Антиденелер иммунитеттің маңызды қызметтерінің бірін орындайды.
Олар токсиндерді,
вирустарды, бактерияларды зарарсыздандырып, оларды түптеп жоятын фагоциттерге барынша ашық етеді.
Антиденелердің маңызы, әсіресе, вирусқа қарсы иммунитет түзілген кезде артады. Арнайы антиденелер
вируспен қосыла отырып, оның адамның басқа жасушаларына енуіне мүмкіндік беретін рецепторларын
тоқтатады. Тыныс алу жолдарының сөлдерінде бар антиденелер тұмау және басқа да респираторлық
сырқаттардың алдын алуда маңызды рөл ойнайды.
Бөгде
антигендік қасиеттерге ие патогендік және патогендік емес агенттерден қорғайтын
жасушалық және гуморальдік реакциялар тығыз байланыста қызмет атқарады да организмнің ортақ
бақылауында болады. Олар организмді патогендік микроағзалардан ғана қорғап қоймай, организмге түсетін
басқа да
бөгде заттардан, мысалы ас қорыту қызметі бұзылған кезде қанға араласатын азық
компоненттерінен, тыныс жолдарының шырышты қабаты арқылы ішке
енетін өсімдік тозаңдарынан,
реципиенттің қан тобына сай келмейтін донорлық қаннан, иммунологиялық
сәйкессіздік кезіндегі
органдардың жасушалары мен ұлпаларынан қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: