Жүнісов С. Ж88 Пьесалар


(Үш прологты, 7 көріністі драмалық оқиға)



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата24.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

(Үш прологты, 7 көріністі драмалық оқиға)
 Кейіпкерлері:
ТАЛАП БАҚЫТЖАНОВИЧ – жас мұғалім 
ГҮЛСІМ МАХМҰТОВА – мектеп директоры 
РУСЛАН – оның ұлы, 10-сынып оқушысы 
КӘРІБАЙ АСҚАРОВИЧ – сынып жетекшісі 
ТӘНЗИЛА – оның қызы, 10-сынып оқушысы 
ҚАСЫМ – аудандық атқару комитетінің председателі 
БАЛШЕКЕР – оның әйелі 
ҚАНАТ – оның ұлы, 10-сынып оқушысы 
ИВАН СЕРГЕЕВИЧ – милиция қызметкері 
ЛИДА – оның қызы, 10-сынып оқушысы 
БАЛТАШ – қойма меңгерушісі
ҚАРАС (ҰЗЫНТҰРА) – оның ұлы, 10-сынып оқушысы
ВАСИЛИЙ ОТТОВИЧ САЛФЕЛЬД – механизатор
АНДРЕЙ – оның ұлы, 10-сынып оқушысы
БАТТАЛ – қарт шопан
КҮЛӘШ – оның қызы, 10-сынып оқушысы
АПЛАШ – аудандық прокурор
ДОСҚАН – оның ұлы
ҒАЗИЗА
10-сынып оқушылары.

56
 БІРІНШІ  ПРОЛОГ
Тас қараңғы түн. Ішін тарта ұлып, уілдеп, ысқырып 
соқ қан алай-түлей боран. Жылт-жылт еткен көп жа-
рық: белшесінен қар кешіп, жанталасып, төбе, қырат-
тарды шар лап, толарсақтан із кескен адамдардың қо-
лындағы панарлар. Тырылдаған трактор үні, біреулердің 
шақылдатып ұрған темір үнімен қабаттаса айғайла-
ған дауыстар бір сәт бә сеңсігенде, панарын көтерген әр 
адамның жүзіне шам жарығы көмескі түседі де, оның ішкі 
монологтары естіледі.
Д а у ы с т а р. Қане, осы арадан бөлініңдер екіге.
– 
 Сонау тау жоталарына қарай созылыңдар.
– 
 Біріңнен-бірің көз жазып қалмай, қатар жүріңдер.
– 
 Мына арқаннан ұста.
– 
 Араларың тым қашықтап кетпесін. Ал беттеңдер алға 
қарай.
МОНОЛОГТАР:
Қ а р а с. Осы беткейден ығып кетсе керек. Бәрі бірге 
шыққан. Киімдері аса сенімді емес.
Г ү л с і м. Бүкіл облыс құлақтанды. Бұрын-соңды 
болмаған оқиға. Сұмдық-ай, ауыз бармайды.
К ә р і б а й. Боран соққалы екінші тәулік, екінші түн, 
толастайтын түрі көрінбейді.
И в а н   С е р г е е в и ч .  Қаншама жан іздеуге шықты. 
Қайда кетті бұлар? Мына түтеген боранда табылар ма?
Б а л ш е к е р .   Күнім-ай, қайда адасып кеттің, қайда-
сың? Қай төбенің бауырында, қай жыраның ішінде жа-
тырсың?

57
А п л а ш. Ақыр аяғы осыған әкеліп соқты ма? Кім осы 
«өнерді» бастаған? Кім осы балаларға ой салып, адастырған?
К ә р і б а й. Менде не жазық. Басында-ақ байбаламды 
салып едім. Осы бір жас бала келіп, бәрін бүлдірді.
Т а л а п. Барлық пәле менен басталды демексіздер, 
білемін! Рас, ой салғаным рас! Бірақ адастырды деуге 
ауыздарыңыз қалай барады?
Б а л ш е к е р .   Тұра тұр, құлағым ба шыңылдаған... 
Құ лағыма ән келеді. Бұл неғылған ән? Ызыңдаған боран 
ба? Жоқ, жоқ, ән! Жетімдер әні. Құлындарым-ай, осы бір 
суық әнді бәрің қосыла айтқанда, денем түршігіп, тітір-
кеніп кетуші едім. Қайдағы әнді қайдан таптыңдар. Осыған 
көрінген екен ғой. Өзімен кетсін, өзімен...
Музыка: «Жетімек әні».
Бірінші көрініс
Прологтағы ән көрініске ұласады. Сахна жарық тан-
ғанда қолдарында гитара, киім киістері, шаш қойыс та-
ры бүгінгі күнгі сәнмен үйлескен бір топ ер, қыз балалар 
ән салып отыр. Ән шумақтары ағылшын, орыс, қазақ 
тілдерінде айтылады. Сырттан қарт шопан Баттал 
кірген. Таяғына сүйеніп, үнсіз тыңдап тұр.
Прологтағы ән жалғасы:
Я начал жить в трущобах городских
И добрых слов я не слыхал. 
Когда таскали вы детей своих, 
Я есть просил, я замерзал...
За что отбросили меня, за что? 
Где мой очаг, где мой ночлег? 

58
Не признаете вы мое родство, 
А я ваш брат, я человек...
О! Мама если бы найти тебя – 
Была бы не так горька моя судьба!..
1
Б а т т а л. Амансыңдар ма, жауынгерлер?
Б а л а л а р: Амансыз ба?
– 
 Саламатсыз ба?
– 
 Төрлетіңіз, қойшы атай!
– 
 О, Ертегіші атай, төрге шығыңыз.
Б а т т а л. Әндерің қандай жақсы, зарлы еді. Тұла бойым-
ды бақайыма дейін шымырлатып жіберді. Бұл қай әншінің 
шығарғаны?
Қ а н а т. Ата, бұл Америка деген жердегі жетім 
балалардың әні.
Б а т т а л. Ә, болса, болар. Оу, Америка дегенің бай 
ел деуші еді, әлі де жетім-жесірлері бар екен-ау! Тағы бірін 
айтып жіберіңдерші, кішкене көңілдірек бірін, желпіндіріп, 
былай, желпіндіріңкіреп...
Д о с қ а н. Айтайық, Бәке, егер сіз билесеңіз?
Б а т т а л. Билесе несі бар. Қане, қане!
Балалар «Той жырын» қосыла салады. Ән аяғында 
үш-төртеуі тұрып, битлз ырғағымен аласұра билей 
жөнеледі. Желк-желк еткен шаштар, бұралған белдер, 
ырғалған иықтар. Осы шудың үстінде айғайын салып 
Балшекер келеді.
Б а л ш е к е р   (екі шекесін басып). Тоқтатыңдар! 
Жет ті, жетті! Қойыңдар.
Ән, би күрт үзіледі.

59
Тым құрмаса, үлкен адамды сыйласаңдаршы! Миын 
ашы тып жібердіңдер ғой!
Б а т т а л. Оу, айта берсін, Балшекер. Мың қаралы қой 
қатарымен маңырағанда ашымайтын ми... – бұл ән емес 
пе... қалай-қалай айтады, маладес, балалар!
Б а л ш е к е р  (Қанатқа). Ертеден қара кешке 
сел теңдеп, сарнай бергенше, сабақтарыңа дайындалмай-
сың дар ма? Титімдей бір сана болсайшы, биыл мектеп 
бітіретін дерің бар ма ойларыңда?
Қ а н а т. Мама, сабаққа дайындалғанбыз, енді бір мезгіл 
басымызды тынықтырайық та...
Б а л ш е к е р .   Қазір әкең келеді әбетке, астарыңды 
ішің дер де мектептеріңе тайыңдар. Андағы сорайған темір-
леріңді ана жаққа апарыңдар.
Қ а н а т. Құп болады!
Балалар, қыздар гитараларын алып ауыз жаққа кетеді.
Б а л ш е к е р  (үстел жасап жүріп). Қалай деуші 
еді... «ас ішіп, аяқ босататындар» деуші ме еді? Бастарыңда 
шай нам ақылдары болса, бұйырмасын!
Б а т т а л. Өздері тіпті жеті жұрттың тілін біле ме, неме-
не. Өнерлі ғой, өнерлі ғой бүгінгі заманның жастары.
Б а л ш е к е р .  Өнерлері бар болсын. Құр сайраған тіл, 
алған білім не керек орнына жұмсай алмаған соң. Есіл-дерті 
сән, әлем-жәлем киім! Құр сорайған бой демесең, ой жоқ. 
Баяғыда біз қаршадайымыздан...
Б а т т а л .   Е,  ол  кездің жөні бір бөлек. Қазір, немене, 
балалар не ішейін, не киейін демейді.
Б а л ш е к е р .  Сол ғой, сол ғой бұлардың тойтаң дай-
тыны. Әбден ойларына келгендерін істейді. Шаш қойыс-

60
тарын көрдіңіз ғой, бәрі әншейін Менделеев! Қыздар мен 
ұлдар бір-бірімен алмастырып алған сияқты.
Б а т т а л. Барлық не істетпейді. Соғыс жылдары сендер 
ғой, сән қумақ түгілі, колхоз шаруасында салпақтап жүріп, 
жұлықтарыңнан шұлғауларың көрініп тұрмаушы ма еді? Ки-
сін, жесін заманның түзуінде. Немене, қызғанамысың олар-
дан.
Б а л ш е к е р .  Қызғанған емес-ау, кисін, жесін. Бірақ 
өмір бойы осыларды біреу тегін киіндіріп, ішіндіріп тұрса 
жақсы ғой. Өздеріне салсаң... ай, түк шықпайды-ау, 
 
 
 
 
түк...
Сырттан Қасым кіреді.
Қ а с ы м   (Батталға көз қиығын ғана тастап). Әлі 
кетпегенсің бе, Батеке, орталықтан шықпайтын болыпсың 
ғой кейінгі кезде. Сен мұнда, малды кім бағып жүр?
Б а т т а л. Қойларды далаға шашып кеттім. Өздері бірін-
бірі бағып жүреді. Бүгін бір, ай-й, терлеп-тепшіп моншаға 
рақаттанып түстім-ау!.. Ертең шашымды алдырамын, арғы 
күні мұртымды бастырамын... Содан соң үш-төрт күн 
докторға қаранамын... Айтқандай аптекте де біраз шаруам 
бар екен-ау...
Қ а с ы м  (үстел қасында газет оқып отыр). Балше-
кер, асыңды тездетші, жиналыс бар. Тездет...
Б а т т а л. Кеше собеске бардым, бүгін тағы барамын. 
Шаруашылық басқармасында да жұмысым бар еді... Айт-
қандай, быткомбинатта екі-үш күн аялдайтын шы ғармын. 
Барлық жерде өшірет. Шүмегі түскен пұшық самауырды 
бергелі не заман... Әлгі завсклад Балташқа да баруым керек 

61
еді. Шай жоқ. Ол да мұрнын көтеріп... Бәріне қой керек. 
Былтыр Алматыға сессияға барғанда бір қап шай әкеліп 
едім, ол да бітіп қалды...
Қ а с ы м (жақтырмай). Балшекер, болсаңшы енді.
Б а т т а л. Әй, председатель, мен сенімен сөйлесіп отыр-
мын. Қашанғы бетіңді газетпен бүркей бересің.
Қ а с ы м (газетін алмай). Құлағым сенде, Батеке. Та-
лай естіп жүрген сөз ғой.
Б а т т а л.  Әлі де естисің. (Орнынан  тұрып  Қа сым ның 
газетін жұлып алады.)
Қ а с ы м. Өй, Батеке, бала боп кеттіңіз бе, мұның не?
Б а т т а л. Бала емеспін. Шалмын, баяғы бригадирің-
мін. Алдыма талай томпаңдатып, жұмысқа салушы едім, 
ұмыттың ба?
Қ а с ы м. Ол... ол балалық шақ... соғыс кезі.
Б а т т а л. Енді председателмін деп отырған шығарсың.
Қ а с ы м. Болсақ... Жазықтымыз ба?
Б а т т а л. Сен исполком председателі болсаң, мен депу-
татпын. Жоғарғы Кеңестің депутатымын.
Қ а с ы м. Онда кеңсе бар емес пе сөйлесетін.
Б а т т а л. Кеңсеге жұрттың шаруасымен барамын, ал 
қазір өз шаруам, өз қарақан басымның шаруасы, понял!
Қ а с ы м. Өз шаруаңды да талай естідік қой, Бәке. Бәрі 
де уақытымен. Жағдай жылма-жыл түзеліп келеді. Болады, 
бәрі де
 
болады. Шайға кел... Үстелге жақын отыр.
Б а т т а л. Отырмаймын!.. Бұл жолғы келуім – пенсияға 
шығамын.
Қ а с ы м. Пен-сия-ға-а! Алпысқа келіп қалдыңыз ба, 
шал?
Б а т т а л. Келмегенде, сайтан дедің бе? Қуатит, алпысқа 

62
дейін істедім... Собес қағаздарымды түгел реттеген, соған 
тездетіп қол қой, исполкомның решениесі керек дейді...
Бұл кезде Балшекер үстелге ас қойған.
Б а л ш е к е р .   Қанат, Досқан, Андрей, Руслан, асқа 
ке ліңдер. Самауырды ала келші біреуің. Қыздар неғып кетіп 
қалды?..
Біреуі самауыр көтеріп келіп, балалар үстелге жай-
ғасады.
Қ а н а т. Ата, ата, шопан ата, бір қызық әңгіме айтып 
беріңізші.
Б а л ш е к е р .  Қайдағы әңгіме, тамақтарыңды ішің дер 
де, мектептеріңе кетіңдер.
Б а т т а л. Қайбір әңгіме айтатын күй бар дейсің, қарағым.
Қ а н а т. Ата, айтыңызшы!
Д о с қ а н. Ататай, айтыңызшы!
Б а т т а л (кесеге құйған шайын алдына қойып). Биыл... 
күзде ғой деймін. Көзге түртсе көргісіз тастай қараңғы түн 
болатын. Бір отар қой жусап жатыр. Кешке дейін шелектеп 
құйған қара жауын түнде басылған. Үстім малмандай су. 
Киімімді түгел шешіп, кептіріп алайын деп, отты маздатып 
қойып, тыр жалаңаш отырғам... Көзім ілініп кетіпті. Сон-
да да үйреншікті әдетпен «ғыр-р-р (қорылдайды) айт, 
ғыр-р, айт!» деп ұйқтап отырғамын. Біреу, мына шыны 
көз жақтағы иығымнан ақырын түртеді... тағы да түртеді.
Д о с қ а н. Әлі түн ғой?
Б а т т а л. Әрине... Содан, ұйқымды қимай ыңыранып 
едім, иығымнан жұлқып-жұлқып қалды. Қолы мұндай тас-
тай болар ма?.. Содан... сау көзімді ашып, бұрылы-ы-п 
қарасам, өзі екен.

63
Б ә р і. Кім?
– Кім?
Б а т т а л. Кім дейсіңдер?
А н д р е й. Зоотехник шығар.
Д о с қ а н. Ветврач шығар.
Б а т т а л. Е-ей, олар түн ұйқысын төрт бөліп отарға ке-
луші ме еді.
Қ а н а т. Таптым, таптым, отар аралап жүрген папам 
шығар?
Б а т т а л. Сенің папаң қой фермаға түнде түгіл, күндіз, 
жылына бір соқса да спасиба!
Қ а с ы м. Мені қоспасаң, әңгімең жараспайды-ау!
Қ а н а т. Ал кім екен? Кім, айтыңызшы?
Д ос қ а н. Иә, кім?
Б а т т а л. Қасқыр.
Б ә р і. Қасқыр!
– 
Қасқыр!
– 
Кәдімгі қасқыр?
Б а т т а л. Иә, кәдімгі дала қасқыры. «Өй, иттің ғана 
баласы, тойс, қасқырдың баласы, зәрімді алып...» – деп ата 
тұрып ем, «Тс-с-с, дауыстама», – дейді. «Немене, дауыс-
таса жүрегіңнің қабы жарыла ма?» – «Жо-оқ, ана жақта 
иттерің ұйқтап жатыр, оянып кетеді», – дейді... Содан отқа 
алақанын жайып, тойс табанын жайып жайғасып отырды. 
Жыным ұстап: «Әй, немене сен отқа қақтануға келіп пе 
ең?» – десем, «Осы сен пенсияға қашан шығасың?» – дей-
ді. «Немене, мен пенсияға шыққанда, қойды Пушкин баға 
ма?» – «Ана табақтай-табақтай дипломдары бар зоотехник, 
веттехнигің бағар. Әйтпесе, біз бағармыз», – дейді ит неме! 
«Әй, менің қамымды ойламай-ақ қой, дөңгелетіп отырғаның 

64
не, өзіңе не керек?» – деп ем, өзімді кекете жөнелді. «Өзің 
алжиын дегенбісің, қартайған сайын сараң боп барасың, сені 
бала кезімнен, тойс, бөлтірік кезімнен білемін, көз көрген 
адам еді деп осы күнге дейін қой бермейсің, сараңсың-ау, 
сараңсың! Ана жылы, «тұра тұр, жетпей жатыр, биыл жүз 
қойдан жүз жиырма қозы аламын», – деп, одан соң «140 ала-
мын» деп, тағы да «150» деп тарыла бересің, тарыла бересің. 
Соларды өлгенде бірге ала кететін шығарсың. Енді қой басын 
елу миллионға жеткізем деп тыраштанып жатырсың. Сен 
миллионға қашан жеткізеді деп, біз ет жемеуіміз керек пе? 
Жеткізерсің жаман қатты, аяғыңды зорға алып жүріп, сенің 
миллион неңді алған!» – деп, қарқылдап тұрып күлмесі бар 
ма? А-ай, зығырым қайнап, қасымда жатқан таяғымды ала 
салып «Өй атаңа нәлет!» – деп тұра ұмтылдым.
Д о с қ а н. Қақ бастан пермейсіз бе?
Б а т т а л. Ой, ол ит жеткізуші ме еді, ілбиіп алып сөлеңдей 
жөнелді. Артына қарап: «Қап, бәлем, қозыларыңды 
қынадай қырмасам бар ғой», – деп кетті және.
А н д р е й. Ол айтқанын істеді ме?
Б а т т а л. Оған жіберем бе... Киімдерімді тік көтере алып 
кетті, жалаңбұт қалсам да қойды берермін бе?
Қ а н а т (күліп). Немене, мүлдем жалаңаш қалдыңыз 
ба?
Д о с қ а н. Ұят болған екен.
Б а т т а л. Е-е, шырағым-ай, ұят болғанда, далада жүрген 
жалаңбұт қойшыны кім көрер дейсің!..
Б а л ш е к е р  (сағатына қарап). Ал барыңдар енді 
мек тептеріңе. Өтірік әңгімеге сон-он-дай жандарың құмар-ау!
Балалар орнынан тұрады.

65
Қ а н а т. Ал болдық... Мама, сен бүгін жүремісің 
Алматыға?
Қ а с ы м. Қайдағы Алматы тағы да?
Б а л ш е к е р .  Иә, күнім!
Қ а н а т. Мама, мына Андрейге бір джинси, екі туфли на 
платформе, бір гитара – электрический... сосын... сосын... 
бір тень... қабақтың үстіне жағатын...
Б а л ш е к е р .  Оны қай қабағыңа жағасың?
Қ а н а т. Жағатын қабақтар табылады.
Б а л ш е к е р .  Осы күнгі қыздарда ес болсайшы, күйеуі-
нен таяқ жеген әйелдей, көздерінің астын көкпеңбек қылып...
Қ а н а т. Егер осы жолы әкелмесең бар ғой...
Б а л ш е к е р .  Иә, әкелмесем...
Қ а н а т. Онда институтқа түспеймін.
Б а л ш е к е р .  Мен үшін оқитын шығарсың...
Қ а н а т. Сен үшін, мама, сен үшін! (Кетіп бара жа-
тып.) Мама, ұмытпа!
Балалар кетеді.
Б а л ш е к е р .  Қарашы айтып бара жатқанын. Әбден 
кекірелеген осы күнгі балалар.
Б а т т а   л.  Балшекер, жол болсын, Алматыға жүремісің?
Б а л ш е к е р .  Иә, биыл Алматыға үш рет, Мәскеуіңізге 
екі рет бармадым ба?! (Қасымға.) Әлгі юридическийге 
биыл да конкурс қатты болады дейді. Медицинскийге ер 
балаларды көбірек алатын көрінеді. Бірақ біреудің ауруын 
қарау... Педагогическийді онша ұнатпаймын.
Б а т т а л .  Ұнатпаймын?
Б а л ш е к е р .  Қыздардың жұмысы ғой. Және бүгін-
гі мұғалімде баяғыдай бедел қалды ма?

66
Қ а с ы м. Балшекер, қойсаңшы енді, бардың ғой талай 
рет. Оқуға өзің түсетіндей... Қанат медальмен бітірсе, өзі де 
түспей ме?
Б а л ш е к е р .   Қайдағы түскен! Ол соны ойлап жүр 
деймісің.
Қ а с ы м. Ендеше, қашан ата сақалы аузына біткенше 
мойныңа мінгізіп жүр...
Б а л ш е к е р  (Батталға). Айтып отырған сөзін қара! 
Қаланың балалары қашан сақалы беліне түскенше ата-
анасының мойнынан түспейді. Астанадағы мықтылардың 
балалары мектепті бітірер-бітірместе институтын алдынан 
даярлап қояды. Институттан шығар-шықпастан, аспиран-
турасын, үйленер-үйленбестен пәтерін... Тіпті келіндеріне 
дейін дайындап қояды...
Қ а с ы м. Иә, бәрі солай деген. Бірен-саран болса бола-
тын шығар, сол үшін жұрттың бәрін...
Б а л ш е к е р .   Қалаға көп қатынап жүрген мен білем 
бе, сен білемісің?
Қ а с ы м. Біздің бала өз күнін өзі көреді...
Б а л ш е к е р .   Ал  сенің шыққан шығының не соған? 
Бала үшін бір жыл қызметтен шықсам, мен шықтым. Биыл 
Қанатымды оқуға түсірмедім бар ғой. Осы үйде тұрмаймын, 
кетемін қаңғырып...
Қасым орнынан тұрып, есікке беттейді.
Қ а с ы м (күліп). Сонда бала оқуға түспеді деп мен 
әйелсіз қалмақпын ба?
Б а л ш е к е р .   Мейлің. Өзіңе лайық біреуді тауып 
аларсың.
Б а т т а л. Қасым, бір минут мойын бұра кетші. Әлгіні 

67
тезірек шешіңдер. Сонсоң, менің құрдасыма айта баршы, 
сенің орынбасарыңды айтамын. Соның жеті көзі бар екен...
Б а л ш е к е р .  Сақтай гөр, жеті көзі несі?
Б а т т а л. Ол да мендей соғыста бір көзін беріп келген 
мүгедек (Қасымға.) Соның жеті запас шыны көзі бар екен. 
Біреуін қарызға бере тұрсыншы. Жыл он екі ай болды ап-
текке заказ бергеніме. Проклятый Гитлерге берген көзді ап-
тектен сұрап, қашанғы қылқылдай берерсің.
Б а л ш е к е р.  Әй, Қасым, барысыңмен машинаңды 
жібер, вокзалға шығарып салсын. Алматыға звондай сал, 
мен келе жатыр деп.
 Екінші  көрініс
Спорт залы. Қаз-қатар тізіліп жаттығу киімін ки-
ген қыздар, ер балалар отыр. Екі кілем (мат) үстінде 
қатарымен күрестен жаттығу жүріп жатыр. Жаттығу 
жүргізуші Талап Бақытжанович...
Мизансценада директор Гүлсім өтіп бара жатады, 
соңынан Кәрібай қуып жетеді.
К ә р і б а й. Гүлсім Махмұтовна!.. Айтпады демеңіз, 
алдыңыздан өттім. Ендігі жерде дирекция тарапынан реніш 
жоқ шығар.
Г ү л с і м. Кәрібай Асқарович, сіз осыншама неге байба-
лам саласыз? Бір айттыңыз, жетеді. Тексереміз. Кабинетке 
шақырып сөйлесермін.
К ә р і б а й. Жоқ, мұны кейінге қалдыруға болмайды. 
Бұл бала әдейі жасап жүр. Ізін суыта алмаймын...
Г ү л с і м. Кәрібай Асқарович, ойланып айтсаңызшы!
К ә р і б а й. Бұл арада ойланатын түк те жоқ. Істің 
логикасы солай.

68
Г ү л с і м. Мұның түбі – жала, ал төркіні – ескі көзқарас, 
қажетсіз күдік екенін білемісіз?
К ә р і б а й. Егер тоқсан аяғы тақап қалғанда менің 
жетекшілігімдегі бұрын үздік кластың оқушылары түгелдей 
төмен баға алса, оны жасап отырған Бақытжанов болса, 
мұның түбінде не жатпақ?
Г ү л с і м. Әрине, оқушылардың бұлайша күрт құлауы 
таң қаларлық. Әйтсе де байыптылық керек.
К ә р і б а й. Жоқ, сіз байыпты болсаңыз болыңыз. Он 
жылдай көз алдымда өскен балалардың тағдырына нем-
құрайды қарай алмаймын.
Г ү л с і м. Кәрібай Асқарович, асығыстықтың орны жоқ, 
ұғынысайық. Мүмкін, оның да дәлелі бар шығар.
К ә р і б а й. Онда мен кеттім. Өздеріңіз ұғынысарсыздар.
Г ү л с і м. Жоқ , кетпейсіз. Сынып жетекшісісіз. Және де 
бұрынғы әдебиет пәнінің оқытушысы да сіз.
К ә р і б а й. Иә!.. Бар түйін осында жатыр... Гүлсім 
Махмұтовна, сіз көремісіз, осы бала әдебиетші ме, палуан 
ба, шахматшы ма. Өзі бар үйірмені қолына алыпты. Тіпті 
қыз балаларға дейін күрес үйретеді, самбо, дзюдо дей ме? 
Не деген әмбебап!
Г ү л с і м .   Оқушыларды бәріне де үйреткен жөн. 
Мұнысы өте Құптарлық нәрсе! Біздің мектеп – осындай 
мұғалімдерге зәру емес пе еді?
К ә р і б а й. Мұның астарында басқа мән бар. Бұрын еш 
нәрсеге таласпайтын ұжым ішінде ірікті салу болмасын түбі.
Г ү л с і м. Сіз де жоқ нәрсеге түйткелденеді екенсіз.
К ә р і б а й. Сіздіңше, балаларға жаны ашып жүр дей-
місіз? Ақшақұмарлау ма деймін жап-жас басынан. Үйір-
мелерге бөлінетін ақшаның бәрін өзі алмақ. Ал сіз... 

69
Г ү л с і м. Бұрын, талай жыл бойы ештеме өткізбей-ақ 
сіз де алып едіңіз ғой!.. (Бұрылып) Талап Бақытжанович, 
уақытыңызды бөлсеңіз... 
Т а л а п (оқушыларға). Енді сабақ басталар алдында 
жуынып, демалыңдар. Маттарды жинап қойыңдар. (Ди-
ректорға келеді.)
Ғапу етіңіздер, жуынып-шайынып келсем...
Г ү л с і м. Талап Бақытжанович, ештеме етпейді, сізбен 
біраз ғана әңгімеміз бар еді. Кәрібай Асаровичтің оныншы 
сыныптың жетекшісі екенін білесіз ғой.
Т а л а п.  Білемін... Бұрын әдебиет пәнінен оқытушы 
бол ғанын да білемін.
К ә р і б а й. Міне, өзің де жақсы біледі екенсің. Бәрі де 
енді түсінікті. Оныншы сынып оқушыларына шығармадан 
түгелдей төмен баға қойғаныңыз әдейі жасалған...
Г ү л с і м. Кәрібай Асарович!
Т а л а п. Кәрібай Асарович, әдейі жасалған деген сөзіңіз 
артықтау болар. Және сіз маған осы неге шүкшии бересіз?..
К ә р і б а й. Егер артықтау болса, ғапу етіңіз, балақай, ал 
мен шығарма жаздырғанда бәрі де төрт пен бес алатын еді...
Т а л а п. Өкінішті...
К ә р і б а й. Өкі-ніш-ті. Балақай, қалай ірі сөйлейсің, сен 
бітірген жоғарғы оқу орнын біз де бітіргенбіз. Айыр ма шы-
лығы менің 25 жыл стажым бар да, сенің... (Кекесін күлкі.)
Т а л а п. Сіздің тым ерте бітіргеніңіз көрініп тұр.
К ә р і б а й. Сонда немене, мен бітірген кездегі ұстаздар 
теріс білім берген бе?..
Т а л а п. Жоқ, ол ұстаздарыңыз кінәлі емес, тегі, өзіңізде 
кінә болуы ықтимал...
К ә р і б а й. Ме-е-ен-де?

70
Т а л а п. Жиырма бес жыл бұрын алған біліміңіз бүгінгі 
өмірмен сабақтаспай жатыр.
К ә р і б а й. Сен немене, сонау астанадан осы мектепке 
аттестация жүргізуге келіп пе едің?
Т а л а п. Сізге аттестация жүргізетін инспектор емес-
пін, ал кейбір олқылықтардың орнын толтыру азаматтық та, 
педагогтік те міндетім.
К ә р і б а й. Орнын? Екілікпен толтыру?.. 
Т а л а п. Мен оны жаным ашығандықтан істедім.
К ә р і б а й. Маған жаның ашымай-ақ қойсын!
Т а л а п. Жоқ, сізге емес, оқушыларға жаным ашыды. 
К ә р і б а й .   Мен бәрінің де дәптерін алын қарадым. 
Грамматикалық та, орфографиялық та, тіпті стилистикалық 
қателері де аз. Ал сен. 
Г ү л с і м. Сіз деңізші, ала-құла сөйлемей.
К ә р і б а й .  Жарайды, сіз, жаңа бітірген білімді жігіт, 
шығармаға Маяковскийдің «Кім болам?» атты өлеңін та-
қырып етіп алыпсыз. Жаңалығыңыз осы ма? Оны балалар 
жетінші сыныпта-ақ жазып тастаған. Оныншы сынып 
оқушылары үшін тіпті күлкілі. 
Т а л а п. Маяковскийдің «Кім боламы» еш уақытта 
ескірмейді. Мәселе бүгінгі таңдағы өзгерген өмірдің талап-
тарына сай жаңаша ұғуда. 
К ә р і б а й. Онда оқушылардың шығармасының мазмұ-
ны ұнамаған ғой.
Т а л а п. Дұрыс айтасыз.
К ә р і б а й (кекесін). Сонда қалай, Зоя Космодемьян-
ская дай, Матросовтай, Мәншүк Мәметовадай, Нүркен Әб-
ді ров тей  жерін  сүйем  деген патриоттық, отаншылдық идея-
лары ұнамады ма?

71
Т а л а п. Тура сіздің сөзіңіздей жаттанды сөздер. Ал-
дындағы мақсаттарын түсінбейтін әсіре қызыл сөздер. 
Хрес томатиялық дайын ұғым.  Балаларды терең сезімге 
бау лымай, шаблонға дағдыландыруды қашан қоямыз.
К ә р і б а й. Жоқ. Сізбен педсоветте, ұжым алдында 
сөйлеспесек, қазір мезгілсіз қияли болып кету қиын емес.
Т а л а п. Менімше, бұл тақырыпты арнайы диспут етіп, 
оқушылармен әңгіме түрінде өткізгеніміз пайдалы шығар. 
Биыл оқу бітірген оқушылардың болашақта кім бо латын-
дарын, мақсаттарын біліп, ой салғанымыз дұрыс шығар!
Г ү л с і м. Иә, бұл сөзде де жан бар.
К ә р і б а й. Бәрі екі алған соң диспуттың қажеті қанша?
Т а л а п. Сіз қорықпаңыз, бағаларды журналға түсірмеймін.
К ә р і б а й. Сонда бұл методиканың қай түріне жатады?
Т а л а п. Методика қатып қалған тас емес.
К ә р і б а й. Сіздің методикаңыз, сонда, қалай илесеңіз 
солай көне беретін саз балшық па?
Т а л а п. Әр жағдайға қарай әсер ету, құлық қойғызу 
деген болады.
К ә р і б а й. 25 жыл мұғалім болып, мұндай бейбастықты 
көргенім жоқ. Не деген сұмдық! (Ашумен кетеді.)
Г ү л с і м. Талап Бақытжанонич, сіз бұл мәселені тым 
ушық 
тырмаңыз. Жас мұғалімсіз. Ұжым алдында ұятқа 
қалмаңыз.
Т а л а п. Мен өз пәніме, өз педагогтік жолыма өзім жауап 
бере аламын. (Кете барады.)
Г ү л с і м. Сіз қазір менің кабинетіме келіңізші.
Т а л а п. Сабақ басталуға аз-ақ уақыт қалды. Үлгермеймін 
ғой.
Г ү л с і м. Сонда да. Сәл кешігіп барарсыз, ештеме етпес.

72

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет