Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»


Стерильдікті бақылау үшін материал сынамаларын алу қағидасы



бет20/23
Дата21.01.2023
өлшемі72,32 Kb.
#62226
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
инфекциялық бақылау лекция

3. Стерильдікті бақылау үшін материал сынамаларын алу қағидасы
Тікелей операция алдында асептиканың қатаң қағидаларын сақтай отырып, стерильдікке сынамалар алу құрғақ ыдыста жүргізіледі.
Стерильдікті бақылау объектілері:
- операциялық араласулар үшін дайындалған тігіс материалы;
- медициналық құрал-саймандар, операция орны, хирургтың өңдеу жүргізгеннен кейінгі қолы;
- таңу материалы, іш киім, қолды құрғатуға арналған майлықтар.
Стерильдікті бақылау үшін мынадай қоректік орталар пайдаланылады: тиогликоль сорпасы, Сабуро сорпасы. Көрсетілген екі ортаға бір мезгілде себу міндетті.
Өнімді немесе оның бөлігін тікелей қоректік ортаға себу кезінде ыдыстағы ортаның мөлшері сынаманы толық батыру үшін жеткілікті болуы тиіс. Тиогликоль сорпасына себуді 370С температурада термостатта, Сабуро ортасына 20-220С температурада ұстайды. Себінді 8 тәулік бойы термостатта инкубацияланады.
Материалды стерильдікке зерттеуді (тігіс материалы, құрал - сайман, таңу материалы) БАТРАК 4100 экспресс-анализаторында жүргізуге болады. Өсіру мерзімі мен нәтижелерін есепке алу аппаратқа қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.


4. Операция орнының терісін және хирургтардың қолын сүрту тиімділігін бактериологиялық бақылау
Операция орнының терісі мен хирургтардың қолынан алынған шайындыларды стерильденген майлықтармен (мөлшері 5 те 5 см) немесе стерильденген физиологиялық ерітіндіге малынған тампонмен жүргізеді.
Алақанды, екі қолдың да тырнағының айналасын және саусақ арасын мұқият сүртеді. Сынама алынғаннан кейін тампонды стерильденген физиологиялық ерітіндісі бар сынауыққа салады, ол 5,0 мл тиогликоль ортасы бар екі сынауыққа 0,5 мл-ден егіледі. Себіндіні 37 0С температурада 48 сағат бойы инкубациялайды.
Нәтижелерді есепке алу: операция орнының терісін және хирургтардың қолын сүрту қоректік ортада микроорганизмдердің өсуі болмаған кезде тиімді.


5. Қоршаған орта заттарының микробтық тұқымдалуын зерттеу
Денсаулық сақтау ұйымдарында қоршаған орта заттарының микробтық тұқымдалуын бактериологиялық зерттеу ерекше тәртіп бойынша таза және бұрын пайдаланылған заттардан алынған ішек, St.aureus және Ps.aeruginosa тұқымдас микроорганизмдерді анықтауды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет