Менеджердің әлсіз басқару дағдылары жұмыс нәтижелері арқылы және қарамағындағылардың топтағы қарым-қатынастары арқылы байқалады. Әдетте мұндай топтардың ішінде рөлдер нашар белгіленген, жұмыстың ұйымдастырылуы тиімсіз, ал өзара қарым-қатынастары жақсартуды қажет етеді. Мұнда көшбасшының үлесін топтың аз ғана бөлігі мойындайды және топтың моральдық жағдайы тез нашарлайды. Қол астындағылардан практикалық нәтижелерді талап ете алмайтын менеджерлер басшылық ету қабілетінің жетіспеуімен шектеледі.
11
Басқаларға үйрете білмеу қарамағындағы адамдардың өзіндік дамуына көмектесуге қабілетсіз менеджерлерде анықталады. Оларды үйретуге қойылатын талаптар нақты айқындалмаған және өзін-өзі дамытуға уақыт жетіспейді. Адамдар көбінесе басшылармен кері байланыссыз жұмыс істейді, ал оның бағалауы мен ұсыныстары формалды болады. Өзгелерді жетілдіруге көмектесуге қабілетсіз немесе қалауы жоқ менеджерлер үйретуге қабілетсіздігімен шектеледі.
12
Ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі басшыға ол топты білікті және нәтижелі ұжымға айналдыра алмаған кезде тән болады, оның жұмысы әдетте қиындықтары көп болады немесе қайтарым бермейді. Қолайлы ахуал немесе тиімді жұмыс тетіктерін қалыптастыра алмайтын менеджерлер ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігімен шектеледі.
3.1.8-тапсырма.Өзіңіздің жеке профиліңізді толтырыңыз және соның нәтижесі бойынша Сіздің жеке қасиеттеріңіз білім беру ұйымының заманауи басшысына қойылатын талаптарға қаншалықты сәйкес келетінін бағалаңыз.
Жеке профиль