Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»



бет21/23
Дата21.01.2023
өлшемі72,32 Kb.
#62226
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Бақылау объектілері:
- польстер, кереует, жаңа туған нәрестелерді қабылдауға дайындалған науа;
- шырышты соруға арналған аппарат баллоны, вакуум-экстрактор шлангі;
- жаңа туған нәрестені бастапқы және қайталанған өңдеу жиынтығы;
- акушерлердің алжапқышы, өкпені жасанды желдету аппараты, оттегі жеткізгіш саптамасы мен шлангі;
- жаңа туған нәрестені орауға арналған үстел, таразы;
- көз таяқшалары, тамшуырлар;
- құрал-сайман үстелінің беті, дәрі-дәрмектер мен құрал-саймандарды сақтауға арналған медициналық шкаф сөрелері, қызуөлшегіш, тоңазытқыштың ішкі беті;
- хирургтардың, анестезиологтардың, акушер-гинекологтардың, неонатологтардың, акушерлердің, емшара жасайтындардың, балалар мейіргерлерінің қолдары;
- қоспаларды құюға және дайындауға арналған ыдыс, мақта шариктері және дәке сүрткіштер;
- операция жасайтын үстел, анестезиолог үстелі, операция жасалған науқастарды тасымалдауға арналған каталкалар;
- тазалау жүргізуге арналған шүберек.
Үстінен сынама іріктеу шайынды алу әдісімен жүзеге асырылады. Шайындыларды алу 5,0 мл стерильденген 1% пептонды суы бар, сыануыққа тығынмен бекітілген таяқшалардағы стерильденген мақта тампонымен жүргізіледі. Тампонды ылғалдандырады, объектіден шайынды алады және сол сынауыққа салады. Ұсақ заттарды бақылау кезінде олардың барлық бетінен шайынды алынады. Үлкен заттардың бетін бақылау кезінде беткі жақтарын мұқият сүртіп, кемінде 100 шаршы см алаңнан шайынды алады. Жууға және дезинфекциялауға қиын жерлерге назар аудару керек. Бір тампонмен бірнеше біртекті ұсақ заттардан шайынды алады.


6. Дәрілік нысандарды зерттеу
Ішуге арналған ерітінділерді зерттеу бактериялық тұқымдалуды, ішек таяқшалары тобындағы бактериялар титрін, St. aureus анықтау мақсатында жүргізіледі.
Ішек таяқшалары тобындағы бактериялар титрін анықтау үшін сынамаларды Кесслер ортасына мынадай көлемде себеді:10 мл, 1 мл және 1:10 және 1:100 араласудан 1 мл. Себінділерді 370С температурада 18-24 сағат бойы инкубациялайды, содан кейін олар Эндо ортасына себу жүргізеді. Ішек таяқшалары тобындағы бактерияларға тән колониялар өскен жағдайда қалтқымен глюкозаға екінші ашыту сынамасын қоюды жүзеге асырады. Ортаны 37 0С температурада 24 сағат ұстайды. Ішек таяқшасы тобындағы бактериялар анықталған кезде бөлінген өсінділерді сәйкестендіруді жүргізеді.
Жалпы микробтық санын анықтау үшін ерітінділер 1 мл-ден екі Петри табақшасына параллель егіледі, ана сүтін зерттеу кезінде 1:10 араласудан 1 мл-ден екі табақшаға себіледі. Себінді МПА ортасын қолдана отырып, тереңдетіп себу әдісімен жүргізіледі. Себінділерді 300С температурада 48 сағат бойы инкубациялағаннан кейін өсірілген колонияларға есептеу жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет