Айқын белгіленбегентұлғалық құндылықтар өзінің негізгі принциптері айқын емес немесе тұрақты емес немесе құндылықтары уақытқа сәйкес келмейтін менеджерлерге тән. Мұндай менеджерлер жеке тұлғалық құндылықтары бұлыңғыр болуының салдарынан шектеулі.
3
Айқын емес жеке мақсаттар мақсатын белгілей алмайтын немесе қол жетпейтін немесе жағымсыз мақсаттарға ұмтылатын менеджерлерге тән. Олар балама нұсқаларды жеткілікті бағаламайды, сондықтан маңызды мүмкіндіктерді жіберіп алады, ал аса маңызды емес мәселелерге барлық уақыты мен күш-жігерін жұмсайды. Мұндай менеджерлер жеке мақсаттарының айқын болмауымен шектеледі.
4
Өзіндік дамудың тоқырауы өзінің әлсіз жақтарын жеңе алмайтын және өзіндік өсу бағытында жұмыс істей алмайтын менеджерлерде кездеседі. Олар жеткілікті дәрежеде ширақ емес, күрделі жағдайлардан аулақ болуға бейім, жасырын қабілеттердің сол қалпы дамымай қалуына мүмкіндік береді, табиғи икемділігін жоғалтады және олар жеке қауіпсіздік мүдделері үшін өз іс-әрекетінен тәуекелді шеттеткен сайын, олардың іскерлік өмірі жалықтыратын кертартпа сипатқа ие болады. Мұндай менеджерлер өзіндік дамудың тоқырауымен шектеледі.
5
Проблемаларды шешудағдысының жеткіліксіздігі проблемаларды шешу барысында жүйелі және ұтымды жұмыс істей алмайтын және сапалы нәтижелерге қол жеткізе алмайтын, проблемаларды шешу, мақсатты белгілеу, ақпаратты өңдеу, жоспарлау және бақылау жөнінде жиналыстарды тиімді өткізе алмайтын менеджерлерде кездеседі. Бұл менеджерлер проблемаларды шешу дағдыларының жетіспеуімен шектеледі.