Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Барлығы 6 6 78 4.2 Пән тақырыптарының мазмұны



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата28.02.2023
өлшемі104,52 Kb.
#70436
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Барлығы
6
6
78
4.2 Пән тақырыптарының мазмұны 
1-тақырып. Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы.
Менеджменттің қалыптасып дамуының тарихы. Менеджмент жайлы
ғалымдардың еңбектеріне шолу. Психологиялық-педагогикалық менеджмент
жайлы түсінік. Менеджерлік қызметтің мәні мен мазмұны.
2-тақырып. Мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері.
Мектеп менеджері іс-әрекетінің жүйелік-функционалдық моделі.
Құзырлылық түрлері: ықпалдастық, эмоционалдық, перцептивтік,
тұжырымдамалық, жүріс-тұрыстық. Мектеп менеджерінің тәжірибелік іс-
әрекетіндегі құзырлылық түрлерінің дербес және біркелкі емес көрінісі.
Н.В.Кузьмина ( гностикалық, жобалық, құрылымдық, ұйымдастырушылық,
коммуникативтік) , Ю.А.Конаржевский (педагогикалық талдау, жоспарлау,
мектепішілік бақылау, ұйымдастыру, реттеу), В.А.Якунин (идеяларды құрау,
болжау хабарламасын жинау, шешім қабылдау, орындалуын тексеру,
коммуникация, нәтижені бақылау және бағалау, түзету) бойынша мектеп
менеджерінің атқаратын қызметтері. Менеджерліктің тиімділігін анықтауды әр
тұрғыдан қарау.
3-тақырып. Менеджменттің негізінде мектепті басқару принциптері.
Менеджмент адамдардың ынтымақтастығы ретінде. Менеджмент ортақ
мақсатқа жетудегі адамдардың күш-жігерін дұрыс бағыттау. Менеджмент
адамдармен қарым-қатынастың тәсілі. Менеджменттегі оқушы мен мұғалімнің
қарым-қатынасы. 
Менеджменттегі ақпараттың берілуі. Менеджменттегі әлеуметтік
әділеттілік. Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі. Түлғалық ынталандыру
принципі. Кәсіптік деңгейді дамыту принципі. Келісім негізінде ұжымдық
шешім қабылдау принципі. Мұғалімдердің мектепті басқаруға қатынасу
принципі және мақсатты үйлесімділік принципі.
4-тақырып. Педагогикалық тәжірибеде мектепішілік басқарудың
жағдайын диагностикалау.


Мектепті басқару диагностикасының негізгі ерекшеліктері. Басқаруды
талдау. Басқару мазмұнының тұтасынан алғанда мектеп жұмысына сәйкестігі.
Басқарудын гумандылығы. Басқарудың демократиялылығы. Ұжымды үздіксіз
қолдап отыру. Диагностикалық әдістер : оқушылар мен педагогтарды тестілеу,
педагогикалық бақылау, интервью алу, әңгіме өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет