәрігері Э. Дженнер.
Ол 1796 жылы сиыр шешегімен ауырып тұрған адамның қайтып бұл аурумен ауырмайтындығын
байқаған. Ол сиыр шешегінен сауыққан сауыншылардың қолдарындағы күлдіреген
көпіршіктердің суын басқа адамдарға екті. Сол сүйықты ол вакцина деп
атады (латынша vacca сиыр деген сөзді білдіреді).
Иммунологияның ғылым болып қалыптасуы кейбір жұқпалы ауруларды қоздыратын
микробтың ашылуымен тікелей байланысты. Бұл салада Л. Пастердің сіңірген еңбегі зор.
Пастердің малды тырысқақ (холера) ауруына қарсы вакциналау тәжірибесінің нәтижелері туралы
жазған мақаласы жарық көрген 1881 жыл иммунология ғылымының туған уақыты деп
есептелінеді. Ол мақаласында ауру қоздырғыш қабілеті әбден әлсіреген микробтарды батыл түрде
вакцина ретінде қолдануға болатынын айтты. Дегенмен Пастер иммундық теория жасай
алмады.
1890 жылға дейін иммунологияның берік негізін қалаған көптеген ғылыми жаңалықтар
ашылды. Илья Мечников фагоцитоз құбылысын ашып, «жасушалық иммунитет» деген ұғым
енгізеді (1884); Эмиль фон Беринг Шибасабуро Китазатомен бірге дифтерия мен сіреспеге қарсы
пассивті иммунизацияны қолданды (1891); Пауль Эрлих антиденелердің түзілуін түсіндіретін
өзінің атышулы «бүйір тізбектері» теориясын үсынды (1897); Жюль Борде 1899 жылы комплемент
жүйесін ашып, 1901 жылы комплементті байланыстыру реакциясын қойды. Бүл жаңалықтардан
соң қанның АВО тобы (К. Ландштейнер, 1900), анафилаксия (Шарль Рише, 1902), Артюс феномені
(М. Артюс, 1903) және сарысу ауруы (К. Пирке, 1905) белгілі болды. К. Пирке 1906 жылы
«аллергия» деген үғым енгізді.
Соңғы 50 жыл ішіндегі пайда болған ғылымдардың методикалық жетістіктері
иммунологияның қарқынды дамуына себепкер болды. А.Тизелиус 1938 жылы электрофорез
тәсілін қолданып, Э. Кэботпен бірге антиденелердің глобулиндер екенін дәлелдеп берді;
иммунодиф-фузия (Ж. Уден 1946), иммунофлуоресценция (А. Кунс, 1942) және
иммуноэлектрофорез (П. Грабель, 1953) тәсілдері белгілі болды; антиденелердің қүрылысын
зерттеу басталды.
1960 жылдан бастап иммунды жүйенін, орталык, торшасын-лимфоциттерді зерттеу
жүмыстары басталды, П. Медавар мен оның қызметтестері (1958) иммунологиялык,
толеранттылықтың феномені иммундык, жүйенің белсенді әрекетінің белгісі екенін дәлелдеді.
Марк-Фарлейн Бернет пен Нильс Ерне (1958) антиденелердің түзілуінің клональді – селекциялық
теориясын дамытты, ал Дж. Гуоэнс (1959) сәуленің әсеріне үшыраған сингенді реципиенттерге
6


лимфоциттерді көшіру арқылы осы торшалардың организмнің иммунды жауабында үлкен міндет
атк,аратынын дәлелдеп берді. Жан Миллер тимэктомиятәжірибесін жүргізіп, тимустың
бастапқы лимфоидты ағза екенін анықтады. Трансплантациялық иммунологияның негізін
қалаушылардың бірі Дж. Снелл 40-шы жылдарда өзінің конгенді тышқандармен жүргізген
тәжірибелерінің нәтижелері негізінде үлпа сәйкестігін ашты (Н-2 жүйесі).
1959 жылы Жан Доссе бастаған ғалымдар тобы адамның антигендерінің
гистосәйкестілігінің жүйесін (НА) ашып, аллотрансплантация кезінде үлпаларды жіктеуге
мүмкіндік туғызды. Хью Мак-Девитт иммунды жауаптың гендері гистосәйкестіліктің бас
комплексіне (кешеміне) жататындығын дәлелдеп өте маңызды ғылыми жаңалык, ашты. Б.
Бенецерраф оларды Ir-гендер (ағылшынша immune response – иммунды жауап) деп атады,
өйткені олар организмнің бөгдеантигендерге (мыcалы, зардапты микроорганизмдердің белгілі
бір антигендеріне) қарсы жауап беру қабілетін анықтайды. Кейінгі жылдардың маңызды
жаңалык,тарының ішінен моноклональдык, антиденелерді алу тәсілін – гибридомалык,
технологияны атап айтуға болады (Келер және Мильстайн, 1975ж). Моноклональдық
антиденелердің тазалығы соншалык,ты, ол антигеннің тек бір ғана детерминантасына (бөтен
белгісіне) бағытталған.
Иммунология көптеген пәндермен тығыз байланысқан. Оған дәлел кейінгі кезде
иммунохимияның, иммунопатологияның, ісік иммунологиясының, трансплантация
иммунологиясының және басқа пәндердің пайда болуы. Қазіргі кезде антиденелер биология,
биохимия, микробиология, фармакология сияқты ғылым салаларында бағалы реагент ретінде кең
қолданылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет